«Жанжаза» романы ағылшын тілінде жарық көрді

Қырғыз жазушысы Сұлтан Раевтың «Жанжаза» романы америкалық «Сиракуз» баспасынан «Castigation» деген атпен ағылшын тілінде жарық көрді. Кітапты ағылшын тіліне әйгілі аудармашы Шелли Фэрвезер-Вега аударған.
Сұлтан Раевтың романы америкалық әдебиеттанушы ғалымдардың жоғары бағасына ие болып, 2025 жылы Сиракуз баспасынан жарық көретін 20 үздік кітаптың тізіміне енді.
Чикаго университетінің профессоры, белгілі әдебиеттанушы Коган Арик «Жанжаза» романын Орталық Азия әдебиетіндегі ғана емес, жалпы әдебиеттегі жаңалық, осы роман арқылы біз жаңа әлем ашамыз…» – деп бағалады. Роман бұған дейін бірнеше тілде жарық көрген.
Америка жұртшылығы 1983 жылы Индиана штатындағы баспадан шыққан Шыңғыс Айтматовтың «Жүз жылдан да ұзақ күн» романы жарық көргеннен кейін 42 жылдан кейін қырғыз романымен тағы да танысып отыр.
Қырғыз жазушысы Сұлтан Раевтың романының Нью-Йоркте басылуы – қырғыз әдебиетінің әлем әдебиетінің бір бөлігі ретінде дамуының жаңа кезеңі.