Талантқа тағзым
Республикалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай поэзия кеші өтті.
Жыр кешіне ақындар: Кәдірбек Құныпияұлы, Төреғали Тәшенов, Талап Қараш және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әбетхан Тоқтаған сынды зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жиын барысында «Талантқа тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, кешке жиналған өлеңсүйер қауым Шыңжаңдағы қазақ қаламгері Нұрлан Сәрсенбаевтың «Мұқағали керуені» атты ақынның шыққан топырағы, ата-тегі туралы арыдан сыр шертетін сиясы кеппеген жаңа туындысымен танысты.
Кеш барысында Болатхан Сыздықов, Гүлсая Даржанова, Гүлжамал Джураева және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің студенттері Салтанат Әкімбек пен Бағдат Қажиева және оқырмандар Назым Момбекова, Фариза Бахытова, Мәдениет үйінен Азамат пен Әспеткүл Айтжановтар Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығынан өлеңдер оқып, әндер орындап, зор қошеметке ие болды.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.