«Қызыл қырғынның» басы мен аяғы
06.11.2019
1356
0

(Басы өткен санда. Соңы)

2. Көшербай Кешубаев деген тентектеу жігіт: «Осы үкіметінің салыққа тоятын күні бола ма, болмай ма?!» дегені үшін (бірге жүрген қайран қазекемдердің бірі «керек жерге» жеткізген ғой!) «халық жауы» ретінде тұтқындала жаздап, алып кетуге келген екі милиционерден қашып құтылып, тауға сіңіп кетеді. Милиционерлер ақырында оны ұстай алмай, үшінші күні қашқын інісінің орнына үйінен шыға алмайтын жарымжан ағасы Сыдықты алып кетеді, сөйтіп, «халық жауы Кешубаев ұсталды» болады.

3. Бір жиынға кешігіп келген Қайырлы деген жігіт қойынқалтасынан бүктеулі қағазды алып: «Кәне, сүйінші беріңдер! Міне, біздің ауданда «Социалды майдан» деген гәзет шықты!», – дейді. Сонда Рақыш деген жігіт:

«Ау, алақандай «Майдан»,

шыға келдің қайдан?

Бастықтарға жағарсың,

бізге болмас пайдаң!» –

деп жұртты күлкіге қарық қылады. Сөйтіп… «Коммунистік партияның гәзетін жамандаған халық жауы» Рақыш та, Қайырлы да ұсталып кетеді. Әрине, ұстатқыштар болған соң.

Троцский

Мұндай мысал толып жатыр. Сонда «халық жауын әшкерелеудің жоспары» кімдердің есебінен орындалды? Кейінде қызмет бабымен облыстарды аралап жүріп естіп-білген осындай сұмдықтардан түйгенім, мысалы, Қарағанды тұтқындар лагерінің (КарЛАГ) «дәмі тартқан» қазекемдердің 80 пайызы: Құрманбай – Сыдық – Қайырлы – Рақыштар болғаны сөзсіз! Оған кінәлі кімдер?.. «Үштік сотты» шығарған троцкийшілердің айтағымен «шаш ал десе, бас алған» жергілікті желөкпе, тексіз белсенділер!

Облыстық, өлкелік партия басшылығындағылар өздері көзге сүйел бола бастаған кезде Кремльге хат жазып, пәленбай «халық жауына» жаза қолдануға мұрсат (лимит) сұрайтын айла тапқан және бекітіліп келген санды толтыруды, яғни кімдерді «жаулардың» тізіміне енгізуді өздері білген.

«Лимиттерді» БКП(б) Орталық комитетінің Саяси бюросы бекітіп отырған. Алайда мұрағаттардан табылып жатқан құжаттар айғақтағандай, Ішкі істер халық комиссары және Мемлекеттік қауіпсіздік Бас басқармасының бастығы Генрих Григорьевич Ягода (Иегуда Енох Гершевич. Свердловтың немерелес жиені), одан кейін Ішкі істер халық комиссары болған Н.Ежов «лимитті» өздері-ақ «реттеп» жүріпті.

Оқи отырыңыз

 «Қызыл қырғынның» басы мен аяғы

И.Сталиннің еңбектерінен оқығанда­рымның ішінен оның 1937 жылы 5-наурызда БК(б)П Орталық комитетінің пленумындағы сөзінен бір үзінді:

«…Взять, например, товарищей Мирзояна и Войнова. Первый из них является секретарем краевой партийной организации Казахстана… перетащил с собой в Казахстан из Азербайджана и Урала, где он раньше работал, 30-40 человек «своих» людей и расставил их на ответственные посты в Казахстане. Есть, стало быть, своя артель у товарища Мирзояна. Разве нельзя было подобрать работников из местных людей?.. Конечно, можно было… Я его несколько раз предупреждал, не таскай за собой своих приятелей ни из Азербайджана, ни с Урала, а выдвигай людей в Казахстане, не отгораживайся от местных людей в Казахстане, потому что… — что значит таскать с собой целую группу приятелей, дружков из Азербайджана, которые коренным образом не связаны с Казахстаном? Что значит таскать с собой целую группу приятелей с Урала, которые тоже не связаны с Казахстаном? Это значит, что ты получил некоторую независимость от местных организации, и, если хотите, некоторую независимость от ЦК. «У него своя группа, у меня своя группа, они мне преданы…». Это значит недоверие местным кадрам…».

Мирзоянның «құйрығы» 30 — 40-тан көп болған. Облыстардағы партия, Совет атқару комитеттерінің, прокуратура мен сот, милиция, қауіпсіздік органдарының бірінші не екінші басшысы, бөлім бастықтықтары, т.б. орындарға оның ертіп келген сыбайластары отырғызылыпты. «Халық жауларын» жергілікті жандайшап түйсіксіздердің көмегімен тізімдеген – солар!

Свердлов

«Қазаққа жайлы болған Мырза-жан» И.Сталиннің сынын елемей, жергілікті кадр­ларға сұқтануға кіріскен. Мысалы, оның БК(б)П Орталық комитетінің Саяси бюросына және И. Сталинге жазған хаттарына қатысты мына екі дерекке үңілелік (Юрий Жуков, «Иной Сталин»):

1) «Лимиты», запрошенные руководителями региональных парт-организаций и утвержденные ПБ» (Политбюро; Саяси бюро, – Ғ.Қ.):

«…Казахская ССР. Расстрел –2346. Высылка – 4403» (Мирзоянның 1937 жылғы шілденің 11-індегі хатынан).

Жиыны – 6749 «халық жауы». «Лимит» сұраушылар арасында «Мырзажан» алтыншы орында.

Ежов Мирзоянның «лимитін»: атылатын – 2700, жер аударылатын – 4950, яғни жиыны – 7650 кісі етіп бекітіп қайтарған. «Жоспарды артығымен орындау»!

2) «13 июля первый секретарь ЦК КП(б) Казахстана Л. И. Мирзоян направил в Москву на имя Сталина шифротелеграмму следующего содержания:

«Во время съезда Компартии Казахстана кандидатура председателя Казахского ЦИК тов. Кулумбетова после длительного обсуждения на пленуме съезда тайным голосованием была провалена. Основным мотивом отвода и провала был факт перехода в 1919 г. тов. Кулумбетова с оружием в руках на сторону врага. За последние два месяца после съезда ряд арестованных участников контрреволюционной рыскуловской и нурмаковской организации показывают на Кулумбетова как на одного из активных участников этой национал-фашистской организации. Возможно, в ближайшие дни следствие покажет необходимость ареста Кулумбетова. Мы считаем совершенно необходимым освободить Кулумбетова от обязанностей председателя ЦИКа и просим ЦК ВКП(б) утвердить наше предложение об освобождении Кулумбетова от обязанностей председателя ЦИКа. Кандидатуру нового председателя ЦИКа внесем на утверждение Политбюро в ближайшие дни».

Спустя два дня ПБ утвердило предложение Мирзояна. У. Кулумбетов был снят, арестован, расстрелян…».

Алматыдағы Мирзоян: «с оружием в руках; контрреволюционная организация; национал-фашистская организация» деп ышқынып жатса, оған Саяси бюро, Сталин неге сенбесін?!

Қанқұйлы Мирзоянның 110 мыңнан астам «халық жауын» тұтқындатып, оның 25 мыңын аттырып кеткені мәлім.

…Танымал журналшы-жазушы Эдуард Поляновскийдің «В гранитном лагере» деген мақаласынан:

«…Ел қанға боялып жатты. Партия органдары басшыларының қызметін қадағалаушы Г.Маленков жер-жерден мағлұмат алып отырып, 1937 жыл туа Сталинге хат жазып, ішінара тексертуінің нәтижесі сотталғандардың төрттен үші жазықсыз екенін көрсеткенін, жағдайдың асқынғанын мәлімдейді. Сталин: «Бұл мәселені бір хатпен реттеу мүмкін болмас, пленум шақыру керек», – дейді. Пленум ашылып, Маленков баяндама жасайды. Ол «қызыл қырғынды» алғаш рет ашық айыптау болған. Маленков елде «есуастық белең алды» деп, нақты цифрлар мен деректерді жайып салады. Мінберден залдағыларды нұсқай сөйлеп, Әзірбайжан Компартиясы Орталық комитетінің 1-хатшысы Багировке: «Сен тізімдеп аттырып жүрген адамдарыңның кімдер екендерін де білмейсің!» – десе, Куйбышев облыстық партия комитетінің 1-хатшысы Постышевке: «Сен барлық аудандық партия комитеттерінің мүшелерін не түрмеге тоғыттың, не о дүниеге жібердің!» – дейді. Багиров қорғана, ақтала жалпылап сөйлесе, Постышев: «Аттырдым және аттырамын да! Айналамыз жауға толы, мұнда отырған сендер оны білмейсіңдер!» – деп қарсыласады… Ақырында, қуғын-сүргінді айыптау туралы қаулы қабылдау дауысқа салынғанда троцкийшіл 1-хатшылар жеңіп кетеді.

(Г.Маленковтың сол пленумдағы баяндамасымен танысқым келді де, ерекше құжат екені сөзсіз ғой, 2009 жылы Ресейдің Бас мұрағатына хат жазып, көшірмесін сұрадым. «Президент әкімдігінің рұқсатымен ғана бере аламыз» деген жауап келді. Президент Путинге жаздым – жауапсыз қалды).

 Г.Маленковтың ұлы А.Маленков «О моем отце Георгие Маленкове» деген естелігінде былай депті: «…Г.Маленков 1937 жылы тамыз айында Сталинге «Бұрмалаушылықтар туралы» тағы да хат жолдады. Бұл жәйтті әкемнің айтқаны бойынша жаздым, ол жазғанымды пысықтап отырды: «Мен хатымды Сталинге хатшысы Поскребышев арқылы тіркетіп жеткіздім. Ішкі істер халық комиссариатында (НКВД) бұрмалаушылық бар, партияға берілген мыңдаған коммунистің қазасына Ежов пен оның ұжымы кінәлі дедім. 40 минөттен кейін Сталин шақыртты. Бардым. Сталин кабинетінде ары-бері жүр екен, үндемейді. Бір кезде: «Өзіңіз жаздыңыз ба?» – деді. «Иә, өзім жаздым». Біраздан соң: «Өзіңіздің тұжырымыңыз ба?» – деді. «Иә, өзімнің тұжырымым», – дедім. Сталин үстеліне барып, хатыма: «Саяси бюро мүшелеріне. Мен келістім» деп бұрыштама жазды».

Сөйтіп, дейді А. Маленков, Сталин Ежовқа енді сенбеуді ұйғарған. Г. Маленковтың көмекшісі Сухановтың айтуынша, Сталин комиссардың 1-орынбасары болуға кандидат іріктеуді тапсырып, ол үш шартқа: органда істеген тәжірибелі, партиялық жұмыста ысылған және өзі – Сталин сене алатын әділ кадр болу талабына сай таңдалсын деген…

А. Маленковты тағыда тыңдалық: «Ежов 1939 жылы қаңтар айының соңында Поскребышев арқылы Сталиннің қабылдауына сұранған. Сталин оны қабылдаған. Жалғыз емес, жанында Маленков отырған. Ежов Маленковқа шүйіліп: – Халық жауларын жақтайды, ақгвардияшылдығы ұстап жүр! – дейді, Маленковтың ақсүйектер әулетінен екенін меңзеп. Өзіне білдірмей жер-жерден мәлімет алдырғанына ашуы және бар. Ал Маленков қарсы тұрып, Ежовтың өзі де, ұжымы да партияға адал коммунистерді қуғындатқанын, соттатқанын, аттырғанын айтады. Ежов Саяси бюро мәжілісін өткізуді талап етеді. Сталин: «Екеуің Маленковтың кабинетіне барып сөйлесіп, түсінісіп, жөнге келіңдер, мен шешімімді содан соң айтамын», – дейді. Екеуі Маленковтың кабинетіне кетеді. Біраздан соң оларға Ежовтың орынбасары болып жаңадан тағайындалған Берия барып қосылады. Үшеуі кабинеттен шыға бергенде Ежов тұтқындалады. Маленков Ежовтың сейфін ашуды талап еткен. Одан партия Орталық комитетінің көптеген мүшелерінің, Маленков пен Сталиннің де «Жеке іс» папкалары табылған.

Ю.Жуковтың кітабынан және бір үзінді: «…ежовшылдардың күні батты. Саяси бюро жер-жерге жеделхат жолдап, репрессияны тоқтатуды, «Үштік сотты» таратуды талап етті. Жеңген Сталин тобы Ішкі істер халық комиссариатын нысанаға алып, қатаң тергеу жүргіздіріп, қырғын жасауға қатысы болған қызметкерлерін жауапқа тартты. Сөйтіп, «Үлкен қырғын» тоқтатылды».

…Өлі Сталинмен «шайқасқа шығар» алдында Хрущев КСРО Бас прокуроры Р.Руденкоға, Ішкі істер министрі С. Кругловқа, Әділет министрі К.Горшенинге «қызыл қырғынды ұйымдастырған Сталиннің қылмысын» тексеруді тапсырған (08. 12. 1953 ж.). Құрылған комиссия тексеруді Ленин-Троцкий тұсындағы қырғыннан бастап, 1953 жылмен аяқтаған. Мұрағаттық құжаттар негізінде жасалған қорытынды: «Саяси қылмыстық жазаға тартылғандар – 3. 777. 380 адам, оның ішінде халық жауы – 1.344.923. Атылғандар – 642. 980 адам, қалғандары – 10-25 жылға лагерь мен түрмеге кесілген. Жазаланғандардың арасында: түрлі себеппен кісі өлтіргендер, қаскүнемдік, ұрлық-зорлық, алаяқтық жасағандар болған. Ол жылдары жеке Ішкі істер министрлігі (милиция) болмағандықтан қылмыстылар топқа жіктелмеген. 2,9 млн. адамды ОГПУ (Оперативная группа политуправления), «Үштік соты» және Төтенше кеңес, ал 900-ге жуығын Әскери трибунал соттаған».

Бұл мағлұмат алдына барғанда Хрущев: «Мұның ешкімге керегі жоқ!» деп долданып, үстелінің суырмасына тастай салыпты да, партияның ХХ-съезіндегі «құпия» делінген баяндамасында: «Сталиндік қуғын-сүргін жылдары 10 миллион адам құрбан болды!» деп тепсінді. Сол-ақ екен, бастапқы ресми цифрды (3,7 млн) түзетушілер көбейді. Мысалы:

Д.Волкогонов – 5 миллион;

А.Антонов-Овсеенко – 16 миллион;

Ю. Феофанов – 20 миллион;

Р.Медведев – 40 миллион, – десе, бетпақ А.Солженицын (Солженицкер) Франконы қолдау үшін 1976 жылы Испанияға «тарихи» сапар шеккенінде: «сталиндік социализм 110 миллион адамды құртты» деп, 1938 жылы халқы 168 миллион КСРО-ны жағрапиялық картадан өшіріп тастай жаздады. «Ерікті ауызға бөрікті бас» қана емес, бөшкелі арба сиып кетіп жатқан заман!..

«Қызыл қырғынның» Қазақстанда қалай жүргізілгені, қанша адамның құрбан болғаны жөнінде тиянақты ресми тұжырым жоқ. «Бәрін білгіштер» цифрларды қақпақылдап әлек: бірі «0,5 миллион адам» десе, екіншісі «1 миллион» дейді және ешқайсысы Троцкий мен Свердловты атамайды. Бәрі де лақпа Хрущев албастана қаралап кеткен Сталиннің аруағына жармасып жүр. Ал Хрущевтың зәлімдігін білгісі, тарихи шындыққа жүгінгісі келгендер, мәселен, халықаралық деңгейде танымал тарихшы ғалым Гровер Феррдің «Антисталинская подлость» атты нақты деректі кітабын оқыса, өкінбес еді.

 Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір