Тәуелсіздікке тағзым
Апта басында Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы №11 жалпы білім беретін мектепте Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай 9-10 сынып оқушыларымен «Қазақстан Республикасының Конституциясы» атты тақырыпта «Дөңгелек үстел» өтті. Аталған жиынды осы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Жанар Асанбаева жүргізді.
«Дөңгелек үстелге» қатысушы оқушылар Ата заңымыз – ҚР Конституциясы туралы толымды мағлұмат алды. Әсіресе, оқушылардың назары республика азаматтарының, жекелеген тұлғалардың құқықтары мен бостандықтары мәселесі төңірегіне көп ойысты. Олар Конституция қабылданғаннан бері қандай өзгерістер енгізілді, оның Қазақстан жастарының отансүйгіштігін арттырудағы әсері жайлы кеңірек мәлімет алды. 9 «а» сынып оқушысы Алиса Мезенцева: «Конституция әлі халық үшін қызмет етуде. Қазақстан Конституциясы біздің жақын көршілеріміздің бастан кешірген қиыншылықтарына ұшыратпай, елімізді дұрыс бағытта алып келеді. Ширек ғасыр шеңберінде Қазақстан Орталық Азия аумағындағы тең тұрақты, жан-жақты дамыған елге айналды», – деп өзінің жүрекжарды пікірін жеткізді. Мектеп басшылығы мен оқушылар «Қазақстанның
25 жылдық тәуелсіздік тарихы билік пен қоғамның тұрақтылығына қол жеткізген конституциялық модельдің дұрыс таңдалғанын көрсетті. Конституция мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтатын басты құрал болып табылады» деген тұжырыммен «Дөңгелек үстелді» аяқтады.
Кристина СМАГИНА,
№11 ЖББМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.