Шыңғыс ханның атамекені, тілі, діні және құпыйалары
23.05.2024
290
0

Шыңғыс хан жайында жазылған шығармалардың ең негізгісі әрі шындыққа ең жақыны – «Монголдың құпыйа шежіресі» аталып кеткен шығарма. Ке­йін бұл қолжазбаның аты «Шыңғыс қағанның құузауыры» екені анықталады. Солай екенін 1973 – жылы Мәскеуден шыққан «Алтан тобчи» кітәбінің алғысөзінде Н.П.Шастина жазса, 2012 – жылы қытай тілінен тікелей аударған Тілеуберді Әбенайұлы жазды. Бұл жалпылай айтатын түріктің де, бұрмалап айтатын моңғолдың да сөзі емес, қазақтың сөзі. Әріден, тереңнен сөйлеуді қазақ «құузау», «қаузау» дейді, ал қәзіргі тілде қолжазбаның аты «Шыңғыс қағанның түп-тұқыйаны» немесе «Шыңғыс қағанның ата тегі». Алғашқы құпыйа осыдан басталады: Қолжазбаның өз атын кім өзгерткен, неге өзгерткен? Жауап біреу-ақ: әлдекім(дер) қолжазбаның қазақ тілінде жазылғанын және арап қәрпімен жазылғанын жасырған.
Бұл қолжазба Шыңғыс ханның өз әмірі­мен және бақылауымен жазылған, өйткені жазған адам ара-тұра «біздің әскер», «біздің адамдар», «біздің шерік» деп байандап отырады. Дерекке сүйеніп, нақтылай айтсақ, бұл – Шыңғыс айта беретін «Көк дәптер». Ал біздің қәзіргі түпнұсқа іретінде пайдаланып жүргеніміз қолжазбаның қытайша аудармасы ғана.
Жалпы, «Шыңғыс қағанның құузауы­ры» (Алматы, 2013), «Монголдың құпыйа шежіресі» (Өлгий, 1979), «Сокровенное сказание монголов» (Москва, 2012) – үшеуі бір түпнұсқадан аударылған кітәптер. Бір-бірінен аз ғана айырмашылықтары бар.Түпнұсқаны жазған адам Шыңғыс ханның өз адамы Сызған – Құтқа деп анықтайды Тілеуберді. Мен де оның осы пікірін қостаймын. Өйткені «Сокровенное сказаниедегі: «Хох – Нур (Жасыл көл Б.Н.), что на южном склоне горы Бурхан – Халдун, у речушки Сэнгур», – дегенді (38 – бет) ол араны өз көзімен көрмеген адам өйтіп дәлме-дәл жаза алмайды.
Сеңгір бұлағы әлі күнге де­йін Жасыл көлдің (Көк нор) етегінен ағып, қәзіргі Үсек, Шыңғыс хан заманындағы Түрген өзені­не әлі құйып жатыр. Оның бойында Қызұйасы деген аңыз жар тас бар.
«Монголдың құпыйа шежіресінде: «Тәңірі бақыт­ты етіп жаратқан Бөртэ – Чино зайыбы Гуа – Маралмен бірге талай теңіз дариясын кешіп келіп, Онон өзені бас алған Бурхан – Халдун тауын тұрақ еткен кез­де Батқагаан деген бір ұл тұуады» (МХР, Өлгий, 1979, 23 – бет, моңғолшадан аударған – Мағауия Сұлтанияұлы).
Қанша бұрмаланғанмен, қазақ сөздері бәрібір мен мұндалап тұр. Мәселен, «тәңір» сөзі – қазақ тілінде әлі сақталып келе жат­қан сөз: ата-бабамыздың діні. Шыңғыс ханның ата-бабасы да, жұбайы да Бөрте аталады. Қазақ сөзі. Ал қолжазбадағы «Қуа Марал» дегеніміз қәзіргі Ақмарал емес пе? Шумер дәуірінде бір қаланың әміршісі Құу Бау деген әйел болыпты, оны орысша «Светлая Бау» деп аударады. Демек, «құу», «құуа», «құба» сөзі шумер дәуірінен келе жатқан сөз. Шыңғыс ханға қатысты шығармалардың бәрінде қанша бұрмаласаң да, қазақылығы білініп, көрініп тұратын атау сөздер, оның ішінде аударыуға болмайтын жалқы есімдер еріксіз көңіл аудартады. Мысалы: мерген, шешен («чечен, цэцэн» деп жазғанмен, дұрысы «шешен» екені белгілі), нөкер, әскер, ене, арыуақ, батыр (бағадұр), шерік, тәңір, алла, хан, бек, теңіз, обақ, Бөрте, Өлең (Оөлүн), Төбе – Соқыр, Мұқалый, Жебе, Бөріқұл, Дай шешен (Сұуанның Ата шежіреде екі баласы болған: Бай және Дай), Қатаған, Байұлы, Сіргеті (Нараты, Дардамты, Бұғыты, Сөгеті, Алматы, Ырғайты, Бұланты, Мойынты, Өлеңті, Сілеті, Некейті), Әмбегей (Амбағай), Есіугей – Есіукей (Сәмөгей – Әсет Найманбаевтың қызы Төлекей, Әлкей), Жаныс, Көк – Нор, Сызған, Байұлы, Қатаған, Байжігіт, Байсұңқар (Бай – Сонкар), Меңлік (меңі бар), Қабыл, Төртуыл (Дөртұуыл), Тамаша, Құлсары мерген, Жарқышақ, Тоба, Кері өлең (Керулен), Шұбар, Көде – Арал (Арал төбе), Отқыйа, Зерен Қапшағай, Жар Қапшағай, Түрген-Сөгеті, Құлжа, Сеңгір, Сарықыр, Алқабұлақ, Түрген, Ілеті, Қазақ, қазақ арба, Қалжыр, Көренлік, Бүркей – Ірге, т.т.
Шыңғыс ханның шын атын «Темучин, Темужин» деп жазып жүрміз. Қытай тілінде «р» дыбысы да әрібі де жоқ. Енді осы атқа «р» дыбысын қосып көрейікші, онда ол «Темурчин» болып шығады. Демек, 1776 – жылы жазылған Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқыйаннан өзіме ше­йін» кітәбінде оны «Темір» деп атауы, ал Сәкен Сейфұліннің «Қазақ тарыйхынан қысқаша мағлұмат» деген еңбегінде: «Теміршың хан енді кішкене хан емес, бұл енді – ұлы, бійік хан болды. Көктегі тәңірдің әмірі бойынша, мұның есімі енді «Шың – құзхан» болсын!», – деп жар қылған Қоңырат ұрыуынан Меңлеке баласы «Тәңір бұты» атанған, Көкше деген бақсы Шыңғыс («Шың – құз») әскерінің оң қанатының бастығы болған», – деуі (7 – том, Алматы, 2007, 14 – бет) бұл ойымызды айқын дәлелдейді. Бұл – «халық жауларын» қырып бітпеген кез­дегі әр қазақ зыйалысы білген сөз. Ал енді бұл тарыйхтың қалай бұрмалағанын қараңыз: «Можно утверждать в большой деле вероятности, относительно ряд племен – татар, кераит, найман, джалаиров, сулдузов, барласов, меркитов, ойратов, – что в ХІІІ – ом веке они были монголоязычной, а не тюркоязычной» (И.П. Петрущевский. Рәшит әд-Діннің кітәбіне кіріспе. 1952 – ж. 1 – том, 2 – кітәп, 29 – бет. Москва).
Бұл, әрійне, білім де, ғылым да емес, бұйрық іспет­ті зорлық еді.
Бірақ біз, амал жоқ, осыған көндік: ХІІІ – ғасырда халха – моңғол қалмақ екеміз, ке­йін қолма-қол қазақ болып кетіп­піз.
Ал, шындығында, «Шыңғыс қағанның құузауырында» Шыңғыстың: «Көк –Тәңір мен Жер – Ене», – деп сөйлеуі-ақ (492 – бет) оның қазақтығын көрсетпей ме?
«Йакініф ата» аталған Н. Я.Бичұриннің «Статистическое описание Китайской империи в 2 – х частях» деген кітәбі бар (Москва, 2002).
Сонда ол қытай мемлекетіне қарайтын аумақтың жер-сұу ат­тарын түгелдей жазып шығады. Сонда Бұрқан біреу ғана екені және ол Алтайдың оңтүстігінде екені анық жазылған (249 – бет). Тарбағатай «От Или до Урумщиа» болса, «Алтынь – Эмиль от Или на северозападе» делінген (249 – бет, сонда, 2 – бөлім). Қәзіргі Жәркент өңіріндегі Бұрқан тауы 1881 – жылға де­йін қытайға қараған. Бұрқан тау тек қазақ жерінде, басқа Бұрқан жоқ. Моңғол ғалымдары Бұрқан тауы Хэнтэй тауы болыу керек деп топшылайды. Бірақ топшылаумен тарыйх жазылмайды.
Әкесі Есіугей өлгенде Теміршың тоғыз жаста болатын. Інілері Хасар жеті, Хачиун бес, Тэмугэ үш, ал қарындасы Төмұлін бесікте еді («Сокровенная империя монголов»; Москва, 2012, 24 – бет).
Есіугейдің бірінші әйелінен Бектер, Белгітай деген тағы екі ұлы қалған-ды. Сол жылы Тайшығұт­тар Өлең мен бірінші әйелін бала-шағаларымен бірге Бұрқан тауына тастап, өздері Өнәнді құлдай жүріп кетеді. «Құлдай» сөзі Тілеубердінің аудармасында ғана бар, ал «Монголдың құпыйа шежіресінде» «Ононға кет­ті» деп қана аударылады. Бұл да Шыңғыс ханның атамекенін құпыйа етіудің бір амалы.
Осы арада тағы бір құпыйа бар, ол – Өлең мен балаларын Тарғытай бастаған тайшығұт­тардың қанша жылдан ке­йін іздеп келгені.
Бөртені айт­тырып Дай шешеннің аулынан қайт­қан жолда Есіугейге татарлар ұу береді де, үш күн жол жүріп әлсіреген ол: «Кім бар?», – дегенде, Меңлік: «Мен бармын», – дейді ғой. Сонда Есіугей оған: «Бауырларыңа, жеңгеңе өзің сүйеу бол», – дейді («Шыңғыс қағанның құузауыры», 479 – бет). Ал «Монголдың құпыйа шежіресінде»: «Бауырым Меңлігім менің… Балаларымды, жесір жеңгеңді саған тапсырдым», – десе (32 – бет), «Сокровенное сказание монголовта: «Мой верный Мэнлик», –дейді (27 – бет). Демек, ол оның інісі де, ұрыуласы да емес, тек сенімді қызметшісі болған.
Тағы бір анық айтылмаған, бірақ жорамал жасауға болатын жәйіт бар, ол – Бұрқанға тастап ке­йін Теміршыңды Тарғытайлардың қанша жылдан соң іздеп келіуі. «Шыңғыс қағанның құузауырында» Тарғытай: «Біз жұртқа тастап кеткен Темежәндер (Теміршың – Б.Н.) ендігі шөжеде­йін қанат­танып, күшікте­йін әбден жетілген болар», – десе (480 – бет), «Монголдың құпыйа шежіресінде: «Тарғытай: Қозы пісіп, ісек істі» деп, шауып алмақ болып келді», –дейді (36 – бет).
Бұл деректер арада бірер жыл өткенін анық аңғартады. Егер «ісек» сөзін бағдарға алсақ, қозы, тоқты, ісек қой болған кезі үш жыл өткенін меңзейді. Солай болса, ол кез­де Теміршың он екі жаста (9+3 = 12) болып шығады. Егер одан үлкен болса, онда «құнан қой», «дөнен қой» деген болар еді деп жорамал жасайық десек, бұл – мәтел, йағный әрсөзі жеке мағына бермейді, бәрі бірігіп «ер жет­ті», «есейді», «үлкейді» деген мағына береді. Сондықтан Теміршыңның жасын дәл айтыу өте қыйын. Әйткенмен ол кез «он үште отау ійесі» дейтін заман ғой, Тарғытайдың «шөжеде­йін», «күшікте­йін» дегеніне қарап, олардың аса үлкейе қоймағанына да шамалауға болатын сыйақты.
Бұрқан тауын ол кез­де ұранқайлық Бұрқан деген кісі мекендеп, Қарақорымнан (Қәзіргі Матай тауынан – Б.Н.) көшіп келген Есіугейге бауырмалдықпен орын берген. Бұрқан – белгілі бір атақты білдіретін сөз. Ал ұранқай – ол кез­де жалайырдың бір ұрыуы.
Бұл күнде саха елінде, сібір халықтарының арасында әлі сол атпен өмір сүріп жатыр, Марқакөл ауданында Марқакөл көлінің шығыс жақ іргесінде, Бұурабайдың іргесінде «Ұранқай» ат­ты ауыл бар. Шыңғыс ханның хас батырының бірі Желме – ұранқай жалайыр. Қадырғалый – Жалайыр бабамыз Шыңғыс хан мен балаларының бейітінің шырақшысы ұранқайлық деп жазады.
Бұрқанның аузын бөгеп тұрғандарға тарғытайлар: «Біздерге үлкендерің Темежан керек. Басқада шарыуамыз жоқ», – дейді. «Темежан апыл-ғұпыл атқа мінді де, орманға кіре жөнелді. Тайжігіт­тер көріп қалып Түрген тауына де­йін құуды. Темежан нұуға сүңгіп кеткендіктен, тайжігіт­тер ке­йіндей берді де, сырт­тай қоршауға алды», – дейді «Шыңғыс қағанның құузауырында» (156 – бет).
Бұл дерекке мән берсек, Бұрқан мен Түргеннің бір-біріне жақын жер екені байқалады. Бұл – дәлел. Жетісұу обылысындағы Жәркент қаласының солтүстік желкесінде Бұрқан тауы мен Түрген де бір-бірімен іргелес жатыр. Оны ешкім жасыра да алмайды, бұрмалай да алмайды, тек барып көріуге ғана болады. Осы өлкеде тұуып өскендіктен, мен мұны білем. Ал көріп білмегендер үшін күуәге Шоқанды тартам. Оның жазбасы былай аталады: «Западный край Китайской империи и город Кульджа. Дневник поездки в Кульджу 1856 г». (Ч.Ч. Валиханов. Собрание сочинений в пяти томах, том ІІ, Алматы, 1962). Онда былай делінген: Югенташская долина есть горное плато, образованное течением на западе речек Агыныкат­ты, Каргалы, на востоке Усека, Борохуджира, который при впадении назывется Турген(11 – бет).
Бұлар бұл күнде де солай аталады, тек Ағынықат­ты өзенін Ақсұу дейміз, себебі, таудан құлап аққандықтан, ақ көбігі шашырап, ап­пақ болып ағады. Шоқанның «Борохуджир» деп отырғаны – Бұурақожыр. Ол сұу Бұурақожыр тауының баурайынан Белжайлаудан басталады да, әуелде «Белдің сұуы» (Белжайлаудың сұуы), сонан соң басып өткен жерінің атына қарай әр жерде әртүрлі аталып отырады: Айақсаздың сұуы, Кійтіңнің сұуы, Құудың сұуы, Көкталдың сұуы. Әулійе ағаш ауылының желкесіне келгенде, екіге бөлініп, бір саласы Түрген тоғайға, бірі Көктал ауылына қарай кетеді.
Шоқан Құсмұрын мен Қарасайдан өтіп Бұрқансұуға тоқтаған, ал Бұрқансұу Бұрқан тауынан басталып Бұрқан сайының қақ ортасынан ағады. Шоқан одан ары былай дейді: «Верблюды успели переправиться через реку и направились на реку Бурхансу, обильную кормом и водопьем» (20 – бет).
Одан ары былай дейді: «Налево очень близко от дороги, шла холмистая гряда, нап­раво вдали виднелась широкой лентой Или и около нее темнели силуэты городов и их окружающей рощи. Это был город Тургенкент, стоящий при впадении Борохуджира в Или» (сонда, 21 – бет). Тағы былай дейді: «Усек разделяется на два (рукава), один приток соединяется с Яркендсу, другой с Тургеном» (сонда, 104 – бет).
Шоқан көрген Тышқан, Ақкент, Түрген қалаларының қәзір тек орындары ғана бар.
«Құлжа күнделігі» Шыңғыс хан заманында солай аталған Бұрқан мен Түргеннің тоғыз ғасыр бойы әлі де солай аталып, әлі де өзгермей келе жатқанын дәлелдейді. Жәркент қаласы мен Көктал ауылының ортасындағы Түргентоғайда Түргенкент қаласының дұуалдары мен қорғанын Сарөзек – Жәркент тас жолы қақ бөліп өтеді, көне қаланың қалдықтары жер бетінде көрініп жатыр.
Тарыйхтың шындығы осы: Моңғолыйада Бұрқан ат­ты тау да, сұу да; Түрген ат­ты тоғай да, қала да жоқ және бұрын-соңды болмаған. Бұл – тарыйхый дәлел, біреуге жап­қан жала емес, біреудің тарыйхын бұрмалау да емес.
Тоқ етерін айт­қанда, Бұрқанның қайда екенін анықтау – Шыңғыс ханның да қайда өмір сүргенін анықтау. Ал Онон өзені қайда? Оны Тілеуберді Өнен деп аударады да, ол Іле өзені дейді. Мен де соған ден қойамын. Өйткені солай екенін бүкіл дерек қостайды. «Онон» деген сөз қәзіргі Моңғол халық респұблійкасының тоқсан пайызын құрайтын халхалардың, қазақша айт­қанда, құба қалмақтардың да, қазақтың да сөзі емес. Екеуінде де ондай мағыналы сөз жоқ. ХІІІ – ғасырдың 1 – жартысында Шыңғыс ханның атамекеніне (Жетісұуға – Б.Н.) келген еуропалық Карпини мен Рубрук та ол өзеннің атын «Онан» деп жазады. Ал Тілеуберді Өнен деп аударады. Мен оның ар жағынан Өнән дегенді көрем. «Нән» деген – дәу, үлкен деген мағына беретін сөз. Қазақ өзі өте құрмет­тейтін кісінің де, жер-сұудың да атын тіке айтпай, жанамалап атайды.
Шыңғыс хан заманында МХР жеріндегі халықтар да оған бағынған. Барған басшылар: «Мынау біздің Өнән секілді сұу екен», – деп жүріп, солай аталып та кетіуі мүмкін. Өйткені халхалар ол өзенді Онын дейді екен. Ал ол сөздің мағынасы жоқ. Қазақтың «ө», «ә» деген дыбысын дәл айта алмайтын елдер оны «о» мен «а» – ға ауыстыра береді ғой.
Өлеңді жас балалары мен бірге Бұрқанға тастап, «Ертесінде Тарғытай – Қоралдық жұртқа қалдырып, Өнен-мұранды құлдай көшіре жөнеледі», – дейді «Шыңғыс қағанның құузауыры» (486 – бет).
Ол арада Теміршыңның қанша болғаны анық айтылмайды, бірақ бір жылдан артық емес сыйақтанады. Ол арадан қашып шыққан Теміршың «Өненді өрлей тарт­ты», – дейді. «Шыңғыс қағанның құузауыры» (484 – бет). Одан ары: «Батысқа қыйыстай ағып Өненге құйатын Құмырға деген өзенше болыушы еді», – дейді. Мұны «Монголдың құпыйа шежіресі» де атайды. Ол тек Өнәнді Онон, Құмырғаны «Химурга бұлағы» дейді.
Мен Тілеубердіден: «Құмырғаны» Қабырға деп оқыуға бола ма?» – деп сұрап ем, «аға, болады», – деді.
Жәркент­тен еліу шақырымдай болатын Қоңыр Өлең ауылының солтүстігінде Желке дейтін жерден батысқа қарай қыйыстап, тауды қабырғалап Қабырға бұлағы ағатыны ырас. Бірер шақырымнан ке­йін оған Қарақол (Қарасұу) өзеншесі қосылып, содан ол өзен Ілеге қарай Көктерек өзені болып ағады. Осы арада Құршоқы деген жер айтылады. Меніңше, ол қәзіргі Құрқайшы болыуы мүмкін. Өйткені екеуіне ортақ «құр» сөзі ол заманда да бұл заманда да «құрғақ», «сұусыз» деген мағына береді.
Содан ке­йін Теміршың «Бұрқан тауының бойындағы Көренлік тауына көшті. Сол тауда Сенгір өзені жанап өтетін Қарабұлақ деген бытқыл бар-тын. Соның қойнауындағы Көк – нөрдің бойына орда тікті, – дейді «Құузауыр».«Құпыйа шежіре» де осылай айтады, тек Көренлік тауын айтпайды. Сірә, өне бойынан түрік сөзі екені аңқып тұрғандықтан болса керек. Сонан соң «Сеңгір өзенін» «Санғұр бұлағы», «Қара бұлақты» «Хар – Зұрх», Көк – нөрді «Хох – нуур» дейді.
Жергілікті жұрт Көренлік тауын бұл күнде Баркөрнеу десе, Көк – нөрді Жасыл көл дейді. Көренлік деген Көрнекі деген мағынаны білдірсе, Баркөрнеу Бәрі көрінеді деген мағынаны білдіреді, ал көк пен жасыл да мағыналас. Жасыл көл – түбіндегі көк шөбі көрініп жататын тостағандай ғана көл. Осы аталып отырған тау, өзен, бұлақ – бәрі Бұрқан тауының батыс жағынадағы жерлер. Бұл да дәлел.
МХР-дағы Онон Хэнтэй тауының оңтүстік жотасынан солтүстікке қарай ағып Амұрға құйады. Дұрыстап айт­қанда, Онон – Амұрдың бір саласы: әуелі Шилкаға, содан соң Амұрға қосылады. Ал Рәшит әд – Діннің «Жылнамасында» былай деп анық жазылған:
«Подробное перечисление тех рек, (что стекают со склона горы Бурхан – Калдун), такое: с южной стороны, в центре-Кэрулэн, с востока – Онон. (Рашид әд – Дин. «Сборник летописей» том 1, Книга 2. Стр.234. Москва – Ленинград, 1952).
Бұл – сегіз ғасыр бұрын жазылып қалған дерек. МХР – дағы Онон оңтүстіктен солтүстікке, ал Қазақ­стандағы Өнән шығыстан ағады, қайсысы Рәшійіт әд – Діннің жазғанына сай келеді? Кэлурэн деп отырғаны – қәзіргі Терісаққан, Сәкен айт­қан Керөлең – осы, өйткені ол кері, теріс ағады, қалған өзендері Қорғас, Алмалы, Шекін, Тышқан, Бұрқан, Бұурақожыр, Үсек, Көктерек – бәрі бір жаққа – Ілеге қарай ағады, ал Терісаққан Қарғалыға, одан Көксұуға, одан Қараталға, одан Балқашқа қарай ағады. Бұл дәлдікті ешкім қолмен өзгерте алмайды. Керөлең деген өзеннің аты, өкінішке қарай, тек орысша нұсқада ғана Кэрулэн деп дұрыс жазылған.
Енді Теміршыңның өміріне оралсақ, ол Тарғатайдың тұтқынынан құтылған соң тағы бір сынға ұшырайды: сегіз (найман) жылқысын біреу ұрлап әкетеді. Соны құуып бара жатып Бауырына (ет тұурағыш деген мағына беретін ат) жолығады, екеуі дос болады.
Он екісінде Тарғатайдың тұтқынына түсіп, одан он үшінде қашып шықса, Бөртеге үйленген кез­де Теміршың, шамамен, он төрт жаста.
«Олар Сеңгір қойнауынан көшіп, Керелімнің (Керіөлеңнің – Б.Н.) бойындағы Бүркей – Ірге деген жерге қонды», – дейді «Құузауыр». Таң атып келе жатқанда қызметші әйел ат дүбірін естіп, бәрін ойатады. Осы арадан үлкен құпыйа басталады. Мен сол құпыйаны дұрыс түсіндіре алсам, – мұратыма жеткенім.
Теміршың, Бауыршы, Желме, Қасар тағы екі інісі – бәрі бір-бір атқа мінгенде, Бөртеге ат жетпей қалады да, ол қызметші әйелмен бірге өгіз жеккен күймеге мінеді. Ал Өлең қызы Темелімді алдына алады («Құузауыр», 486 – бет). Есіугей қайтыс болғанда бесікте жатқан қыз енді шешесінің алдына отырыуға жарап қалыпты, соған қарағанда, оны төрт жаста деп шамалауға болады. Бұл – құпыйаның кілті. Және бір ескертетін жағдай: Теміршыңнан басқа еркектің бәрі бойдақ: салт басты, сабау қамшылы. Себебі бәрі де Теміршыңнан жас.
Мұнда айтылып отырған Бүркей – Ірге деген жер бұл күнде Іргетау деп аталады «Ірге» сөзі – екеуіне ортақ. Жоғарыда аталған Қабырға (Құмырға) бұлағының оңтүстік шығысында, екеуінің арасын жазық аңғар бөліп тұрады. Жазық жердің іргесіндегі тауды қазақ Іргетау, іргедегі тау дейді, «Бүркей» деген ық, ықтасын жер деген мағына береді.
Бұл ара менің тұуып-өскен жерім болғандықтан, осыдан тоғыз ғасыр бұрын болған оқыйғаны жер ыңғайына қарап елестете алам.
Іргетауға (бұрынғы Бүркей – Іргеге) жан-жақтан келетін бірнеше жол бар. Оңтүстігінен Қойбын шатқалы мен Шәлімбек қорасы деген жерден екі жол келеді. Меркіт­тер бұл екеуімен де келмеген. «Құузауырда» Теміршың «сұуды өрлей тарт­ты» деп анық жазылған (486 – бет). Меркіт­тер Қойбыннан, йағный оңтүстіктен келсе, онда олар арбадағылар мен кез­деспес еді.
Тағы бір жол Қайшының белі деген жерден жоғарыдан келеді. Егер меркіт­тер ол жолмен келсе, онда олар Теміршыңмен қарсы жолыққан болар еді. Екі ара біраз жер, ол жақтан келе жатқан ат дүбірін алыстан естіу мүмкін де емес.
Ендігі бір жол – шығыс жақ бүйірден келетін ең төте жол. Шығыс жақтан келе жақтан меркіт­тер Іргетауға де­йін Қаратақыр жотасы арқылы да өтіуіне болады, бірақ Ыршыуық арқылы келетін мойнақтан өте салыу – өте ыңғайлы, жақын. Ыршыуықтың мойнағынан өткен меркіт­тер Айақ Қайшыға келіп, сол арадағы Бетбастаудың мойнағынан өтіп, Құрқайшыға түседі. «Құузауырда» аталған Құршоқы осы ара болыу керек. Бұл ара – Іргетаудың шығыс жақ бүйірі. Топ ат­тың дүбірі таңғы самалда Іргетауға емін-еркін жетеді.
Меркіт­тер Іргетаудың өргі тұсынан шыға келгенде, Теміршыңдар ол арадан Өргі Қайшыға қарай өтіп кеткен де, өгіз арбаға мінген Бөртелер әлі өтіп кете алмай, бүйір тұстан шыға келген меркіт­термен жолығып қалған.
Меркіт­тер Ірге тауға келіп, онда қал­ған Есіугейдің бірінші әйелінен бар шын­дықты, сірә, білген соң, оны айағын салақта­тып мінгестіріп келеді де, күймені ашып, ішінде отырған Бөртені тауып алады. Ал Бүркей – Іргеден қашып шыққан Теміршыңдар Көренлік арқылы Көк – нордың айақ жағынан өтіп, Түрген тоғай арқылы Бұрқанға жетіп тығылады. Оларға бұдан басқа жол да жоқ. Бөртені Теміршың сол жылы қыс түспей Тұғырыл мен Жамұқаның көмегімен қайтарып әкеледі. Алайда бірде-бір қолжазба не кітәп Бөртенің тұңғышына қашан босанғанын айтпайды. Ал Бөртені меркіт­тер алып кеткеннен ке­йін Оң хан мен Жамұқадан көмек сұраған Теміршың «қатын-баламды алып кет­ті» дейді. Неге «жүкті әйелімді» демейді? Әлі тұумаған баланы неге «баламды» деп айрықша айтады? Сірә, бала өзімдікі дегенді аңғартып, ол сөзді ке­йін Шыңғыс ханның өзі жаздырған болыу керек. Қалай болғанда да, осы тұста Бөртенің жүкті болғаны шындық.
Йағный оның тұңғышы да осы кез­де дүнійеге келген. Бірақ ол Жошы емес.
1975 – жылы Мәскеуден шыққан қытай зерт­теушісі Мэн – Да – Бэй – лудың «Полное описание монголо-татаров» деген кітәбінде (Москва, 1975) 1221 – жылы Шыңғыс хан мен Мұқалыйдың ордасында болған қытай елшісі Чжаа – Хұнның жазбасы бойынша айтылған мынандай дерек бар: «Нынешний император Чингис, а так же все его полководцы, министры и сановники являются черными татарами» (48 – бет). «Чингис родился в году цзя – сюй (1154 – 1155) (49 – бет). «Чингис в малолетстве был захвачен в плен цзинь – цами, обращен в рабстве и только через десять с лишным лет бежал (49 – бет). «У Чингиса много сыновей, старший сын Би – ин был убить в бою при штурме западный столицы (цзинцинов)…. Но второй сын является старшим царевичем и зовут его Иоджи (сонда, 56 – бет).
«Сокровенно сказаниенің» түсініктемелерінде де: «Чингис – хан 10 лет был в рабстве Чжуржэне», – делінген (410 – бет). Оларды қазақ «шүршіт» дейді.
Бұл дерек Теміршыңның тұтқынға Бөртеге үйленгеннен соң түскенін дәлелдейді. Ал ол қай кез? Сөз жоқ, Бөртені меркіт­терден қайтарып алған соң ғана.
1230 – жылы Шағатай ұлысының орталығы Алмалық қаласында дүнійеге келген Жамал Қаршы бабамыз «Ал – Мул хакат – би – с – Сурах» ат­ты 1182 – жылы жазған кітәбінде: «Чингиз – хан ал – Мугул», – деп жазады да, оның төрт ұлын былай атайды: Тубини, Чагатай, Уктай Тулуй (Аудармасы, 1 – том, Алматы, Дайк – пресс, 2005, 118 – бет).
Тубини мен Жошыны шатастыра беретініміз осыдан. Оны Жамал Қаршы бабамыз да шатастырып, «Сын его Тубини (Джучи) умер раньше своего отца», –деп жазады аталмыш кітәбінде. Алайда қытай елшісі Чжаа Хұнның айт­қаны Би – ин деген сөздің мағынасы ағылшынша «іште болған» дегенді білдіреді екен. Бұл сонда түркілерден ағылшындарға барған сөз болып шығады, өйткені өз баласына ағылшын тілін білмейтін адам ағылшынша ат қоймайды ғой.
Бұл жұмбақты шешеміз деп, тағы бір құпыйаға тап боламыз: бұл қай кез­де іште болған бала? Меркіт­тер Бөртені алып кеткенге де­йін бе әлде меркіт­терден келгенде ме? Мұны шорт кесіп айтатын дерек еш жерде жоқ. Бірақ өсек-айаң көп.
Бір анық нәрсе: Шыңғыс ханның өзі де Жошыдан бұрын да тұңғыш ұлы болғанын елден де, өз балаларынан да жасырған. Сондықтан бәрі құлақтарына өсек-айаң арқылы жеткен сөзге қарап, ол бала тұңғышы Жошы деп ойлаған. Ал Жошы қашан дүнійеге келген? Бичурин – Йакинф «История первых четырех ханов из Дома Чингисов» деген кітәбінде Үкітәй таққа 1229 – жылы 43 жасында отырды десе, «Сокровенное сказаниеде» 1228 – жылы отырды дейді. Дұрысы 1229 – жыл болар деп ойлаймын. Өйткені өмір бойы Шағатай ұлысында қызмет еткен Жамал Қаршы бабамыздың аталмыш кітәбінде Шыңғыс хан 624/1227 – жылы 24 – тамызда өлді, Үкітәй таққа 262/1229 – жылы 9 – қыркүйекте отырды» – дейді (119 – бет). Меніңше, айы-күніне де­йін анық жазып отырған адамдікі дұрыс. Ендеше 1129 – жылы 43 –те болса, Үкітәй (1129 – 43 =1186) 1186 – жылы тұуған, ал оның ағасы Шағатай – 1184, оның ағасы Жошы 1182 – жылы тұуған болып шығады. Ол тұуғанда Шыңғыс хан (1182 – 1155=27) 27 жаста болады. Тоқайласқан көп құпыйаның беті, меніңше, осылай ашылады.
Бөртені меркіт­терден қайтып әкелгеннен ке­йінгі Теміршыңның өмірі де, шешесі Өлеңнің, інілерінің де өмірі ашып айтылмайды, құпыйа. Бірақ құпыйаны ашатындай жанама деректер де бар. Бөртені Теміршың меркіт­терден жай қайтарып әкеткен жоқ, төрт түмен қолмен барып қырып-жойып әкет­ті. Оның кегін меркіт­тер қалай қайтарыуы мүмкін? Меніңше, енді олар Теміршыңның көзін біржола жойыуды ойлаған болыу керек. Оған дәлел мынау: «… Однажды Чингис – хан, прогуливаясь на лошади, попался в полон Тохтабеги (меркіт­тердің көсемі – Б.Н.), который прятался на западне. Но его поданные выкупили Чингис – хана за великие деньги… Человек из поколения Кун Кахмеров именем Менглик Ичка женился на вдове Улун – Ига» (Абдулгазы «Родословная история о татарах. Том 1. 177 – бет).
Тоқта бек Теміршыңды ұстап алған соң, өлтірсе, тағы басы бітпес бәлеге қалады, өлтірмесе, оның кегін алыушылар елін тағы шабады.Сондықтан ол оны қытайларға құлдыққа жасырын беріп (сатып) жіберген. Сөйтіп Теміршың айақ асты ұшты-күйлі жоғалған да кеткен. Оған не болғаны ел-жұртына да құпыйа болып қалған. Міне осы кез­де, бәлкім, өз әйелі қайтыс болып кеткен Меңлік Өлеңге үйленген де, Теміршыңның бүкіл бала-шағасын бағып-қағыуды өз мойнына алған.
Он жылдан астам уақыт Теміршың тек үмітпен өмір сүрген шығар. Құлдықта жүрген жағдайда жат жерде Теміршыңға кім көмектесіуі мүмкін? Деректерді тінтіп қарасақ, Мэн – Дэ Бэй – лудың «Полное описание монголо-татаров» деген кітәбінде Теміршың Цзин қамалын шапқанда, Лю – бо – линь ат­ты қытайдың садақшы мергені Теміршың жаққа баласы екеуі қашып өткені айтылады. Сол соғыста Теміршыңның Жошыдан бұрынғы баласы Би – ин өледі де, оның әйелін Лю – бо – линнің баласына қосады. Қазақша айт­қанда, Теміршың Лю – бо – мен құда болады.
Бұл оқыйғадан қандай ой түйіуге болады?
Лю – бо – линь мен Теміршың оған де­йін де бір-бірін білген. Екеуі, меніңше, Теміршың тұтқында жүрген кез­де танысқан. Бәлкім, Теміршыңның тұтқыннан қашып шығыуына қытай мергені көмектескен. Өйткені бұрын білмеген, көрмеген адам жағына ол бекерден-бекер қашып өте қоймаса керек. Теміршің да бұрын таныс емес біреуге өз келінін бере де қоймас.
Жошыдан бұрын да баласы болғанын Шыңғыс – хан ел-жұрт­тан, тіпті өз балаларынан да неге жасырған? Оның, меніңше, екі себебі бар. Бірі – қытайларға он жылдан астам құл болғанын білдірмеу үшін. Намыс қылған. Тағы бірі – ол баласының өліміне өзі себепші болғанын, кінәлі екенін іштей мойындаған. Бірақ ешкімге ашып айтпаған.
Бұл оқыйға, сірә, Жошы дүнійеге келіп, өзін тайпаластары Көк – Норда хан сайлағаннан ке­йін ғана болған. Өйткені оған де­йін Шыңғыс ханда қамалға шабыуыл жасатындай жасақ болған жоқ қой.
Меніңше, Шыңғыс ханның атамекені қәзіргі Қазақ­стандағы Бұрқан – Шұбар өңірі екенін мына бір дерек-ақ анықтай алады.
Ол замандағы қоңырат­тардың Қытай қорғанының қасында және Бүйіркөлде тұрғанын бүкіл дерек бірауыздан жазады. Дай шешенмен құда болғанда Есіугей Шек Жерге, йағный шегараға барады, ал өзі Бұрқанда тұрады. Қайтарда орта жолда оған татарлар ұу береді. Ол татарлар – Есіугейге бағынбайтын, өз басшылары бар татарлар, йағный ол да, бұл да – бір халық.
Ке­йін Алтын ханның өтінішімен Оң хан мен Шыңғыс сол татарларды шабады. Аталарының, йағный Тарғытайдың атасы Әмбегейдің (Амбағайдың), Шыңғыстың әкесі Есіугейдің кегін қайтарады. Ал ол татарлар қай жерде? Оны «Құузауар: «Екеуі Құлжа өзенін құлдай жүріп, татарларды шабыуылдады», –деп, ап-анық жазады (497 – бет).
Құлжа осы күні де Қытай мен Бұрқанның жол ортасында тұрған жоқ па? Бұдан артық қандай дәлел керек?
Жәркент­тің желкесіндегі бұл Бұрқанның сол Бұрқан екеніне менің сенімімді арт­тыратын тағы бір жағдай бар, ол бұл Бұрқанның да, сол Бұрқанның дәл сай екені. Егер ол сай болмаса, Тарғытайлар шауып алыуға келгенде, Қасарлар оның алдын қалай жабады? Сайдың аузын жабыуға болады, ал жазық жер мен жазық орманның қай жағын жабады? Бұрқан сайының аузы шығыстан батысқа – Түрген тоғайына қарап жатыр. Жер бетінде бұдан басқа бір-бірімен іргелес жатқан Бұрқан да, Түрген де жоқ! «Бірін айт­қан соң, бәрін айт!», –дейді қазақ. Жоғарыда айтылған үш шығарманың бірінде болмаса, бірінде айтылатын мына жер-сұу ат­тарының: Зерен Қапшағай, Қарақорым (Қарашоқы – Матай тауы), Қолқан тауы (Қалқан), Алқабұлақ (Айнабұлақ), Теліген Болтағ, (Жанасқан бөлек тау – Қос Қотырқай), Шұбар, Көде Арал (Арал төбе), Отқыйа, (Қызылқыйа), Кэрулэн (Кері өлең, Терісаққан), Көренлік (Баркөрнеу), Құмырға бұлақ (Қабырға бұлақ), Бүркей – Ірге (Іргетау), Сеңгір бұлақ, Черная вода (Қарақол), Көк – нор (Жасыл көл), Күйтең (Кійтің), Түрген (тау, тоғай), Бұрқан, Түрген-Сөгеті, Келте қада (Сынтас – Сынған тас), Жар Қапшағай (Шарын), Нараты, Құлжа, тағы-тағылардың бір өңірде бір-бірімен қарайлас жатыуының өзі-ақ, маман тарыйхшы тұрмақ, жай оқырманның өзін де ойландырар нәрсе ғой. Бұлардың бәрі Жетісұуда болса, Шыңғыстың бабалары 450 жыл бойы тығылып жатқан тұйық тау Ергенқонның қайда болғаны? Әрійне, ол да осы маңайда. Ол араны бүгінгі ұрпақ Ойжайлау дейді. Тек атпен ғана тау жебелеп баратын жер еді, Қорғас жағынан оған жол ашылғалы төрт-бес-ақ жыл болды. Айналасы тау, өзінен ағып Қорғас өзеніне құйатын сұуы бар шүйгін жер. Бұрқанның шығыс жағында 30 – 35 шақырым жерде. Күдік, сезік – ілімге тән нәрсе. «Осым өтірік болып жүрмес пе екен?» – деп, мен де өз-өзімді өлердей тексерем. 2023 – жылы Кәдірбек Сегізбай досыма Ойжайлауды көрсетіп, «Қалай?» деп едім, «Дәп-дәл», – деді.
Ең жабайы дәлел: егер Шыңғыс хан халха – моңғол, йағный құба қалмақ болса, оған баласының өлімін қазақтың домбырасымен естірте ме? Ал «Ақсақ құлан – Жошы хан» күйі қай халықтың күйі?
Шыңғыс ханның дініне келсек, деректерде ол да ап-айқын айтылған, біз тек өзіміз оқып, өзіміз көз жеткізбей, өзгелер айт­қан өтірікке бас шұлғый бергеміз. «Құузауыр» мен «Құпыйа шежіреде» де «Тәңір» деген сөзден құлағыңыздың құрышы қанады. Ал халха-моңғол аталып жүрген қалмақтар тәңірге емес, пұтқа табынады. Йағный Шыңғыс олардан емес. Мәселен, Шыңғыс хан: «Көкте Тәңір, Жерде Арыуақ қолдап», –дейді. («Құузауыр», 494 – бет). «Арыуақ» дегенді халхалар айт­ты ма екен?
«Құпыйа шежіреде»: «Сол кез­де Шыңғыс қаған тәңір аллаға құлшылық етейік деп, бір төбеге шығып, тоқымын жайып, қайыс белбеуін мойнына салып жалбарынып тілек тіледі», –депті (68 – бет).
Бұл мұсылманның қылығы емегенде, кімдікі? «Алла» дегенді моңғол – қалмақтар айта ма? Дәл осы әрекетін Шыңғыс хан Отырарды шабар алдында да жасап, үш күн жалбарынады ғой.
Шыңғыс хан Сызғанға Көк дәптер жазғызады. «Дәптер» (дафтер) деген арап сөзі қазаққа дінмен бірге келген ғой.
Сызған – Құтқа Шыңғыс ханға: «Мен бала күнімнен сіздің құт­ты босағаңызда өсіп келемін. Дәрет құманыңызды көтеріп, алтын босағаңызда ержет­тім», –дейді («Құузауыр», 528 – бет).
Дәрет алса да мұсылмандығына сенбейтін Шыңғыс хан бізге соншама не қорлық көрсетіп еді?
Шыңғыс ханның Сызған – Құтқаға жауап берген сөзіне жан-жақты мән берсек, талай құпыйа мен бұрмалаудың беті быт-шыт болып ашылады. Шыңғыс хан өзінің асырап алған інісі Сызған – Құтқаға: «Бұдан былай күллі ұлыс бас ұратын жаңа жосық жаса. Ұшбұу жосықтың Жарғы, пішік қатарларын жүйелеп Көк дәптерге түсір!», –дейді. Демек Сызған жаза біледі. Өзінің жаза білетін інісі тұрғанда, ол өз ата-бабасының шежіресін неге сары ұйғырға, тағы біреулерге жаздырыуы керек? Өзі де, халқы да жазыу білмейтін надан еді деу үшін бе?
«Осынау сен жазып, мен қарап бекіткен Көк дәптер ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз жететін болсын! Бұрмалағандар қатаң жазалансын!», –деп жарлық шығарды», –деп бұйырады». («Шыңғыс қағанның құузауыры», 528 – бет).
Осындай бағалы, Шыңғыс ханның шынайы бейнесін, білімділігі мен тәртіпті мемлекет құрыуды мақсат еткен ұлы адам екенін дәлелдеп беретін нұсқаны қытай мұрағатынан тауып, оны қазақшаға аударып берген Тілеуберді бізге жаңа бағдар ашып беріп, көп өтіріктің күлін көкке ұшырып отыр.
Біздің осы күні әр нұсқада оқып, біліп жүрген «Шыңғыс қағанның құузауыры» да, «Монголдың құпыйа шежіресі» де, «Сокровенное сказание монголов» та осы Сызған – Құтқа жазған Шыңғыс қағанның өзі қадағалап отырған Көк дәптері болыу керек деп ойлаймын.
Деректерге ғана сүйеніп сөйлесек, Шың­ғыс ханға де­йін жалайырлардың ханы Жамұқа болған. Егер олай болмаса, онда ол Оң хан құсап Бөртені құтқарыуға екі түмен әскер бере алмас еді. Ке­йін Шыңғыс хан Көк – норда хан сайланып кеткен соң кектеніп, оған қарсы біресе керейге, біресе наймандарға, тіпті меркіт­терге де Жамұқаның қосылып кеткені сол бақталастықтан.
Жошының дүнійеге келіуіне, оған Шыңғыс ханның «сұуық» қарауына ешқандай негіз жоқ, бәрі Би – ки мен Жошыны шатастырыудан шыққан алып-қашпа сөздер, дұрысын айт­қанда, қыйанат­тар. Шыңғыс хан оны ешқашан кемітпеген, ең көп мұрагерлік үлесті соған берген, ылғый «тұла бойым тұңғышым» деп айтып отырған. Жошының жөні қазақ үшін тым ерекше. Бүкіл қазақ даласын бійлеген – сол. Керейден бастап сайланған қазақ халқының барлық ханы – тек Жошының ұрпақтары. Ең соңғысы – «Ақтабан шұбырынды» тұсындағы Абдолда ұлы Әбілқайыр, кеңес дәуіріндегі Алаш көсемі – Әлійхан Бөкейханов.
Шыңғыс ханның кектесіп өткен жауы меркіт­тің ханы Тоқта бек Бұқтырмада оқ тійіп өледі. Мәйітін алып кетіуге мүмкіндіктері болмаған соң, балалары басын кесіп әкетеді.
Әбілғазы бабамыздың «Татарлар жайындағы түп-тұқыйан тарыйх» ат­ты екі томдық кітәбінде мынадай дерек бар:
«Однажды Чингис – хан был на охоте; в одном из этих мест росло одинокое дерево. Он спешился под ним и тогда обрел некую отраду. Он сказал: «Эта местность подходящая для моего погребания! Пусть её отметят!»(1 – том,178 – бет).
Бұл – ол кез­де дүйім халықтың құлағына жеткен сөз. Ханның өсійетін қара да, балалары да бұза алмайды, бұза қалса, оларды халық қарабет қылады. Олай болса, Шыңғыс хан өзі тұуған жерінде жерленген. Кербұлақ ауданында Шұбар ауылы мен Шыңғыссай аталатын жердің дәл ортасында Шаған тауының оңтүстік жазығында өзге обаларға ұқсамайтын, бұрынғы үйсін обаларынан айрықша, кійіз үйдің келбетіндей дөңгеленген дәу, өте дәу жалғыз оба бар. Сол оба Шыңғыс хандікі деп ойлаймын. Өйткені ол ара Әбілғазы мен Қадырғалый бабамыздың жазғандарына дәл келеді. Ол жер, әрійне, бекерден-бекер Шыңғыссай аталмаған шығар. Оның шындығын білетін қарт­тар, өкінішкет қарай, о дүнійеде ғана жатыр.
«Гроб с телом Чингис – хана привезли в ставку в начале года свинии (1227), где и осуществовали обряд оплакивания – таким образом стало известно о смерти Чингис – хана», –деген-ақ (Сокровенное сказание», 329 – бет) Шыңғыстың жоқтау айтатын халықтың ұлы екенін айғақтайды.
Ал мына екі деректі салыстырып қарасаңыз, тарыйхты бұрмалаудың тап үстінен түсесіз.
«Монголдың құпыйа шежіресінде»: «Ұлы құрылтай шақырған кез­де тышқан жылдың (1240) мыйзам (7-айда) Хэрлэннің Хөдоо – Аралдың Долоон Болдогі мен Шилхэнцэк екеуінің ортасына қаған ордасы қонып жатқанда тамамдадым», –депті-міс бұл шежірені жазған кісі (149 – бет). Бұл – Шыңғыс хан қайтыс болғаны бар-жоғы он үш-ақ жыл өткен кез. Шыңғыс ханның қайда өлгенін, оны қайда көмгенін көргендердің бәрі әлі тірі кез. Алайда осы шежіренің 142-бетінде: «Кейбіреулер нақты табытын Бұрхан – Халдұн тауына жерледі, енді біреулер Алтай тауының теріске­йіне Хэнтэй тауының күнге­йіне Өтөг деген жерге жерленді деседі», –дейді.
Бұл, шынын айт­қанда, «Біздің алдағаны­мызды аңғаратындай бұларда ақыл жоқ қой», –деген кісінің сөзі.
Біз аңқаулықты да, арамзалықты да орын-орынына қойыуымыз керек. Ол үшін өз тарыйхымызды өзіміз жазыуымыз керек.
Шыңғыс ханнан бір ғасыр бұрын өмір сүрген, арап әліпбійін әбден меңгерген, сол әліпбіймен «Түрік сөздігін» жазып шыққан Махмұт Қашқарый бабамыз: «Ханның қол астындағы елі мен жері, қалалары қаншама көбейіп кетсе де, мәртебесі қаншама өссе де, тұу тоғыздан асырылмайды, өйткені тоғыз санына қәсійет­теп мән беріледі», – дейді (3 – том, Алматы, «Хант» баспасы, аударған – Асқар Егеубай, 182-бет): Бұл – түрік халқының дәстүрі. Ал енді мынаған қараңыз:
«Барыс жылы (1206) Онон өзенінің жағасына жыйналып, тоғыз сыйрақты ақ тұу көтеріп, Тэмөжінді Шыңғыс қаған деп атады («Монголдың құпыйа шежіресі), Өлгий, 1979. 107 – бет). «Тоғыз сыйрақты» дегенді көзге елестетіу, әрійне, қыйын, бірақ «тоғыз» деген қәсійет­ті санды түсініудің еш қыйындығы жоқ. Теміршыңның түрік екенін осыдан да аңғарыуға болар еді.
1221 – жылы татарлардың әскерій қосынын­да болған қытай елшісі Чжаоо – Хұнның жазғандарын жарыйалаған Мэн – Да Бей – Лұнның «Полное описание монголо-татар» деген кітәбінде: «Земли на которых впервые возвысились татары расположены к северу-западу от жемли Кидана», –делінген (Москва, 1975. 45 – бет).
Бұл – Шығыс Түркістан мен Қазақ­стан, қәзіргі МХР емес. Және бұл – бәрін өз көзімен көрген, өз құлағымен естіген кісінің сөзі.
Ол тағы: «Ныне у гована (Мұқалый – Б.Н.) водружено только одно белое знамя с девятью хвостями. Посередине знамени имеются черное изображение луны», –дейді (77 – бет).
Айдың сүуретін тұуына тек мұсылмандар ғана салады. Ал тоғыз тұудың орнына тоғыз шашақты бір ғана тұу тігіуді Шыңғыс енгізген жаңалық деп қана түсініуге болады. Осыдан-ақ Шыңғыстың кім екені де, діні де көрініп тұр.
Қазақ «тоғыз» санын осы күні де сыйлайды, қәстерлі сан деп санайды. Құдасына тоғыз-тоғыздан сый тартады: малдан – тоғыз бастаған, матадан тоғыз-тоғыздан деген сыйақты.
Шыңғыс ханның ол кез­дегі ұрыуы – бөріжігін, мағынасы «бөрі көзді» деген болыу керек, өйткені Әбілғазы бабамыз «Татарлардың түп-тұқыйаны жайындағы тарыйх» ат­ты еңбегінде «Бортон – хан, его сын Иесугей – Баядур, у которого была красивая полоска между белком и зрачком в глазе. Из-за этого его потомков прозвали Борчуган – Кият», – дейді (176 – бет).
Шыңғыс хан – өзі жасаған жосықты ешқашан өзі бұзбаған, Төле бій бабамыздың: «Жауыңа қатал бол, досыңа адал бол!» – деген өсійетіне толық сай адам. Ол ешкімге: «Сіз данышпансыз», – дегізбеген, «Сізді атқан – Менмін!» деп шындығын айт­қан Жебе секілді өжет­терді ғана өзіне серік еткен. Бас-басына бытырап жүрген қазақтың басын біріктіріп мемлекет құрып берген бабамыздан ашық күнде адасып қалғанымыз қандай өкінішті! Өкінер уақытымыз болды ғой!

(Автордың жазу емлесі сақталды)

 

 

Бексұлтан НҰРЖЕКЕ-ҰЛЫ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір