Қырғыз тілінде жарық көрді
19.08.2025
136
0

Бішкекте академик Дархан Қыдырәлінің қырғыз тілінде жарық көрген «Ташқа жазылған тарих» кітабының тұсаукесері өтті.

Қырғыз Жазушылар одағында өткен жиынға Қырғыз Президентінің кеңесшісі, халық жазушысы Арслан Койчиев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысып, ой-пікірлерін ортаға салды. Жиын соңында Қырғыз Жазушылар одағының төрағасы Қаныбек Иманалиев қатысушыларға ризашылық білдіріп, Дархан Қыдырәлінің Қырғыз Жазушылар одағына құрметті мүше болып қабылданғанын жеткізіп, құрмет көрсетті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір