СҰЛТАНӘЛІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ
21.10.2016
1576
0

dsc_5661Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығы төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың жетпіс жасқа толу мерейтойының құрметіне арналған «С.Балғабаев шығармашылығы және бүгінгі қазақ драматургиясының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында және «Жұлдызың жансын» атты шығармашылық кеш Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрында өтті.

Халықаралық ғылыми-практикалық кон­ференцияда драматург шығарма­шы­лы­ғына арналған баяндамалар оқылып, С.Бал­ғабаевтың үш томдық шығармалар жи­на­ғының «Сыр мен Сарысу» атты бірінші то­­­мының тұсаукесері өтті.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мерейтойы иесіне арнап: «Құрметті Сұлтанәлі Ба­зарбайұлы! 70 жасқа толған мерейтойыңыз құт­ты болсын! Халқымыз өзіңізді есіміңіз қа­зақ оқырмандары мен көрермендеріне жақ­сы таныс жазушы-драматург және қо­ғам өміріне белсене атсалысып келе жатқан қай­раткер азамат ретінде құрмет тұтады.Сіз­дің қаламыңыздан шыққан көркем дү­ние­лер оқырманға қарапайымдылығымен жә­не адамдардың жан-жүрегіне ізгілік пен имандылықтың сәулесін түсіретін жақсы қа­сиеттерімен ұнайды. Адамдар арасындағы күр­делі қарым-қатынастардың нәзік қал­та­рыстары мен терең драмалары иланымды ашылатын бірқатар пьесаларыңыз еліміздің театр сахналарында табысты қойылып, кө­рермен  қауымның ыстық ықыласына бө­лен­ді. Дүниежүзі қазақтары Қауым­дас­ты­ғын­да көп жыл бойы менің орынбасарым бо­ла жүріп, ұлтжанды және жанашыр азамат ретінде шет елдерде тұратын қандас­та­рымыздың атамекенімен байланысын ны­ғайтуға лайықты үлесіңізді  қосып келе­сіз. Қаламгерлік және қайраткерлік қызме­тіңіз еліміздің жоғары мемлекеттік наградаларымен және әдебиет саласындағы сый­лықтармен атап өтілгені зор мерей. Сізге мық­ты денсаулық, отбасыңызға амандық пен игіліктер сондай-ақ, ұзақ та бақытты шы­ғармашылық ғұмыр тілеймін», –  деп жа­зған құттықтауын Елбасы жетекшілік ететін Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Т.Мамашев оқып берді.

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қ.То­қаевтың құттықтау хатынҚазақстан Жазу­шылар одағының төрағасы, ҚР Мем­ле­кеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Ора­залин таныстырып, сонымен қатар, С.Бал­ғабаевқа деген жүрекжарды тілегін ай­тып, Жазушылар одағының атынан да құт­тықтады. ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова министр Арыстанбек Мұхамедиұлының құт­тықтау хатын, Алматы қаласы әкімі Б.Бай­бектің құттықтауын әкім орынбасары А.Қырық­баев таныстырды.

Жазушы Қуанышбек Құрманғали Сұл­танәлі Балғабаевтың шығармашылығы мен қо­ғамдық қызметі туралы баяндама жасады.

Шығармашылық кештің екінші бөлі­мін­де М.Әуезов атындағы және Ғ.Мүсірепов атын­дағы мемлекеттік академиялық театр­лар мен Алматы облыстық Б.Римова атын­да­ғы драма театры актерларының және Т.Жүр­генов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер ака­демиясы студенттерінің қатысуымен С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек», «Ға­шық­сыз ғасыр», «Ең жақсы еркек», «Жұл­ды­зың жансын, жаным!» атты спектакль­де­рінен үзінділер көрсетілді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір