Алматы Атабаевын еске алды
16.10.2023
215
0

12 қазан күні Қазақстан Театр қайраткерлері одағының ұйымдастыруымен  Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде танымал  театр режиссері Болат Атабаевты еске алуға арналған конференция өтті.
Жиында режиссердің өмірі, шығармашылығы жайындағы «Дарабоз және күрескер» кітабының тұсауы кесілді.
Кон­фе­ренция­ға Қазақстан Жазушылар одағының бас­шылары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ақын-жазушылар, драматургтер мен театр режиссерлері, әртістер мен өнер қайраткерлері қатысты. Кеш Т. Жүргенов атындағы Қазақ ҰҒА-ның профессоры М.Әбзелбаевтың жетекшілігімен  сахналанған Болат Атабаевқа арналған шағын қойылыммен басталды. Жиын қонақтары қайраткердің өмір жолы мен өнері жайында сөз сөйлеп, естеліктер айтты.

Тоғжан БЕРДӘУЛЕТ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір