ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ДӘСТҮРЛІ МАХМҰД ҚАШҚАРИ АТЫНДАҒЫ IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘҢГІМЕ ЖАНРЫНДАҒЫ БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ
Байқаудың шарттары:
- Шығармалар жарияланған мекен-жайларға қолмен, электронды пошта немесе пошта арқылы жіберіледі.
- Жіберілген шығармалар мұның алдында ешбір конкурсқа қатыспауға және кез келген басылымда жарық көрмеуге тиіс.
- Әңгіме еркін тақырыпта.
- Көп дегенде екі әңгімемен қатысу мүмкін конкурста жiберiлетiн әңгімелердің әрқайсысы кем дегенде 1.000 (бiр мың) ең көп 10.000 (он мың) сөзден аспау керек.
- Жарысқа жiберiлетiн әңгімелердің үстіне тек қана бүркеншік есімі жазылады; бүркеншік есімінен басқа автор кім екенін көрсететін кез келген белгі қойылған жағдайда әңгімелер конкурстан шығарылады.
- Автор аты-жөнін, мекен-жайын, өмірбаянын және 1 дана фотосуретін басқа бір конвертке салып, үстіне тек қана бүркеншік есімін жазады және оны әңгімемен бірге үлкен конвертке салып жібереді.
- Компьютерде 12 шрифтпен жазылатын әңгімелер 6 нұсқа болып жіберіледі. Сонымен бірге, орын алған әңгімелер кітап болып шығатындықтан әңгімелер салынған конверттің ішіне ‘word’ форматында әзірленген файл CD-ге де жазып жiберiледi. (электронды пошта арқылы қатысуларда бұл шарт талап етілмейді).
- Конкурсқа қатысқан әңгімелер кері қайтарылмайды және автор бұл туралы ешқандай құқыққа ие емес.
- Конкурста жүлде алған шығармалардың әр түрлі құқы Еуразия Жазушылар одағына тиесілі болып табылады.
Халықаралық сыйақылар:
Бiрiншi орын – 15.000 түрік лирасы.
Екiншi орын – 10.000 түрік лирасы.
Үшінші орын – 7.500 түрік лирасы.
Ынталандыру сыйлығы – 2.500 түрік лирасы.
Халықаралық жүлдені салтанатты түрде тапсыру рәсімі 2016 жылдың аяғында Алматы қаласында өтеді.
Мекен-жайы: 050009. Алматы қаласы,
Абылай хан даңғылы, 105, 52-53 кабинет.