Үздік сұрмерген атанды
28.07.2025
322
0

Бұл деректі бразилиялық Noite de Copa порталы жариялады. Олар 2025 жылы аталған жастағы футболшылардың соққан голдарын есепке алған. Қазір Дастанның еншісінде 9 гол бар.

Дастан Алматыда 2008 жылы дүниеге келген. Сегіз жасында «Қайрат» академиясына түсіп, дайындықтың барлық сатысынан өтті.
Айта кетсек, 2024 жылдың мамыр айында Дастан Сәтбаев «Қайрат» командасында дебют жасаған ең жас ойыншы ретінде тарихқа енді. Өткен QJ лигасында жас футболшы 28 ойында 26 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.
Сондай-ақ Сәтбаев маусымның үздік ойыншысы атағын алды. Ал УЕФА жасөспірімдер лигасында (U19) 16 жасар футболшы төрт матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Дастан Сәтбаев Қазақстан футболы тарихында рекорд орнатты. 
Дастан Сәтбаев футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльспен өткен матчта 74-минутта алаңға шықты.
Ол 16 жас 7 айға толған мерзімде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында алғашқы ойнын өткізіп, рекорд орнатты.
Бұдан бұрын үздік көрсеткіш Жамбыл Көкеевке (17 жас 4 ай) тиесілі еді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір