«Жүсіпнама» жарық көрді
09.06.2025
75
0

Алматыдағы А.П.Чехов атындағы кітапханада ақын, күйші, композитор, Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Жүсіп Қыдыровтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Жүсіпнама» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Әдебиетке өткен ғасырдың 60-жылдары келген ақын өлең, поэмалардан өзге 40-тан аса күй мен 15 ән шығарған. Бұл жинаққа көзі тірісінде жариялап үлгермеген сол 16 күйдің нотасы басылған. Кітапқа сонымен қатар ақын-жазушылардың Жүсіп Қыдыров туралы жазған естеліктері мен мақалалары да жинақталған.
Кітаптың құрастырушысы Аягөз Нұрсұлтан аталған кітапты құрастыруды ақынның жарияланбай қалған күйлерін жас ұрпақ біліп өссе деген ниетпен қолға алғанын айтады.
– Бұған дейін ешкім орындамағандықтан Жүсіп Қыдыровтың күйлері жарыққа шықпаған. Біз мысалы Құрманғазының, Динаның күйлерін орындап жатамыз. Ол сондықтан да құлаққа сіңген күйлерге айналды. Бұл кітап неге осындай тың күйлерді жарыққа шығармасқа деген мақсатта дүниеге келді, – дейді ол.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір