Қазақ суретшісі академик атанды
31.03.2026
69
0

13 наурызда Баку қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Алматы қаласының Құрметті азаматы, талантты суретші Алпысбай Қазғұлов Түркі дүниесі Көркемсурет академиясының академигі атанды. Бұл – қазақ бейнелеу өнерінің хас талантының ұзақ жылғы еңбегіне берілген үлкен баға.

Алпысбай Қазғұловтың өнер кеңістігіндегі басты ерекшелігі – көп ізденеді, көп еңбектенеді. Ол бейнелеу өнеріндегі өз жолын, дербес стилін қалыптастырды. Алпысбай картиналарында экспрессивтік бір күш бар. Эмоционалдық алабөтен ырғағы қалыптасқан шебердің картиналарының көрерменді тартып тұратын қарым-қабілеті осы күшінде жатыр.Оның картиналары этнографиялық мазмұн мен ұлттық дәстүрге өте бай. Туындыларында адам жанын, оның психологиялық көңіл күйін әдемі аша біледі. Суретші ұлттық нақыштың контекстінде өзіндік түс ерекшеліктерін тиімді пайдаланатыны да оның шығармашылығын жоғары деңгейге көтеріп тұр.«Кез келген суретші үшін түс пен кеңіс­тік­­ті сезіне білу өте маңызды. Осы орай­да Алпысбай үлкен биікке көтеріле алды. Жарықты да жақсы көре біледі. Та­лантты суретшінің картиналарында сю­жеттің шиеленісуі мен кульминациясы бір линияда ұштасып жататыны да оның шеберлігі өз шыңына жеткенін көрсетеді», – дейді зерт­теушілер қылқалам шеберінің өзіндік қолтаңбасы хақында.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір