ДУЛАТ ИСАБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
18.10.2024
91
0

Шымкент қаласында белгілі кәсіпкер, меценат Әлімхан Досыбаевтың демеушілігімен «АUZHAN KTL» ат­ты көптілді лицейдің және осы заманауи тұрғыдағы талаптарға, әлемдік стандарт­тарға сай жан-жақты жауап беретін озық үлгідегі білім ошағында аумағы 250 шаршыметр, 6000 кітап қоры бар Дулат Исабеков атындағы әдеби орталықтың ашылу салтанаты өт­ті.

Еңбек Ері, біртуар қаламгер, даңқты драматург Дулат Исабеков атындағы әдеби орталықтың ашылуына жазушының үзеңгілес достары мен тұрғыластары, белгілі қаламгерлер – Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов, Төлен Әбдік, Қасымхан Бегманов, Қазыбек Иса, Нармахан Бегалиев, Мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов арнайы барып, игі бастамаға жылы лебіздерін білдірді. Аталмыш орталық білім ошағының шәкірт­тері үшін ғана емес, жалпы халық үшін рухани ордаға айналары сөзсіз.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір