«Тәбәрік» жинағы жарық көрді
05.12.2025
87
0

Ұлттық кітапханада белгілі жазушы-журналист Дәулет Сейсенұлы құрастырған Байкөкше Балғынбайұлының «Тәбәрік» атты жинағының тұсаукесері өтті.

Жиын тізгінін ұстаған академик Қансейіт Әбдезұлы қаламгердің күні кеше «Қазақстанның құрметті жазушысы» атағымен марапатталғанын атап өтті. Тұсаукесер барысында бұл марапатты Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкеновтің атынан Дәулет Сейсенұлын құттықтап, жылы лебіз білдірген «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы, академик, ақын Бауыржан Жақып тапсырды.
Жиынға қатысқан Қазақстанның халық жазушысы Смағұл Елубай, жазушы, драматург Сұлтанәлі Балғабаев, белгілі қаламгер Мамадияр Жақып және басқа да қаламгерлер Құрмет орденінің, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Дәулет Сейсенұлының өз халқына, туған жеріне, әдебиет пен журналистикаға сіңірген еңбегін айта келіп, Құрметті жазушы атағымен құттықтады, шығармашылық табыстар тіледі.

Инсара ҚУАНЫШБЕК,
Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ
журналистика мамандығының 2-курс студенті

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір