Рахат Қосбармақтың жыр кеші өтті
16.09.2025
237
0

Баянауылда ақын, халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Рахат Қосбармақтың «Баянауыл дейтін ел көрдім» атты жыр кеші өтті.
Кешке еліміздің түкпір-түкпірінен ақынның оқырмандары, қаламгерлер қауымы арнайы қатысты. Кешті талантты ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі 
Ел­аман Қабдыләшім жүргізді.
Кеш барысында Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Қинаятолла Талипов Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың жүрекжарды құттықтауын жеткізді. Халық өнерін қастерлеп, ақын сөзін ардақтаған елдің ізгі дәстүріне сай, ақынның иығына шапан жауып, қазақы құрмет көрсетілді.
Жыр кешінде сөз алған Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов:
– Біз көп жағдайда әр өңір өз ақынын өз еншісіне ғана жазып, бауырына тартып, иеленіп алуға бейілміз. Бірақ шын ақынның жыры – бір ауылдың ғана емес, бүкіл қазақтың, ұлттың ортақ мұрасы. Ақындардың ел ішіне сапар шегіп, циклді өлеңдер жазуы – әдебиетте бұрыннан бар дәстүр екені белгілі. Бұл үрдісті бүгінгі буын жалғастырып, қайта жаңғыртса, әдебиетіміздің көкжиегі кеңейе түсер еді. Ақын туған елінің қай қиырына барса да, халықпен қауышып, жыр кештерін өткізіп тұруы керек. Өйткені поэзия халықпен бірге ғана өмір сүреді. Бүгінгі кеш – сол рухани сабақтастықтың айғағы. Мұндай басқосулар болашақта дәстүрге айналуы тиіс, – деді. Мереке Құлкенов.
Шығармашылық кешке Маңғыстау облысынан арнайы келіп қатысқан облыс әкімінің орынбасары Тілек Көшмағанбетов Маңғыстау облысының әкімі атынан жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, жыр дүлдүліне деген ерекше ілтипат танытқан Баянауыл жұртшылығына алғыс білдірді.Ол өз сөзінде поэзия­ны қастер тұтқан елдің рухы биік, жүрегі кең болатынын атап өтіп, ақынның шығармашылығы қос өңір арасындағы рухани байланысқа дәнекер болып отырғанын айтып өтті.
Кеш барысында ақын өлеңдері оқылып, әндер шырқалды.

Мұхарбек ЖӘКЕЙҰЛЫ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір