Мемлекет басшысы Шөмішбай Сариев шығармашылығына арналған кешке барды
02.12.2024
72
0

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады», – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Франц Кафка атындағы Халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты, қазақ руханиятының аса көрнекті өкілі, белгілі ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған кешке барды.
Ақын шығармашылығына арналған концертте қазақ­стандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Шөмішбай Сариевтің «Айналдым, сенен, Атамекен-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Аяулым», «Домбыра туралы баллада», «Өкінбе сен», «Өмір-өзен», «Сағындым сағым жылдар», «Дос керек», «Сарыарқа» және тағы басқа өлеңдеріне жазылған, халық сүйіспеншілігіне бөленген әндер орындалды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір