Қырғыз тілінде жарық көрді
30.05.2025
61
0

Қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласында ақын Серік Қалиевтің  «Атамұра» баспасынан қырғыз тілінде жарық көрген «Жүрөгүмдүн жыпары» кітабы­ның таныстырылымы өтті.

Ұлттық «Манас» театрында өткен әдеби кешке делегацияны Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Қалибекұлы бастап барды. Кітаптың алғы сөзін Қырғыз Республикасының  Ел артисі  Түгөлбай Казаков жазса, қырғыз тіліне қотарған – Садырбек Турдубекуулы. Салтанатты кеште театр артистері  ақын өлеңдерін оқып, ақын Қожагелді Култегин ақ тілегін жеткізді. Ел ақыны Амантай Кутманалиев жырдан шашу шашса,  Серік Қалиевтің айтыс өнеріндегі ізбасарлары   Жұлдыз Қожабекова, Нұрзат Қару, Жақсылық Орынбасар қырғыз ақындарымен сөз қағысты. Кеш соңында  «Манас» театрының басшысы Нұрбек Талантбеков  Серік Әкірамұлына  Кыргыз Республикасынын Маданиат, маалымат жана жаштар саясаты министрлигинің «Маданияттын мыкты кызметкери» төсбелгісін тапсырды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір