Мәкіл Құланбаевты еске алды
03.02.2017
1279
0

Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты – Мәкіл Құланбаевтың туғанына ­­­­­
90 жыл толуына орай еске алу кеші өтті.

Еңбек жолын 1945-1948 жылдары Қызылорда қаласындағы об­лыстық музыкалық драма театрында бастаған актер 1948 жылы жаңадан ашылған Қазақтың мем­лекеттік Балалар мен жасөс­пірім­дер театрына ауысқан еді.
Шығармашылық жолында екі жүз­ден астам рөлдер сомдаған оның Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері –­­ Ақтоқтысында» – Қоңқай, ­
М.Әуе­зовтің «Алуасында» – Назарбек, М.Ақынжановтың «Ыбырай Ал­тынсаринінде» – Найзағара, Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен ма­хаб­батында» – Фердинанд, Ж.Мо­льер­дің «Скапеннің айласында» – Аргант, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» – Әбутәліп болыс, Б.Майлиннің «Шұғасында» – Прис­­тав, Ә.Әлімжановтың «Ма­хам­­беттің жебесінде» – Махамбет, Ш.Құсайыновтың «Әл-Фара­биін­де» – әл-Фараби бейнелері көрер­мен­ге жақсы таныс.
Мәкіл Құланбаев тек театрда ға­на емес, Қазақстан мен Орта Азия, «Ленфильм», «Мосфильм» ки­­ностудияларында 70-ке тарта рөл­дер ойнап, дубляж, телефильм, ра­диохабарлар жасауда да көп ең­бек етті.
Актердің кинофильмдердегі «Ме­нің атым Қожа» – Қаратай, «Жо­ғалған дос» – Естемесов, «Ба­ла­л­ық шаққа саяхат» – Ыдырыс, «Ал­памыс мектепке барады» – Ал­па­мыстың атасы бейнелерін де ха­лық жақсы қабылдаған еді.
Еске алу кешіне театр актер­лері мен өнерге жақын көрермендер қатысты.

Гүлән НҰРСАДЫҚОВА.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір