«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» – АРДЫҢ АЙНАСЫ
11.01.2019
2181
1

Қайырбек АСАНОВ:

«Қазақ әдебиеті» – бастауында классик жазушымыз Ғабит Мүсірепов, әңгіме шебері Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов сынды ірі тұлғалар тұрған, тарихы бай, ұлт руханиятының алтын қазығына айналған бірегей басылым. Газет басшыларының ғана емес, шығармашылық жұмыстың ыстығына күйіп, суығына тоңған жауапты қызметкерлерінің де еш осалы болмаған. Қай-қайсысы да қазақ әдебиетінен өз орнын алған іргелі қаламгерлер. Солардың бірі – белгілі ақын Қайырбек Асанов. «Қазақ әдебиетінің» 85 жылдығына орай Тараз өңіріндегі ақынға қоңырау шалып, сұрақтарымызды қойғанбыз. Аға іркілген жоқ. Сол бір шуақты күндерді үлкен толғаныспен, сағынышпен еске алып, кеңінен әңгіме айтты.

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАБЫРҒАЛЫ ҚАЛАМГЕРЛЕРІМЕН БІРГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТТІМ

– Аға, «Қазақ әдебиеті» газе­тін­де қай жылдары қызмет атқар­ды­ңыз? Бұл газеттің сіздің өміріңізде, шығармашылығыңызда алар орны қандай?
– 1973 жылдың ақпан айында университеттің журналистика фа­куль­тетін бітіруге төрт-бес ай қал­ғанда «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетіне орналастым. Мұнда жауапты хатшының орын­басарлығынан бөлім мең­геру­шілігіне дейін көтеріліп, жастар газетінде көп жүре бермей, 1980 жылдың бас жағында «Жазушы» баспасына аға редактор болып қызметке ауыстым. Содан жеті жылдай аса талантты журналист, көрнекті жазушы Сейдахмет Бердіқұлов ағамның үлгі-өнегесін көріп, журналистика саласында біраз тәжірибе жинақтадым. Жатқан жері жәннатта болсын, ол кісінің біздің отбасымызға жаса­ған жақсылығын, жас болсақ та, екі-үш жылдың ішінде баспана алып бергенін әлі күнге дейін ұмы­тар емеспіз…

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)

ПІКІРЛЕР1
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір