Азия КИНОФЕСТИВАЛІ: 12 ЕЛ, 57 ФИЛЬМ
02.02.2023
236
0

Қаңтар айының 27-31 күндері аралығында Үндістанның Мумбай қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер кинофестивалі өтті. 

Байқауға Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Беларусь, Қырғызстан, Үн­дістан, Қытай, Әзербайжан, Мьянма, Армения, Шри-Ланка, Ресей елдерінің өкілдері қатысты. Жалпы саны 57 фильм ұсынылған додада Болат Қалымбетовтің «Мұқағали» кинокартинасы да бақ сынады.
Әйгілі үнді режиссері Рахул Равайл басқарған халықаралық қазылар алқасының құрамында қазаққа Құдай берген – Құдайберген Димаш та болды.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйы­мы­­ның кинофестивалі кино өнерін дамытуға, мәдени бағдарламалармен, таланттардың жас ұрпағын тәрбиелеу қағидаттарымен алмасуға, сондай-ақ ұжымдық кинематографиялық тәжірибе жасауға бағытталған. Осындай өнер аламан­дарында отан­дастарымыздың топ жарып, биіктен көрін­гені де, кәсіби білік­тілігі мен туралығын паш етіп, қазылар алқасының құрамында төбе көрсетуі де – өнердегі өреміз бен төл мәдениетіміздің қа­рыштап дамып жатқанының көрінісі болса керек. Ендеше, бұл да біздің бір жеңісіміз.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір