«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»
15.12.2022
228
0

9 желтоқсан күні Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №32 бөлімшесі, Ш. Уалиханов атындағы № 12 гимназия  мектебімен бірлесіп Қазақстан тәуелсіздк мерекесіне орай «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты кітап көрме ұйымдастырылып, ақпараттық сағат өткізілді. Оқушыларға тәуелсіздіктің қандай қиын жолмен келгені,оған жету жолында қаншама жастарымыз қыршын кеткені туралы айтыла келіп,  слайдтар көрсетілді.Көрме Қазақстан тарихында халқымыздың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуындағы, оның қазіргі әлемдегі өз рөлі, тәуелсіздік пен мемлекетіміздің егемендікке қол жеткізгендегі маңызды кезеңдері туралы ақпарат береді. Көрмеде Тәуелсіздік тарихы және 1986 жылы 16 желтоқсан оқиғасына түрткі болған себептер мен демократия жолында құрбан болған ұл-қыздардың ерліктері жайында айтылды. Ұсынылған кітаптар: «Желтоқсан көтерілісі», Б.Төлепергеновтың «Желтоқсан қарлығаштары»,А. Бектемісовтың«Тәуелсіздік тартуы» , М.Тоқашбаевтың «Тәуелсіздік-танысым»,О.Асқар «Тәуелсіздік тартулары»  «Алматы – 1986».Ұлт теңдігі көтерілісі, К.Табейдің «Қайсар рухты қазақ», Қ.Табеевтің «Қазақтың Желтоқсаны», М.Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы», Қ.Аймахан Тәуелсіздік Желтоқсаннан басталады, «Тәуелсіздік шежіресі:»1991 — 2000 ж. Т.1, Н.Оразалин Азаттық айдыны, «Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге». «Оқиғалар хроникасы» . Т.Ташенов «Тәуелсіз елдің талайы», Е.Шаймерденов «Елтаным», Қ.Адырбекұлы ХХ ғасыр: кітап көрмесіне қойылып, шолу жүргізілді.

Іс-шара барысында оқушылар сұрақтарға  жауап беріп, пікір алмасып өлең оқып,  сыйлықтар алып, керемет әсерде болды .

  Іс шараға қатысқандар мектеп директоры Бегжанова Жанат Садуовна, сынып жетекшісі Жұмадилова Назыгүл Бексұлтанқызы 7 сынып оқушылары 32 бала , іс-шараға белсенді қатысқан оқушылар Талғатұлы Бұлтбай, Аюпов Дидар, Амангельды Алина, Абеу Әміре, Исағали Амина , Дайрабай Ұлдана

Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіздік – Желтоқсанның жемісі, Тәуелсіздік жолындағы күрестерді ғасырлар қойнауына жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі екендігін түсіндіру.

Гүлдана Жұматай,
№32  кітапхана  қызметкері 

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір