Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығармалардың

VI республикалық байқауы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1.1. Қостанай облысының әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облыстық филиалы бірлесе отырып, Ы.Алтынсарин атындағы республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізеді.
Байқауды өткізуге арналған шығындарды қаржыландыру Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы» КМҚК қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
1.2. Балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығарма байқауы туындылары казіргі өмірдің өзекті шындығын және психологиялык, адамгершілік, әлеуметтік мәселелердің оң шешімін суреттейтін авторларды іздеу және таныстыру мақсатында өткізіледі.
Байқаудың міндеттері әлемді тануының өнімді тәсілі ретінде өскелең ұрпақтың оқуға деген қызығушылығын ояту; отбасылық оқуды қалыптастыруға кітап сатушы ұйымдардың, кітапхана жәрдемдесу; баспагерлердің, қызметкерлерінің, оқырмандардың, ата-аналардың назарын қазақстандық авторлардың шығармаларына аудару болып табылады.
1.3. Байқауға ел аумағында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
1.4. Байқау жылына бір рет өткізіледі. Ақшалай сыйлық екі номинация «Қазақ тілінде балалар және жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығарма» және «Орыс тілінде балалар және жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығарма бойынша мектеп жасындағы балаларға арналған қазақстандық автордың үздік прозалары шығармасы үшін беріледі. Ақшалай сыйлықты табыстау Ыбырай Алтынсариннің туған күніне орайластырылады.
1.5. Байқауды колдауға оның ережесінің негізгі тармақтарына сәйкес ұйымдар мен жеке тұлғалардың қатысуына рұқсат етіледі.
2. Байқауды өткізу тәртібі
2.1. Байқауды дайындауды ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі Ұйымдастыру комитеті) жүзеге асырады, оның құрамын Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы бекітеді. Байқау өткізуді Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ жүзеге асырады.
2.2. Байқауға бұрын кітап басылымы түрінде жарияланбаған балалар мен жасөспірімдерге арналған көркем прозалық шығармалар қабылданады. Байқауға ұсынылған туындының жарияланғаны туралы жалған мәлімет анықталған жағдайда, ұйымдастыру комитеті қазылар алқасының шешімін бұзуға және ақшалай сыйлықты кайтаруды талап етуге құқылы. БАҚ-та жарияланған (баспа немесе электрондық) туындыларға рұқсат етіледі.
Байкау жұмыстарының тілі қазақ, орыс. Жанрдың формалары роман, повесть, пьеса, әңгімелер, ертегілер кітабы (әңгімелер немесе ертегілер жинағы біртуынды ретінде қарастыралады).
2.3. Бір автордан бір ғана қолжазба (авторлық әңгімелер немесе ертегілер жинағын қоса алғанда) қабылданады. Өлең түріндегі пьесалар мен романдар қабылданбайды.
2.4. Байқауға ұсынылған туындыларды сарапшылар кеңесі мен қазылар алқасы қарайды. Сарапшылар кеңесі байқауға ұсынылған туындыларға алдын ала сараптама жүргізеді, шорт-парағын жасайды.
2.5. Ұйымдастыру комитеті шорт-парағына енген жұмыстарды бақылау үшін құрамына жазушылар, филологтар, баспагерлер, кітапханашылар, ұстаздар кіретін әділ қазылар алқасын құрады.
Байқау шеңберінде ұйымдастыру комитеті құратын мектеп жасындағы оқырмандар арасынан балалар қазылар алқасының жұмысы назарға алынады.
2.6. Байқауға қатысушылар мен олардың туыстары сарапшылар кеңесі мен қазылар алқасының мүшелері бола алмайды.
2.7. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы екі жеңімпазды анықтайды және қосымша номинациялар, арнайы сыйлықтар тағайындау құқығын өзіне қалдырады.
2.8. Балаларға қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша бір арнайы жүлде тағайындалады.
2.9. Байқау жеңімпазына және арнайы жүлде иегерлеріне диплом мен ақшалай сыйлық табыс етіледі. Сыйлық мөлшерін Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы аңықтайды. Байқауда берілетін сыйлықтардың барлық сомалары ҚР қолданыстағы белгіленген салықтар мен алымдарды қамтиды. Сыйақы жеңімпаздарға марапаттау рәсімі өткізілгеннен кейін күнтізбелік бір ай ішінде заңнамасымен төленеді.
2.10. Егер жеңімпаз автор бірнешеу болса, сыйақы авторлардың арасында тең үлеспен бөлінеді.
2.11. Байқау қорытындысы бойынша байқаудың қысқа тізіміне енген шығармалар жинағы шығарылады.
3. Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар
3.1. Жұмыстар байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуі тиіс.
3.2. Зорлық-зомбылықты, нашақорлықты, криминалдық өмір салтын, ұлтаралық араздықты, агрессиялық мінез-құлықты насихаттайтын жұмыстар байқауға қатысуға жіберілмейді.
3.3. Туындылардың көлемі 1 авторлық парақтан кем болмауы тиіс (1 авторлық парақ бос орындары, тыныс белгілері, символдары бар 40 мын белгі, бұл шамамен А-4 форматындағы 22 бетті құрайды, кегль 14). Суреттер құпталады, бірақ олар шығарманың талап етілетін көлеміне кірмейді.
3.4. Байқау талаптарына сай келмейтін жұмыстарды сарапшылар кеңесі карамайды.
3.5. Авторларға рецензиялар мен пікірлер жіберілмейді.
3.6. Байқау жұмыстары қайта қайтарылмайды.
3.7. Ұйымдастыру комитеті байқауға қатысушылардың авторлығын сақтай отырып, қаламақы төлемей, байқау қорытындысы бойынша байқауға ұсынылған жұмыстарды БАҚ-та, жинақтарда жариялау құқығын өзіне қалдырады.
4. Байқауды өткізу мерзімдері
4.1. Байқау 2026 жылдың қаңтары мен қазан айлары аралығында өткізіледі.
4.2. Байқауға қатысу үшін қатысушылар өтінімді және жұмысты қағаз немесе электрондық форматта 2026 жылдың 16 наурызына дейін ұйымдастыру комитетіне жібереді. Өтінімге электрондық форматтағы байқау жұмысы коса беріледі.
4.3. Өтінім және байқау жұмысы е-mail: info@allib.org электрондық пошта мекенжайына немесе 110000, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 74, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ, тел: 8(7142) 54-27-44 мекенжайы бойынша жіберіледі.
4.4. Материалдардың толық пакеті болмаған жағдайда, сарапшылар кеңесі байқау жұмыстарын қарамауға құқылы.
4.5. Автор жұмыстарды қабылдауды аяқтау күнінен кешіктірмей, өзінің қолжазбасын байқауға қатысудан қайтарып ала алады.
4.6. Шорт-парақ 2026 жылдың 31 мамырынан кешіктірілмей жарияланады. Шорт-парақ кітапхана сайтында https://allib.kz жарияланады.
4.7. Байқау жеңімпаздары марапаттау рәсімінде жарияланады. Марапаттау рәсімін өткізу күні мен орны туралы ақпаратты ұйымдастыру комитеті қосымша хабарлайды. Байқау қорытындысы жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілгеннен кейін https://allib.kz кітапхана сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады.