Тазалық — жалпыға ортақ талап
16.04.2024
383
0

8 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен бүкіл республика бойынша «Таза Қазақстан» жобасы басталды.

– Алматы қаласының тұрғындары мен мекеме қызметкерлері де жұмыла тазалық жұмыстарын жүргізіп, өз қызмет орындарының маңайы мен көшелерді қоқыстан арылтты.
«Қаламыздың әкімі Ерболат Досаев «Алматы біздің ортақ үйіміз» науқанын жария етті. Қалада тазалау шаралары 8 сәуірден 8 мамырға дейін 4 кезеңге бөлініп жүргізілетін болды: Біздің қала – біздің көшелер (8 – 14 сәуір); Біздің қала – біздің аула (15 – 21 сәуір); Біздің қала – біздің тау, өзен мен көлдер (22 – 28 сәуір); Біздің қала – біздің мақтаныш (28 – 8 мамыр).
Тазалық табалдырықтан басталады, бұл тек отбасы ошақ қасындағы емес, Отан алдындағы азаматтық міндеттің ажырамас бөлігі екенін бәріміз білеміз.
Тазалық – тәртіптің бастауы, дене саулығының қайнар көзі, тазалықтың адамға көңіл күй сыйлайтыны даусыз. Тазалық – жалпыға ортақ талап екені әркез есімізде болуы шарт. Қаламыздың тазалығы арқылы өзіміздің мәдени дәрежемізді паш етеміз. «Қай істің болсын іске асуына үш шарт керек», — деген екен ұлы ойшылымыз Мұхтар Әуезов. Олар — ең әуелі ниет, күш және тәртіп. Құрметті алматылықтар, осы үш шартты іске асыра отырып, әсем қала — Алматымыздың тазалығына, көркейуіне өз үлесімізді қосайық», — дейді Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері Аягүл Миразова.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір