Той құт­ты болсын, «Қазақ әдебиеті»!
22.01.2024
372
0

Құрмет­ті, «Қазақ әдебиеті» әдеби басылымының ұжымы және сүйікті оқырмандары! Биыл халықтың ыстық ықыласына бөленген, әдеби шежіренің қайнар көзі болған «Қазақ әдебиеті» газетінің шыққанына 90 жыл толып отыр. Бұл – көпұлт­ты Қазақ­стан әдебиетінің ортақ мерейтойы! Соның ішінде ұйғыр зиялылары мен оқырмандарына да ортақ.
Басылымның тарихына үңілетін болсақ, аталған газет­тің бет­терінде ұйғыр ақын-жазушыларының шығармалары үздіксіз басылып тұрғанына куә боламыз. Бұл үрдіс бүгінгі күнде де жалғасын табуда. Мысалы, кейінгі кез­дерде ұйғыр әдебиетінің ізбасарлары – жас қаламгерлер Вильям Молотов, Азнат Талипов, осы жолдар авторының шығармалары газет­тен орын алды. Бұл жағынан аудармашылар, ұйғыр әдебиетінің жанашырлары, қаламгер достарымыз – Дәулетбек Байтұрсынұлы, Бақыт Беделхан, Әлібек Байбол сынды бауырларымыз атсалысты.
Енді бүкіл жер жүзін коронавирус дерті иеленіп алған кез­дерде бауырлас ұлт­тардың мәдени және әдеби өміріне арналған «Шаңырақ» айдары жарық көріп тұрды. Аталған тақырып аясында дала философы, ұлы Абай Құнанбайұлы шығармаларының ұйғыр ақындарына әсері, ұйғыр тіліне аударылған шығармалары туралы көлемді мақала басылды. Кейіннен ұйғыр жас қаламгерлерінің шығармалары туралы ой-пікірлер өрбіп, сыни мақала жарық көрді…
Ұйғыр әдебиетіне, соның ішінде жастар шығармашылығына құрмет көрсетіп, қолдау білдіріп жатқан ұжымға алғыс білдіріп, «Той құт­ты болсын!» демекпіз.

Абдулжан АЗНИБАҚИЕВ 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір