Т. Ырысбек: «Азия жазушыларының қуғындалмауын талап ету керек»
01.08.2019
1860
1

 2019 жылдың 4-6 қыркүйек  күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Жазушылар одағы ҚР Президенті Әкімшілігінің және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Азия елдері қаламгерлерінің І форумын» өткізеді.

Форумға Азия елдерінен 100-ге жуық, елімізден 50-ден астам танымал қаламгер қатысып, әдебиет әлемінің өткені мен бүгіні және болашағы туралы ой қозғап, жан-жақты пікір алмаспақ. Шетелден келетін мәртебелі меймандар арасында Нобель, Букер сыйлығының иегерлері,  алыс-жақын шетелдерге танымал жазушылар, шығармалары көптеген тілдерге аударылған қаламгерлер бар. Олар бүгінгі әдебиеттің хал-ахуалы мен күрделі мәселелері жөнінде өз ойларын ортаға салады. Бұл форумда қандай мәселелер көтерілгені дұрыс? Форумның мән-маңызы қандай болмақ?

Біз осы орайда қаламгерлерден алда өтетін форумның маңызы мен мәні, бағыт мен бағдары жайлы не ойлайтынын, өздерінің ұсыныс-пікірлерін білмекке бірнеше сауал жолдаған болатынбыз. Осының алдында  Дулат ИсабековСерік Ақсұңқарұлы, Ерлан Жүніс пен Жәнібек Әлиман, Темірхан Медетбек, Несіпбек Дәутайұлы, Ардақ Нұрғазы, Амангелді Кеңшілікұлы қатарлы қаламгерлер«Қазақ әдебиеті» газетінің сұрақтарына берген жауабын жариялаған едік. Енді жас ақын, аудармашы Тілек Ырысбектің пікірін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

«Қазақ әдебиетінің» сұрақтары:
1. «Азия елдері қаламгерлерінің І форумында» қандай тақырыпта, қандай мәселе қозғалғанын қалайсыз?
2. Форумда сөз тисе қандай ұсыныс айтар едіңіз?
3. Азия кеңістігіндегі төл әдебиетіміздің алар орны туралы не ойлайсыз?
4. Қазақ әдебиетінің жетістігі неде, кемшілігі қандай?
5. Әлем және қазақ әдебиетінің қандай ортақ проблемалары бар?

Тілек ЫРЫСБЕК, ақын:

1. «Азия форумына» шын мәнінде әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері келіп қатысатын болса және егер біз расында демократиялы зайырлы елде өмір сүретін  болсақ, онда сөзсіз белгілі бір деңгейде Азия жазушыларының сөз бостандығы әрі олардың шығармашылығына тағылып отырған цензура мен диссидент жөнінде сөз қозағалуы керек.  Олардың халықарлық деңгейде құқықтарының қорғалуы міндетті түрде есепке алынуы тиіс. Бұл қазақстанға алғаш табан тірегелі отырған Орхан Памук мырзаға тікелей қатысты. Бұл жағынан тәжірибесіз емес деп ойлаймын. Бұл саяси қуғынға ұшыраған бірқатар қытай, иран  өзбек және т.б. Азия елдері жазушыларын, атап айтқанда, Гао Цинзянь, Лян Лянь, Ма Цзиян, Аббас Маруфи, Мұхаммад Салих, Хамид Исмайловтарды есепке және еске алғанымыз жөн. Бұл тізімнен Орхан Памукты де кездестіруге болады. Бұл жағынан Орхан Памук мырза үнсіз қалмайды деген үміттемін. Ал аударма мәселесі бұндағы кейінгі өзекіті және кезекті тақырып деп ойлаймын.

2. Форумада маған сөзсіз сөз тимейтінін жақсы білемін. Ал ұсыныстарға келетін болсақ, аталған форумға келген беделді жаузшылардың шығармаларын қазақ тіліне аудару және аса қадірлі Елбасымыздың арқасында  «Мәдени мұра» бағдарламасымен жарық көрген әлем әдебиеті сериясын баспадан қайта басып шығарып, қазақтілді оқырмандарға қолжетімді ету. Сондай-ақ,форумға қатысушы елдер арасында жас жазушыларды алмасып оқыту мәселесін қозғау. Әдебиеттің мемлекет идеологиясының интструментіне айналып кетпеуінен сақтану. 

3. Постсоветтік елдер кеңістігіндегі жазушылардың әлемдік әдебиетте алатын орны, орыс әдебиетін есепке алмағанда, әрқашан елеусіз қалып келе жатыр.  Және алдағы уақытта солай болып қала береді деп ойлаймын. Ал Азияға тоқаталар болсақ, Жапония мен Қытай, Түркия және Индия әдебиеті бөлек әңгіме. Олардың бізді әзірге менсіне қоюуы екіталай.  

4. Қазақ әдебиетінің жетістігі, менің түсінігімде, Ертөстік пен Мағжан және басқалары, ал ең ұлы кемішлігі: ол – менмін. 

 5. Әлем әдебитінің проблемасы, ол – адам.  Бізге өзгеру қажет…

Әзірлеген Думан Терлікбаев,

журналистика факультетінің ІІ курс студенті 

ПІКІРЛЕР1
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір