«Табыс сыры» жарық көрді
14.03.2025
106
0

Ақын, жазушы, батыр Рафаэль Ниязбектің жары Күлжан Мұхамадиеваның «Табыс сыры» атты кітабы жарық көрді. Онда былтырғы жылы шыққан «Рафаэль әлемі» кітабындағы, 1-інші және соңғы 3-бөліміндегі материалдар қайтадан басылған.
Күлжан Мұхамадиева1948 жылы, 25 шілдеде Абай облысы, Жарма ауданындағы Қалбатаудың Бөке кеңшарында дүниеге келген. 35 жыл қасиетті қара шаңырақ Қазақ радиосында қызмет еткен еңбек ардагері. Қазір зейнеткер. Еңбек ардагерінің жазған естеліктері (мемуары), өмірде көрген-білгендері шынайы суреттелген. Өзінің өмір тарихын қарапайым тілде баяндаған. Балалық шағынан бастап, күні бүгінге дейінгіні суреттеп жазып шығыпты. Жүрген жерлеріндегі ойында қалғандарын баяндаған. Рекең қайтыс болған төрт жылдың ішінде «Қазақ әдебиеті» газетіне жазған мақалалары түгелдей басылыпты.
«Абай» ТВ-дағы «Ұмытпаймыз» хабары мен қызы Лаураның естелігі жан тебірентеді. Рафаэль Ниязбектің жарына шығарған өлеңдер топтамасы кітабының «Гүлжанға», «Көңілінің көк туы желбіреген күндер», «Түрік әлеміне қызметі үшін» лау­реатын алғанда, Түркияға барғанда жазған ақынның естелігі мен өмірбаяны, негізгі еңбектері мен алған атақтарының тізімі жарияланған.

Өз тілшіміз 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір