Қаламгер академик атанды
17.03.2017
1132
0

Қазақстан Журналистика Академиясы жалпы жиналысының шешімімен қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты Қайсар Әлім Академияның толық мүшесі – академигі болып сайланды.

Бұл атақ оған журналистика саласындағы көп жылғы үздік табыстары үшін берілді. Бү­кіл саналы ғұмырын қазақ баспасөзінің дамып, өркендеуіне арнаған қарымды қаламгер отызға жуық кітаптың авторы. «Алашшыл жүрек», «Мұңды сапар», «Махаббат жыршысы», «Кәусар», «Мекке, Мәдинам ме­нің!», т.б. туындылары оқырмандар ықыласына бөленді. Оның сегіз томдық шығармалар жинағына енген хикаяттары мен әңгімелері, новелла­лары мен эсселері, журналистік зерттеулері жоғары бағаланды.
Қайсар Әлімнің шығармашылығы туралы Қазақстанның ха­лық жазушылары Сырбай Мәуленов, Әзілхан Нұршайықов, Ғафу Қайырбеков, Алаш арыстарының соңғы тұяғы атанған Гүлнар Мір­жақыпқызы, белгілі ақындар Серік Тұрғынбеков пен Серік­бай Оспанов, Әділғазы Қайырбеков, т.б. жылы лебіз білдірген.
Бүгінде 70 жастың белесіне шалдықпай көтерілген қадірменді әріптесімізге тың шығармашылық табыстар тілейміз.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір