Ұқсата алмай жүрміз кейде барды да…
04.02.2020
2313
22

Нарбатыр ҚАСҚЫРБАЙ

ЖАЛҒЫЗ ТЫРНА

Есімде жоқ, арғы жыл ма, былтыр ма,

Үздік-үздік басып мұңлы сұңқылға, –

Қарашада Қаратауды бетке алып

Ұшып бара жатқан еді бір тырна.

 

Жалғыз тырна, үні қандай зарлы еді?!

Қарашаның күні сондай зәрлі еді.

Қара жерден қарап тұрдым мен оған

Бір Құдайдың тисе деумен жәрдемі.

 

Жалғыз қалу – бұл тірлікте қорлық іс,

Күресу – шарт, қалғанынша соңғы күш.

Бар арманын зарлы әуенге сыйдырған,

Қанша жерге барар екен сорлы құс?

 

Қабағынан қар жауардай ауа сыз,

Көкте ұшқан жалғыз тырна – шарасыз,

Жалғыз ноқат бара жатты аспанда,

Қараша айы, қараша өмір, қара күз..

ТУҒАН КҮН

Е, Қарлыға, Құдай қосқан Қарлыға,

Бай да емеспіз және тақыр жарлы да.

Қарашаның қапталына ілесіп,

Мен туған күн келе жатыр алдыда.

 

Туған күні бар досқа ашып есікті,

Солармен сан бөліп таттық несіпті.

Атап өттік қаншама рет қатырып,

Бірақ содан ойлап тұрмын не шықты?

 

Таңырқасып бас шайқасқан «пай-пайдан»

Шаршап біттім төгілген ән-айқайдан.

Маған арнап табыс қанша тіленді,

Сол табысқа жеттім бе мен, әй, қайдам?..

 

Шақырмай-ақ қоялық дос-құрбыны,

Кінәратқа жатқызады кім мұны?

Тамашаның жоғын жоқтап өтер де

Қарашаның азар болса бір күні.

 

Е, Қарлыға, Құдай қосқан Қарлыға,

Ұқсата алмай жүрміз кейде барды да.

Туған күнді тойлап өту түк емес,

Не өмір тұр бізді тосып алдыда?!

ПІКІРЛЕР22
Қонақ 05.02.2020 | 11:46

Каламыныз уштала берсін ага, керемет

Қонақ 05.02.2020 | 11:48

Тыңдарманын жылқыдай жусатып,қазақтың қара сөзін қойдай өргізген,өлеңі өңменіңнен өтіп,жүрекке төте жол салатын-Қасқырбай ағам!
Керемет жырлар!

Қонақ 05.02.2020 | 11:49

Қасекең-керемет ақын, керемет адам. Адамгершілігі жоғары, жүрегі бар ақын.

Қонақ 05.02.2020 | 12:14

Тамаша!

Қонақ 05.02.2020 | 13:47

Мықты!

Қонақ 05.02.2020 | 14:41

,Уа,Қасеке,тұла бойың байтақ ән, Жалын жырың көк аспанды шайқаған. Жүзге дейін жырлай берсін жүрегің.Сіздей ақын Қазақта туылмайды қайтадан.

Қонақ 05.02.2020 | 14:47

Қасқырбай ағам біреу ақ,басқа бұндай кісі туылмайтын шығар.Менің ел ішінде жүріп той басқарып,халық қошеметіне бөленіп жүргенім бірінші АЛЛА екінші Қасекеңнің арқасы.Ғұрыңыз ұзақ болсын көке.

Қонақ 05.02.2020 | 17:24

Қымбатты Қасеке! Жоғарыда айтылған пікірлерге қосыламын. Шынайы жүректен шыққан туынды. Лəйым Алла Тағалам жаман тіл-көзден сақтап, арамызда мақтанышымыз болып жүре беруіңізге тілектеспін!

Қонақ 05.02.2020 | 18:32

Алла разы болсын сізге Барлық жақсылықты жанұяңызға тілеймін

Қонақ 05.02.2020 | 18:54

Жырларыңның басылмасын тасқыны
Айта аласыз тəттіні де аштыны
Абыройың арта берсін биіктеп
Жүз жасасын қара өлеңнің қасқыры

Қонақ 05.02.2020 | 19:44

Қасқырбай аға, қаламыңыз мұқалмасын! Қарапайымдылыққа қанат байлап, қара өлеңге жан бітірген шабытыңыз бен өнеріңіз бағалана берсін!

Қонақ 06.02.2020 | 00:21

Қасқырбай аға, қаламыңыз қарымды жырларды жазуда мұқалмасын. Жалынды, жүректерге нұр құяр, сезімдерге жетелер жыр жолдарға толы өлеңдеріңіз жарық көріп үзілмесін!

Қонақ 06.02.2020 | 02:35

Жаксы керемет

Қонақ 06.02.2020 | 06:20

Әғв керемет шумактар қаламыңыз ұштала берсін

Қонақ 06.02.2020 | 08:49

керемет

Қонақ 06.02.2020 | 09:50

Керемет өлең

Қонақ 06.02.2020 | 10:11

Тамаша. Керемет

Қонақ 06.02.2020 | 12:52

Қасеке, керемет жыр шумақтарыңыз. Қаламыңыз жиі ұшталып, әлі талай өлеңдерді жарыққа әкелетініңізге кәміл сенемін. Ұзақ жасап, бақыття ғұмыр кешіңіз.

Қонақ 06.02.2020 | 12:54

Қасқырбай нарбатыр ағаға

Қонақ 06.02.2020 | 17:07

Қасқырбай аға,жарайсыз!Жақсы жазылған.ШЫҒЫРМАШЫЛЫҚ ТАБЫСТАР ТІЛЕЙМІН!

Қонақ 06.02.2020 | 23:31

Қасеке сіздің өлеңіңіз таза ауа жұтқандай араның ашылып тыңдай бергің келеді. Лайым әрдайым туындылар өмірге келе берсін. Тәңір қолдасын.

Қонақ 30.04.2020 | 17:31

Өте керемет

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір