Шыңғыс ханның бір ұрпағы – Көлеген
14.12.2023
2827
12

Көлеген руы қазақ шежіресі бойынша жүзге кірмейтін рулардың бірі болып табылады. Көлегендер XIII ғасырдың басынан бастап тарихта өздерінің орны мен ауызша тарихы бар ру болып келеді. Көлегендер Қазақстанда Түркістан аймағы, Сыр өзенінің бойы ата-бабалары қоныстанған жері болғандықтан, басым көпшілігі сол жерлерде мекендеген. Қазіргі таңда Көлегендер Қазақстанның көптеген аймақтарында, сондай-ақ Өзбекстан, Иран, Моңғолия, Қытай, Ресей мемлекеттері мен Ноғай халқының құрамында мекендейтіні анықталып отыр.      

Ресей империясының саясаты салдарынан қазақ тарихы бұрмаланып, шатастырып Шыңғыс ханды Монғол деп, көп жылдар бойы ата дұшпанымыз деп, жауыз ретінде санамызға сіңдіріп, халқымыздың санасын улап келді. Солақай саясаттың кесірінен Көлеген руының шыққан тегін жасыруға тура келді. Көлегендер Шыңғыс ханның бесінші ұлы Көлегеннің ұрпағы екенін және руының шыққан тегінің тарихы туралы еліне, ұрпағына зияны тиіп кетпеуі үшін толыққанды шындықты ашып айта-алмады. Елдің, ұрпақтың амандығын бәрінен де жоғары қойды. Десек те, Көлеген руының басым көпшілігі бабаларының ханның ұрпағы екендігін атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа айтып келеді. Көлеген руы, қазақ шежіресі жазылған деректерде жүзге кірмейтін ру болып көрсетіліп келеді. Рудың шыққан тегі және тарихы жайында ғылыми-тарихи жазбаларда, шынайы дереккөздері толық жазылмай келеді. Көлеген руы туралы толыққанды тарих жазбалары болмаса да, Шыңғыс ханның ұрпағы екендігі, ескі шежіре беттерінде айтылады. Сондай-ақ Шыңғыс ханның бесінші баласы Көлеген жайлы қазақтың және шет елдің тарихи жазбаларынан, әлеуметтік желілерден кездестіруге болады.
1991 жылы Қазақ елі өз егемендігін алды. Енді өткен-кеткен шынайы тарихымызды жасырып, тартынатын дәуір келмеске кетті. Бүгінгі таңда Қазақ халқының басынан өткен тарихын толықтыратын заман орнады. Осы орайда Көлеген руының да шыққан тегі мен шынайы тарихы дереккөздермен дәлелденіп, жарыққа шығуда.
Көлеген руының шыққан тегі. Бұл – Шыңғыс ханның екінші әйелі – Күләннан (Құлан) туған Көлеген атты ұлынан тараған ұрпақ. Көлеген руы болып, шежіресі жазылып, ата-бабаларының тізбегі қалыптасқан ру болып келеді. Көлеген руы қазақ шежіресі бойынша бүгінгі таңға дейін жүзге кірмейтін рулар қатарында екенін айқындайтын тарихи деректер бар.
Шыңғыс ханның бесінші ұлы Көлеген туралы жазылған басқа да мемлекеттердегі ескі, құнды, шынайы тарихи дереккөздеріне назар аударатын болсақ, солардың бірі 1300-1316 жылдар аралығында жазылған Рашид ад-Диннің парсы тілінде «Жәмиғ ат-тауарих» қолжазбасы. Иран елінің астанасы Тегеран қаласында тұпнұсқасы сақталып келген. Бұл Рашид ад-Диннің қолжазбасына бұкіл әлем тарихшылары мен зерттеушілері, оның ішінде Шыңғыс хан танушылар арқау етіп, кітап-журналдар шығарып, әлеуметтік желілерден көрсетіп, оқырманға ұсынып, өткен тарихымызды түсіндіріп беруде.
Халықаралық Түркі академиясында 2018 жылы Оразбай Зәріпбайұлы Рашид ад-Диннің 700 жылдай сақталып келген қолжазбасын, парсы тілінен сөзбе-сөз қазақ тіліне аударып, 5 томдық «Жами ат-тауарих» атты кітап шығарып, халыққа ұсынды. Осы кітаптың 1-томында, 286-бетінде Көлегеннің кімнің әулетінен шыққанын және ұрпақтарының тарихын қысқаша төмендегідей айқындап көрсеткен.
Шыңғыс ханның екінші әйелі.
Күлән-хатын (Құлан-хатун) ухаз меркіт руының басшысы Тайыр Үсіннің қызы. Ол Тайыр үсіннің бұйрығына мойынсынған еді. Бұл қызды алып келіп, Шыңғыс ханға табыстады. Одан оның Көлүкен (Кулукен) атты бір ұлы болды. Бұл ұлына Шыңғыс хан бірінші әйелінен туған төрт ұлдарының дәрежесін бекітті.
Көлүкен мен оның перзенттерінің, жалпы әулеті туралы: «Оның төрт ұрпағы болды, үлкен ұлының аты – Қужа (Қожа) болатын. Оның әкесі дүниеден өткен соң, оған алты мың адам берілді және әкесінің орны табыс етілді. Қожаның Урудай (Орудай) атты ұлы болды. Ол да әкесінің орны мен әскерін басқарды және Құбылай қағанның жақын қызметінде болды. Оның Ибуған атты ұлы да өз кезегінде әкесінің дәстүрін жалғастырады. Алайда Тағашар ноянның ұрпағы Ноя және өзге ханзадалар Құбылай қағанға опасыздық жасап, Қайдумен бірігуді ойластырған кезде, Құбылай қағанға белгілі болып, оны басқалармен бірге өлімге кеседі» – деп жазып, деректеген. Яғни Рашид ад-Диннің қолжазбасында, Көлеген руының басты аталарынан бастап, бергі төрт атасын жазған; Көлегеннің ұлы – Қужа, Қужаның ұлы – Орудай, Орудайдың ұлы – Ибуған болғандығын нақтылап көрсеткен.
Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының тарих саласын зерттеуші парсы тілінің маманы Жомарт Жеңіс мырза, 2018 жылы шыққан Рашид ад-Диннің кітабімен, өзінің Ираннан алып келген Рашид ад-Диннің парсы тілінде жазылған төрт томдық кітапты және «Көлегендер» атты кітапты, сөзбе-сөз аударып, салыстырып, жазылғандарын қорытындылап берді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігіне қарасты Ғылым комитеті Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институты зерттеу мекемесі Көлеген туралы және Көлеген руының шыққан тегі туралы жиналған дереккөздерімен танысып, шындыққа жанасатынын айтқан болатын. Мұндай рудың шыққан тегі туралы нақты айқындайтын тарихи деректер басқа қазақ ру-тайпаларында кездесе бермейтінін айтып және Күлән ана (Құлан) кесенесінің күмбезін жөндеу жайында кеңестер берді.
Қазақстаннан басқа да шетелдік тарихи жазбаларда Көлеген үмбетін айқындайтын мәліметтер аз емес. Бірақ әр ұлттар өздерінің сөз мәнерлеріне, әріптерінің ерекшеліктеріне қарай, Шыңғыс ханның бесінші ұлы деп Көлегеннің есімін аздап өзгертіп көрсетеді. Мысалы, Көлүкен, Құлықан, Кулген, Кулкен, Кулхан, Кюльхан, тағы басқалай жазып келеді.
Рәзби хан жазып қалдырған өзбектердің «Насабнома 92-рулары» деген кітапта XVI ғасырларда орыстар халықтарды мемлекеттерге және қазақтар үш жүзге бөлінгенге дейін Орта Азияның тайпа-рулары туралы жазған. Көлегеннің тарихта үлкен орны бар ру болғандығын, 92-рулардың тізбегіндегі жазу бойынша Көлеген руын 20-шы орында көрсетіп, айғақтап берген.
Көлегеннің әкесі. Шыңғыс ханның кім болғаны бүкіл әлем халықтарына белгілі. Шыңғыс хан түркі ру-тайпаларынан шыққаны дәлелденіп, айқындалды. «Хан» деген атақ қазақтарда ғана болған, басқа ұлттарда болмағаны да аян. Шыңғыс хан сонау тынық мұхиттан, Батыс Еуропа жерлеріне дейін жаулап алғаны ертеден жазылып келе жатыр.
Көлегеннің анасы. Күлән (Құлан) ана Шыңғыс ханның екінші әйелі болған. Бұл туралы жоғарыда қысқаша жазып көрсетілген. Әйтсе де, төменде толықтыра кетуді жөн көрдік. Қазақ жеріндегі қазақ мемлекетінің кіндігі аталатын Ұлытау аймағында, Жезқазған қаласынан Қызылордаға барар күре жолдың бойында шамамен 60 шақырым жерде Күлән (Құлан) ана кесенесі орналасқан. Күлән ана кесенесінде құлпытасқа ойылып жазылған естелік тұр. Ол құлпытаста Көлеген руының таңбасы бар, бұл таңбада Көлеген руының ұраны «Ұлытау», таңбасы «найза» «тоғыз шашақты» туы көрсетілген. Ол құлпытаста және былай деп жазылған; «Меркіт руынан шыққан. Тайыр-Үсін қызы КҮЛӘН (Құлан) (шамамен 1185-1225 жылдары) Шыңғыс ханның екінші әйелі Күләннан туған, Көлеген руы ұрпақтарынан» деп тұр. Бұл естелік құлпытас, мемлекеттің рұқсатымен қойылған. (суреті көрсетілген)
Көлегеннің өмірбаяны. Шыңғыс ханның ұлы Көлегеннің өмірі туралы төмендегідей, тарихи деректер бар. Көлегеннің қай жылы дүниеге келгені туралы әртүрлі жылдарды көрсетеді. Негізгі тарихи жазбаларға сүйенсек, Шыңғыс хан 1203 жылы Меркіт тайпасын бағындырған болса, 1203 жылдары Шыңғыс хан мен Күлән екеуі отау құрады. Көлеген шамамен 1205 жылы дүниеге келген.
Енді Көлегеннің өмірі туралы жазылған деректер В.Янның 1989 жылы шыққан 4 томдық кітабының 2-ші томындағы 291-296 беттерде және Рашид ад-Диннің кітабында кездеседі.
Шыңғыс хан Күлән (Құлан) менен ұлы Көлегенді қатты жақсы көрген. Екеуін жанынан тастамай, жорықтарға бірге алып жүретін болған. Сол жорықтардың бірінде, Шыңғыс хан Үнді (Индия) жерін жаулап, жартысына жақындаған кезде, әйелі Күлән мен ұлы Көлеген қатты ауырып қалады. Бұларға Шыңғыс ханның шақырған емшілері көмектесе алмайды. Күлән болса туған жердің суы, ауасы болмаса бізге еш ем көмектеспейді деп, Шыңғыс ханды елге қайтуға көндіріп, бүкіл әскерлерімен бірге елге оралады.
Көлеген ер жете әкесі Шыңғыс хан секілді батыл, ержүрек болып өседі. Өзінің дене бітімі ерекше, батырларға сай, ұзын бойлы, жауырынды, реңді болып, шайқас тәсілін жақсы меңгеріп өседі. Садақты да жақсы меңгергендіктен «Көлеген мерген» деп те айтатын болған. Бірінші әйелі Бөртеден туған Жошы, Шағатай, Өгедей, Төле төрт ағаларымен бірдей дәрежеде болған соң, Шыңғыс хан бесінші ұлы Көлегенге бөліп берген төрт мың әскерін, әкесі қайтыс болғаннан кейін, Көлеген он мың әскерге дейін жеткізеді. 1237 жылы Шыңғыс ханның ұрпақтары хан мен ханзадалар жиналып, Еуропа және орыс жерлерін жаулап алуға аттанады. Шайқасқа Көлеген де он мың әскерімен бірге жолға шығады. Көлеген орыстардың княздығынан құрылған 14 қаласын басып алып, үлкен қамалы бар Колумын қаласына жетеді. Көлеген Мәскеуден 130 шақырым жерде орналасқан Колумын қаласын жаулап алу шайқасында садақ жебесі жарақатынан 1238 жылы қаңтар айында қаза болады. (Көлеген туралы В.Янның көркем кітаптан басқа, тарих беттерінде көптеген мәліметтер мен деректер кездеседі).
Шыңғыс хан ұлдарына жаулап алған жерлерін, бірінші әйелі Бөртеден туған төрт баласына бөліп бергендей, бесінші баласы Көлегенге де Оңтүстік-Батыс жағындағы жерін еншілеген. Көлеген қайтыс болған соң ол жерлерінің басым көпшілігі 1238 жылдан бастап Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайдың қарамағында болады. Қалған Оңтүстік-Батыс жағындағы жерлеріне Шыңғыс ханның төртінші ұлы Төленің тұңғышы Хұлағу иелік етеді.( Бұларды айқындайтын деректер бар).
Кенжебай баба. Түркістан аймағының Арыс ауданына қарасты Тақыркөл деген жерде Көлегеннің ұрпағының бірі – Кенжебай баба кесенесі орналасқан. Кенжебай баба елге танымал, әулие кісі болған деседі. Кенжебай ата-бабаларына ұқсап, ержүрек батыр, қолбасшы болып, әскер басқарып, елін қорғап, жұртқа танымал тұлға танылған. Әулие Кенжебай баба кесенесінің жанында Көлегендердің басқа да ұрпақтары жерленген. Құлпытастардағы араб әрпімен ойып жазған «Көлеген» деген жазбалар куәландырады. Кенжебай баба кесенесінде Шыңғыс ханның ұрпағы екендігін білдіретін, найзаның басына ілінген тоғыз шашақты тудың тасқа қашалып салынған бейнесі болған. Оны белгілі тарихшы Хамза Көктәндінің өзі 1965 жылдары суретке түсіріп алып «Алтын төркін» атты кітапта, Көлеген руын Шыңғыс ханның әулетінен тараған ру екенін айқындап кеткен. Қазіргі таңда Кенжебай баба кесенесі әулиелі жер деп танылып, оншақты гектар жерді темір тормен айналдыра қоршап, қақпасының жанына «Қазақстан Республикасы Тақыркөл-2 қалашығы мемлекет қорғауында» деп тұр. Көлеген руының ауызбіршілігімен жыл сайын жиналып, ата-бабаларының аруағына арнап Құран бағыштап, тағзым етуі, ағайындар арасында жалғасып келе жатқан дәстүр болып келеді.
Айқынбай ата. Ұлытау аймағында Жезқазған мен Қызылорда күре жолдың бойында, шамамен 55 шақырымында, Күлән ана кесенесіне 3-4 шақырым жетпей, Көлеген ұрпағының бірі, Айқынбай ата өмір сүрген. Ұлытау аймағында археолог, тарихшы-этнограф, өлкетанушы Айдар Шарханұлының айтуынша, көнекөз қариялардан жеткен ауызша деректе Айқынбай батыр қолбасшы болып, ел басқарып, бай-бақуатты болып өмір сүріп, елін қорғап, отырған кісі болған екен. Бүгінгі таңда Күлән ана кесенесіне бұрылар тұста «Айқынбай ауылы» деп көрсеткіш белгі орнатылған. Яғни бұл да Көлеген руының Ұлытауда мекен етіп, кіндік қаны тамған жері болғанын айғақтайды. Қазіргі таңда ауылда төмпешік-төмпешік болып үйлердің орны болмаса, адамдар тұрмайды. Ғалымдардың айтуы бойынша, ауыл XVII-XVIII ғасырларда көшіп кеткен. Бірақ қайда кеткені белгісіз деп жауап береді. Қазіргі кезде Айқынбай атаның Түркістан аймағында Тақыркөл деген жерде, Кенжебай баба кесенесінің жанында жерленген жері табылды. Онда «Көлеген Айқынбай» деп құлпытасына ойып жазған жазбасы тұр.
Өтейұлы Байманбет. Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде, қазақтың хандары, батырлары, ұлағатты тұлғалардың аты-жөндері жазылған. Сол тізімде Көлеген руынан шыққан Өтейұлы Байманбет те бар. Байманбет батыр болған, аталары секілді, әскерге қолбасшы болып, елін қорғағандығымен ел аузында қалған.
Көлеген руының жоғарыда шыққан тегі және ата-бабалары жайында қысқаша дереккөздері жазылды.
Көлеген руы жайлы Нұрлыбек Рысқұлбекұлының «Көлегендер» атты кітабында толықтырылып жазылған.
Көлеген руы Қазақ шежіресінде жүзге кірмейтін ру болып қалыптасқан. Шыққан тегі; Шыңғыс ханның екінші әйелі Күләннан туған Көлеген ұлынан тараған ұрпақтары.

Нұрлыбек МҰСАЕВ 

ПІКІРЛЕР12
Қонақ 16.12.2023 | 02:29

1«Хан» деген атақ қазақтарда ғана болған, басқа ұлттарда болмағаны да аян»
Ха-ха-ха!

2. Мәскеуден 130 шақырым жерде Колумын деген қала жоқ. Коломна деген бар.
3 Құлан — Күлән емес.

Қонақ 17.12.2023 | 18:02

Монғол тарихын 19 ғасырдың бірінші жартысында ғылыми айналымға енгізген, орыстар емес, европалық әйгілі тарихшы Д’ Оссон. «Огромный новый материал, введенный Д’Оссоном в научный оборот,определил все дальнейшие исследования по истории моноголов и их государств.» В. Бартольд.
Себебі монғол тарихының көне жәдігерлерінің («Монғолдың құпия шежіресі», Лубсан Данзанның» Алтын топчысы», Джувейнидің, Рашид ад-Диннің, Марко Полоның, тағы басқа араб, парсы тарихшылары жазған еңбектердің түп нұсқасы Париждегі архивте сақтаулы. Доссон сол түп нұсқамен жұмыс істеген. Бірде бір әлемдік, не отандық кәсіби тарихшы Шыңғыс ханды қазақ демейді. Тарихты бұрмалау -халқты адастыру. Халықты адастыру қылмыспен тең. Қонақ

Қонақ 28.12.2023 | 19:45

Рахмет

Қонақ 03.03.2024 | 03:45

Сонда мына жазылған ның бәрі өтірік па

Қонақ 13.05.2024 | 21:51

Мен колегенмин енди билдим

Қонақ 13.05.2024 | 21:52

Мына жерде жазылган Такыркол деген жерден шыккан менин әкем атамдар

Қонақ 18.08.2024 | 13:51

Көлеген руы Қоңырат тайпасына жатады. Елді екіге бөлмеңіздер олай! Көлеген (Кенжебай) Қоңыраттың Нағанай атасынан тарайды

Қонақ 26.08.2024 | 18:42

Ассалаумағалейкум ағайындар бауырларым көлегеннің қайдан шыққанын өз көздерің мен оқып көріп отырсыздар соны көре отырып қайдағы қоңыратқа кіргізіп отырсыздар көлеген Шыңғыс хан ұрпағы адаспаңыздар таға таңба басқандай жазылып тұрғой шындықты мойындаңдар

Қонақ 04.09.2024 | 10:59

Қайран қазағым өйтіп таласпаңдар бәріміз қазақпыз бөлінбеңдер барлығын батырсыңдар ата бабаларымыз батыр болған

Қонақ 01.10.2024 | 15:43

Мен колегенмин менин туыстарым Агаларым апшелерим кайда екен Колеген ру бар агайындар кайдасыздар жекеге шыгайыкшы оттиниш 87754862091

Қонақ 13.10.2024 | 21:32

Ассалам алейкум Менде колегенмин биз Узбекистан Ташкент каласы Назарбек ауданы кирпичный ауддан 1 аулмиз колегендер хабарласыниздар +998998121080 Бердияр +998998149276 Ерлан

Қонақ 13.10.2024 | 21:34

Телегам +99899 814 92 76 Ерлан
Ватсап бар рахмет

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір