Халықаралық турнирде чемпион атанды
02.06.2026
39
0

Париж қаласында джиу-джитсудан ересектер арасында өткен халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Әлемнің 28 елінен жиналған 550 спортшы бақ сынаған байрақты бәсекеде елордалық саңлақтар ел абыройын асқақтатты.

Бұл жарыста ел намысын қорғаған Астана қаласының екі спортшысы жоғары нәтиже көрсетіп, Париж төрінде топ жарды. Атап айтқанда, жарыстың алғашқы күні 56 келі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Бекзат Қазтаев қарсыластарының бәрінен басым түсіп, чемпион атанды. Ал жарыстың екінші күнінде 85 келі салмақ дәрежесінде белдескен Мерей Кабдуллаев та жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, алтын жүлдені қанжығасына байлады.Осылайша, жаттықтырушы Арманжан Рузахунов баптайтын елордалық қос спортшы Париж төрінде ел абыройын биіктетті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір