«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ЧЕХОВҚА БАРДЫ
23.01.2024
1102
0

17 қаңтар күні Алматы қаласындағы А.П.Чехов атындағы кітапхана ұжымының ұйым­дастыруымен «Қазақ әдебиеті» газетінің шыға бастағанына 90 жыл толу мерейтойына орай дөңгелек үстел өт­ті.

Басқосуда Қазақстан Жазушы­лар одағы басқарма төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып, белгілі әдебиет сыншысы Әмірхан Меңдеке, «Қазақ әдебиеті» газеті Бас редакторының орынбасары Дархан
Бейсенбекұлы, редакция қызметкері Еркін Жаппасұлы «Қазақ әдебиеті» газетінің шығармашылық өткелдері, әр жылдары басылым көтерген қадау-қадау мәселелер, жалпы қазақ көркемсөз өнері төңірегінде әңгімелер айтты. Жиынға қалалық №147 гимназияның жоғары сынып оқушылары қатысты. Жиналыс барысында оқырмандар тарапынан әралуан сұрақтар қойылып, қанағат­танарлық жауаптар берілді.
Дөңгелек үстелді Б.Жақып қорытып, іс-шараны ұйымдастырған кітапхана жетекшісі Ләйлә Баймолдинаға, меңгерушісі Айнұр Балаубаеваға және №147 гимназияның кітапханашысы Майра Жетпісбаеваға алғыс білдірді. 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір