Тәуелсіздік жолы
09.12.2016
1939
0

Тәуелсіздік бір күнде көктен түсе қалған жоқ. Қазақ елі дербестігін жариялағанға дейін қазақ халқы мұраты мен болашағы үшін тұтас ұлт, жекелеген тұлғалар талай-талай қиындықтардан өтті, талайлары құрбан болды, талайы жазықсыз оққа байланды, итжеккенге айдалды. Тіпті, жалпылама құрбандардың қатарында кеткендер қаншама десеңізші…

Тәуелсіздік жолында қазақ көптеген тарихи оқи­ғаларды, қарулы кө­те­рі­ліс­терді бастан өткерді. Ұлт мұраты үшін бірігу ке­зеңінде де талай қиын­дықтарға қылша мойнын талша етті.
Ақыры ол құрбан­дық­тардың өтеуі ретінде ел азат­тыққа қол жеткізді. Бү­гінде тәуелсіз ұлт ре­тін­де көк байрағымыз көкте жел­біреп, Әнұранымыз
аспанда қалықтайды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығы елдегі мерейлі өзге де оқиғалар: Әлихан Бөкейханның 150 жыл­дығы және Желтоқсан көтерілісінің 30 жылды­ғы­мен тұспа-тұс келуінде де үлкен мән бар-ау!
Алаш мұраты мен идея­сын ту еткен Әлихан Бө­кейханның туғанына 150 жыл толу мерейтойына орай жыл басында жа­рия­лаған арнайы нөмі­рі­мізде алаштанушы ғалым Тұр­сын Жұртбай былай деп еді:
«1917 жылдың шілде-та­мызында Жал­пықа­зақ­тық І құрылтай ша­қы­рылып, «Алаш» партиясы тарих сахнасына шықты. «Алаш» партиясының ұлт­тық ұстанымы бес түр­лі тұжырымға негізделді.
Бірінші: жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейханның ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байыр­ғы жерін қашан қа­зақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп то­лық игермейінше, жер же­ке меншікке де, қоныс­тану­шыларға да беріл­мей­ді».
Яғни бұл ұстаным: Жер – Отан, ал Отанды са­туға да, жеке меншікке ай­налдыруға да болмайды. Сол жер үшін әр қазақ­тың намысы жыртылып, ол жерге әр қазақтың тері мен қаны төгілген деген тұжырымға саяды.
Екінші: жердің астын­дағы, үстіндегі, аспанын­дағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі ке­рек. Ә.Бөкейханның ай­туынша: «Оның әрбір түйір тасы әр қазақтың өңі­ріне түйме болып қа­далу керек» болатын.
Яғни бұл – өз жерінің игі­лігін – әуелі өз елі игі­лі­гіне айналдырсын, одан асса ғана жатқа салауат  де­ген емеурінді танытады.
Үшінші: Ә.Бө­кей-
­хан­­ның жобасы бо­йынша: «Қазақтың же­рін­де өн­дірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің аза­мат­тары­ның үстіне тоқыма болып киілуі» керек, яғни то­лық­тай экономикалық тәуел­сіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді.
Төртінші: қазақ  мем­ле­кетінде мемлекет құру­шы ұлттың тіл, дін, діл үс­тем­дігі болуы керек, яғ­ни
Х.Досмұхамедовтің  па­йым­­дауына  жүгінсек, «ұлт­­тық мәдениет  үстем­дігі сақ­талуы» тиіс болатын.
Бесінші, түпкі мақсат: тәуел­сіз ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жа­понияның үлгісіндегі ұлт­тық-демократиялық мемлекет құру еді».
Ұлттың ұлы күні тәуел­сіздігі жайлы және ұлт кө­семі Әлихан Бөкейхан ту­ралы арнайы мақалалар легін газетіміздің осы са­нын­да топтастырып беру­ді жөн санадық…

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір