VI IMPACT Olympiad-2024 халықаралық байқауында алматылық ұстаздар   жүлдегер атанды
23.01.2024
744
0

Математика, физика және информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының біліктілігін арттыру мақсатында дәстүрлі  «IMPACT Olympiad-2024»VI Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті.

Олимпиадаға  еліміздің беделді оқу орындарының мұғалімдері мен жаттықтырушыларымен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Беларусь, Армения, Саха, Болгария, Моңғолия,  Ресей және т.б мемлекеттерден 400 – ден астам ұстаздар қатысқан. Олимпиада барысында мұғалімдер күрделі есептерді шығарудан сайысқа түсіп,  кәсібиліктерін шыңдауға бағытталған   арнайы семинардан өтті.

Байқау қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика және физика мұғалімдері жүлделі орындарға ие болып, үздік үштікке енді:

II орынды физика пәнінің мұғалімі Чакенов Ернұр Еранұлы мен математика мұғалімі Арқабаев Руслан Робертович жеңіп алды

III орынды математика пәнінің мұғалімі Ералхан Ержан Бекжанұлы иеленді.

– Мен кәсібилік олимпиадаға жылда қатысуға тырысамын. Бізге біліктілігімізді сынап, деңгейімізді арттыруға   мол ықпалын тигізеді.   Өзімнің нәтижем  жоғары болғанымен, мені қанағаттандырмады. Даму, біліктілікті арттыру жолында ұстаз ерінбей еңбек ету керек, сонда ғана шыңға жетесің, – деп санайды математика пәні мұғалімі Руслан Арқабаев.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір