Фотошежіре жарық көрді
04.11.2024
229
0

«Қазақ әдебиеті: фотошежіре» альбомының екінші бөлімі жарық көрді. Альбомның авторы және құрастырушысы – Жанай Омаров.
ХХ ғасырдың соңы мен тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің тарихына арналған фотоальбомға 1980–2020 жылдар аралығын қамтитын Орталық мемлекеттік киноқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің қорында сақталған құнды құжаттар енгізілген. Альбомда қазақтың әйгілі ақындарының, атақты прозашыларының, әдебиеттанушыларының, белгілі мемлекет және саяси қайраткерлерінің фотосуреттері жинақталған. Олардың қызметіндегі, Қазақстан жазушылар одағының өміріндегі маңызды оқиғаларға байланысты көптеген деректермен танысуға болады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір