Соңғы хандардың қазасы, Кенесарының басы
03.08.2024
64
0

Абдолда баласы Әбілқайыр ханның қазасы кісі қолынан болғаны – тарыйхый шындық. Аз ғана топ­пен Орынбордан қайтып келе жатқан жолында Барақ сұлтанның арнайы қолы Қабырға өзенінің бойында оған тап береді. Хан Сырымбет батырдың қолынан қаза табады. Бұл – он сегізінші ғасыр. Қазақ мемлекетінің дербестігі әлі бар кез. Ханға қол көтергендерді халық сайлаған бійлер дереу жауапқа тартып,Төле бій төрелік еткен қазылар Барақ сұлтанның тобын қатаң жазалады. Хан жоқтаусыз қалмады. Әйткенмен елдің іргесі сөгіле бастағаны байқалады.

Елді қайта біріктіретін қаһарман хан болмады.«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» зұлматында Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбайға арқа сүйеген Абылайдың ерлік даңқы мен Төле, Қазыбек, Әйтеке бійлердің ақылына сүйенген кемеңгерлігі көмескі тарта бастады. Оны Абылайдың өзі де сезді. Алысты, аласұрды, бірақ елдің мүдесінен гөрі өз атағын көбірек ойлайтындар көбейе бастады. Бөкенбай батыр, Жәнібек тархан Абылайға бағынған жоқ. Тархан атын Жәнібекке Абылай берген жоқ, Ресей берді. Отарлық жүйе осал жерімізді өте дәл тапты: өз алауыздығымызды өзімізге сый ғып тарт­ты. Абылай хандығы күн санап күшейген жоқ, ай санап әлсірей бастады. Ол тек 1781– жылы ғана ұлы хан сайланды. Отыз бес жылға созылған «Ақтабан шұбырынды» Жоңғар мемлекетінің жойылыуымен айақталғанмен, ол соғыс қазақ елін әбден әлсіреткен еді.Соны пайдаланған Ресей қазақ жеріне мысық табандап бірте-бірте ене бастады. Шен-шекпенге алданып, оған өз ішімізден де ықылас білдіргендер шыға бастады. Қазақты қайтадан бір орталыққа бағындырыу үшін, қазақ пен қазақтың соғысыуы мүмкін еді, Абылай оған бармады, ол тек қазақты қырмай-жоймай аман сақтап қалыуды ғана ойлады. Алайда отарлық жүйе күн санап күшейе берді, оны Абылайдың өлімі тіптен өршіт­ті.
Жасы 69-ға келгенде Абылай Тәшкеннен тоқал алатын болады. Қайын жұртына барған соң, кіші жүз бен орта жүздің батырларынан сайланған жасағын қайтарып жіберіп, Мәшһүр Жүсіп бабамыздың жазыуынша, аз ғана Дұулат­тың жігіт­терін қасында қалдырады. Солармен бірге қайтып келе жатқанында, өзі басшы етіп сайлаған Сайрамның сарты жолын бөгеп, бұдан ары жібермейміз деп, қарыулы қарсылық көрсетеді. Нөкерлерін қырып, ханның өзін өлтіріуге батпайды. Сонда батырларын қайтарып жібергеніне өкінген Абылай бармағын шайнап қапа болғаннан жүрегі жарылып кетеді. Қасында тек қарт жырау Бұқар бабамыз қалған көрінеді. Екеуі сол арада бақұлдасады. Ал біздің тарыйхшылар Бұқар бабамыз ауырып жатқан Абылайдың көңілін сұрай келіп бақұлдасты деп жүр. Шындығында Абылай ауырып емес, сарт­тардың шабылыуынан өлген.
Міржақып Дұулатов та Абылай жардың түбінде жүрегі жарылып өлді дейді. Мәшекең мен Жақаңның пікірі бір жерден шығады.
Абылай осылай өледі, Түркістанға жерленеді. Бірақ оның өліміне себепші болған ешкімнен ханның кегі алынған жоқ, ол жайында ешбір дерек айтылмайды. Демек қазақтың қабырғасына ханының қазасы да қат­ты бата қоймаған, өйткені отарлық жүйе оларды әбден мойындатқан, халықтың рұхы әлсіреген. Оны әлсірткен сыртқы күш – отарлық жүйе, ішкі күш – алауыздық.
Кенесарының көтерілісі – қазақ халқының соңғы тұйақ серпіуі. Халықтық рұхтың қан жылаған арпалысы. Жеңіуі мүмкін емес жанталас. Елдік рұхтың әлсірегені соншама, Кенесарының көтерілісін Абылайдың өзге ұрпақтары да қолдаған жоқ. Кенесарының кезекті ерлікке барыуы «Бұдан да өлгенім жақсы!» – деген жанкештілік еді. Солай болды да.
Кенесарының өлімін Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» дастаны мен Мәшһүр Жүсіп Көпей жазбалары бізге анық-қанық жеткізді, ал кесілген басының қайда қалғанын орыс оқымыстысы Н.А. Аристов анықтап жазып кет­ті.
Нысанбай жыраудың: «Кенесары ер болды», – дей отырып, «Қашқан, босқын жыйылып, Өз алдына қол болды… Қарсы келген адамның, Көзінің жасы көл болды… Ақыл менен іс қылмай, Ақырында қор болды. Қырғызға барып қырылып, Ійт пен құсқа жем болды»,– деуі көп нәрсені аңғартады. Қырғыздарды Кенесары жеңсін-ақ, сонда не болар еді? Ресей қазақты отарлауын тоқтатар ма еді? Бұл тек ерлікпен өліудің үлгісі еді. Қырғыздардың қырық мың қолына 500 мылтықпен, қырық шақты бійлерімен ғана қарсы шыққан Кенесарының ісі көзсіз ерлік пен ажалға әдейі барыудың шарасыздығы болатын. Наурызбай үш ірет жекпе-жекке шығып жеңгенмен, атына оқ тійіп, одан ке­йін мінгені болдырып, амалы таусылған батыр малдас құрып отыра кетеді. Дымы құрыған батырды қырғыздар найзаға шаншып өлтіреді. Ал Кене хан сарбаздары көлденең тартқан атқа мінбей, қақыйған күйі қырғыздардың қоршауында қалады.
«Я считаю достоверным», – дейді Н.А. Аристов «Усуни и киргизы или кара киргизы» деген кітәбінде (Бішкек, 2001, 485 бет), «Мен мұны сенімді дерек санаймын», – деген ғой. Тоқмақ үйезінде тұрған, Тоқмақ үйезін басқарған полковник М.П. Пущиннің маған айт­қанына қарағанда, Кенесары тұтқынға түскеннен ке­йін үш күннен соң Жантай манаптың үйінде өлтірілген. Оның басын манап Қалығұл Омбыға алып барған, Н.А.Середанің айтыуынша, оның бас сүйегі кінәз Горшаковтың алдына әкелінген, ал ол оны Батыс сібір басқармасының Кенесары көтерілісі жайындағы іске тіркеу жөнінде бұйрық береді. Ал өзін орыс жыйһангезі деп таныстырған әпійсер Петерманның 1859 жылы «Орыс мүгедегі» деген жұрналға жазған мақаласында (№113) гүбернатор Спиридоновтың кінәз Горшаковқа жыйһангездің көзінше жәшікте сақталып келген Кенесарының басын жерлеуге бұйрық берген. «Гүбернатор Спиридонов велел его похоронить», – депті (485 бет).
Бұған қарағанда, біздің тарыйхшыларымыздың: «Кенесарының кесілген басы Петербұргте Эрмійтажда екен, соны қайтарып алуымыз керек», – деп жүргені – дерексіз әңгіме. Оны ол жақтан емес, Омбыдан іздеуіміз керек.
1729 жылы Аңырақай шайқасында қаза тапқан Шарыштың сүйегін қалмақтар сұрап әкеткені – тарыйхый шындық. Ал біз соңғы ханымыздың сүйегін қырғыздардан сұрап алғанымыз жоқ. Олар тәуелсіздігімізді сақтаймыз деп шайқасты, өлген-тірілгендеріне қарамай алысты. Ал біз әлі күнге де­йін бір-бірімізді кінәлеумен келеміз.
Былтыр Орбұлақ шайқасының 380 жылдығын тек Панфилов ауданы атап өт­ті. Өйткені Орбұлақ сол ауданның жерінде. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқыйғасының 300 жылдығы мен Қожаберген жыраудың 360 жылдығын Қызылжарлықтар атап өт­ті. Өйткені Қожаберген бабамыз – сол өңірдің адамы. Еліміздің тарыйхындағы екі аса елеулі оқыйға мемлекет деңге­йінде аталмады. Не бір жыйын, не бір байандама болған жоқ. Ортақ тарыйх жоқ, тек жекеменшік оқыйғалар ғана бар сыйақты. Респұблыйкамызда қаншама жоғары оқыу орындары, онда қаншама тарыйх фәкүлтеті бар, екі бірдей тарыйх іністійтұты мен Ғылым және жоғары білім іністійтұты тағы бар, бірақ солардың бірде-біреуі айтыулы екі оқыйғаны мемлекет­тік деңгейде ресмій атап өткен де жоқ, атап өтейік деген ұсыныс та жасалған жоқ. Қәзіргі біздің ішкі алауыздығымыз Кенесары замынанын бірде-бір кем емес. Патшалық заман мен кеңес дәуірінде айтылмай келген ақыйқат­тарымызды айта бастасақ, Ғылымый іністійтұт­тардың өзі оған қол жыйнап қарсы шығыуды әдетке айналдырды. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы 1988 – жылы ақталды. Бірақ оның «Тіл – құрал» кітәбінде жарыйаланған емлесі әлі қолданысқа енген жоқ, қайта оған қарсылық әлі жалғасыуда. Мәшһүр Жүсіп бабамыздың жазып қалдырған қолжазбалары мен деректеріне қарамастан, Қожаберген жырау мен Сегіз серінің еңбектері М. Әуезов атындағы Әдебійет және өнер іністійтұты тарапынан әлі күнге де­йін құуғын мен сүргінге ұшырап отыр. Орбұлақ шайқасының орны мен ол шайқасқа қатысуышылардың аты-жөнін анықтап беріп отырған Қазыбек бек Тауасарұлының кітәбі әлсін-әлсін шабыуылға ұшырап келеді. Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары, атамекені жайындағы деректердің де жағдайы қым-қыйғаш. Бұлардың бірде-бірінде мемлекет­тік немесе ғылымый, немесе тарыйхый мүде не бағдар-бағыт жоқ, ана жақтың адамы, мына жақтың адамы деген астар ғана бар. Бійлікте қазақ тілінен гөрі басқа тілдерді жетік білетіндер көп, ал басқа тілдерден гөрі қазақ тілін жетік білетіндер жоқтың қасы. Демек біздің мемлекет­те сыртқы сайасат өз деңге­йінде болғанымен, ішкі сайасат қанағат қылатындай деңгейде емес. Сондықтан ішкі сайасат­ты сындарлы жүргізіуді қолға алатын війтсе – пірезійдент керек! «Сырты бүтін, іші түтіннің» барар жері – тек құрдым.

 

 

Бексұлтан НҰРЖЕКЕ – ҰЛЫ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір