АҚЖАН МАШАНИГЕ ЖАЗЫЛҒАН АРЫЗДЫҢ АҚЫРЫ
30.09.2016
2031
0

akzhanБіздің бүгінгі кейіпкеріміз – ақын Көпбосын Панзабеков талай жыл Министрлер Советінде бөлім меңгерушісі болып қызмет еткен жан. Қазақтың біртуар тұлғаларының өздері «бақылауда» жүрген қиын жылдары олардың басына түскен көптеген нәубет пен қиыншылыққа куәгерлердің бірі. Бүгінгі сұхбатта «намаз оқиды» деп айыпталған белгілі ғалым, фарабитанушы Ақжан Машани туралы естеліктерін былай бөлісті…


4-foto

Көпбосын ПАНЗАБЕКОВ

 

– Қазақтың біртуар ұлы, фа­ра­битанушы-ғалым Ақжан Ма­ша­ни­дың үстінен «дөңгелек арыз» жа­зылды деп едіңіз. Ол не арыз, маз­мұны, таққан айыбы қан­дай?

– Ол кезде ССР Министрлер Со­ветінде істеп жүрген кезім. Мұ­сылман діні бөлімін бас­қара­мын. Жаңылыспасам, 1971, не 1972 жылдың жазы болатын. Дін жө­ніндегі Советтің басшысы Ка­мал Құлымбетов ағай бірде мені өз кабинетіне шақырды. Ша­қыр­туының себебін бірден түсіндірді: «Қазақ политехникалық инс­ти­ту­тының профессоры, Республи­ка Ғылым академиясының кор­рес­пондент-мүшесі, техника ғы­­­­­лымдарының докторы, марк­шей­дер кафедрасының мең­геру­шісі Ақжан Машановтың үстінен Қа­зақстан Компартиясы Ор­та­лық Комитетінің Үгіт және наси­хат бөліміне арыз түсіпті. Арыз­­да: «Ақжан Машанов өзі ком­­мунист әрі үлкен ғалым, лауа­­­зым иесі бола тұрып, мешітке жұ­ма намазға барады екен әрі ауы­зашар береді екен, ораза ұстайтын көрінеді», – депті. Осы жағ­дайды тексеруді саған тап­сыра­мын. Қазір мешітке барып бақылап көр, Машанов барар ма екен. Сонан соң көрген-білге­нің­ді жазбаша түрде Орталық Комитетке хабарлармыз! Мүмкін­дігін­ше объективті бол», – деді.

Мен Үгіт және насихат бөлі­мі­нің нұсқаушысына Н.Нүсі­пов­қа телефон соғып едім, осы бөлім мең­герушісінің орынбасары Ко­ва­лев екеуі күтіп отырғанын айт­ты.

Орталық Комитетке барсам, екеуі де қатты кейіп отыр. Бір-бі­рі­мен жарыса: «Алматы облысы бойынша Дін істер жөніндегі Со­вет­тің уәкілінен арыз түсті. По­ли­техникалық институттың про­­­фессоры, коммунист Машанов намаз оқиды екен, әдет-ғұ­рып­тарды ұстайды екен. Бұл не де­ген сұмдық? Тексергенде осы де­ректер анықталса, оны партия қа­тарынан шығару керек, қызметі туралы да мәселе қоямыз. Соны тек­серу сізге жүктеледі. Уақыт күт­пейді. Тезірек кірісіңіз. Екі күн мерзім беріледі», – деді ашуға бу­лығып.

Содан Орталық Комитеттен шық­тым да мешітке жол тарттым. Алматыдағы қазіргі еңселі ор­талық мешіттің орнында кө­нелеу ескі мешіт болатын. Соған бар­дым. Жұма намазға адамдар жи­налып отыр екен. Бір-екі минуттай мешіт ауласын көзбен шо­лып шықтым. Ақжан ағамыз кө­рін­беді. Ішке кірдім де сол кез­дегі қази Байсенбаев Жахиямен аман­дастым. Екеуміз  аз-мұз сөй­лес­тік. Өзім есік жаққа қарап қоя­­мын. Ахаң қашан келер екен деп күтіп отырмын.

– Қази Бейсенбаев Жахиямен бұ­рыннан таныстығыңыз бар ма еді?

– Ол кезде Орта Азияда бір дін орталығы болды. Орталығы – Таш­кентте. Оған бес республика ­кіреді: Қазақстан, Қырғызстан, Тә­жікстан, Түркіменстан және Өз­бекстан. Күллі республиканың діни мә­селесін Ташкентте отыр­ған муф­ти қарайды. Әр республикада бір-бірден дін өкілі бар. Оларды қази дейді. Мен Мұсыл­ман ді­ні бөлімін басқарған­дық­тан, Қа­зақстанның қазиы Жахия Бей­­сенбаевпен жақсы таныспын. Діни мәселеде тікелей бірге жұ­мыс  істейміз. Ол кезде қажы­лық­қа күллі республика бойынша бір-ақ адам жібереміз. Сондай мә­се­лелерде бірге жұмыс істеп жүрген адамымыз.

Қази екеуміз ананы-мынаны сөз қылып отырған кезде, біраз уа­қыттан соң, қарапайым киін­ген Ақжан Машанов ағамыз кі­ріп келді. Бізбен амандасты да, на­маз оқуға барып отыра қалды. На­маз бітті, уағыз айтылды, бата қы­лып бәрі тарқады. Мен Ақжан аға­мызды күтіп отырмын.

– Ақжан Машанов сізді танитын ба еді? Қандай қызмет атқа­рып жүргеніңізді білетін болар?

– Әрине, сырттай біліспіз ғой. Ағама барып амандасып, өзім­нің кім екенімді қысқа та­ныс­тырдым. Ақжан ағамды қол­тық­тап далаға шығып жүре сөй­лес­тік. Әңгімеміз аяқталмаған соң ­маған ол кісіні үйіне шығарып салу­ға тура келді.

Есік алдына таяп қоштаспақ бол­ғанымда, мені шайға шақыр­ды. Дастархан басында әңгімені аяқтадық.

Мен Ақжан ағаға: «Сіз­ді: «Ком­­­­мунист болғанмен, атеист емес. Намаз оқып, діни ғұрып­тар­ды ұстанады» деп жазғыруда. Шы­ныңызды айтыңызшы, ме­шіт­ке сол үшін барып жүрсіз бе? Жоқ, әлде басқа да бір шаруаңыз бар ма?», – деп сұрақты төтесінен қойдым. Ғұлама ойланбастан: «Мен Әл-Фарабиді өзіме ұстаз санаймын. «Әлемнің Екінші ұстазы»: «Бір жаратушының бары хақ» деген. Оған қалай сенбейін. Жұма намаздан қалмайтыным да шын, діни жол-жо­ралғылар мен дәстүрлерді де қалт жібермей орындайтынымды ешкімнен жасырмаймын», – деді жай­­барақат. Мен болсам, сы­пайы­­­лық көрсетіп: «Ақа, мен сізді үркітіп-қорқытуға келген жоқ­­­пын. Мүмкіндігін тауып, Сіз­­­ге қол ұшын беруге, шенеу­нік­­тердің қаһарынан арашалауға келдім. Оны қалай істемексің? деп сұрамай-ақ қойыңыз. Арық сөй­леп, семіз шығайын. Алдымен сөзімде тұрып, айтқанымды кейінірек баяндармын, – дедім де үйден шығып кеттім.

Ақаң болса, маған риза кейіп­пен қала берді.

Жұмысқа келсем, Камал ағай бір шаруамен шығып кеткен екен. Кабинетіне кірдім де ойланып, Ақаңды өтірік айтсам да ебін тауып ақтаудың жолын іздестіре бастадым. Кенет көз алдыма әр жұма сайын ме­шіт­ке барғанымда Ақжан аға­мыз­дың сонда жүретінін елес­теттім. «Ойды ой жетелейді» де­мек­ші, осыдан адам сенетін се­беп іздеп тапқым келді. Ақыры таптым да. Отыра қалып пар­тия­ның Орта­лық Комитеті Үгіт және на­сихат бөлімінің атына мына маз­мұн­дағы анықтама жаздым: «Ақ­жан Машановтың үс­тінен түскен арызды тікелей ме­шіт­ке барып тек­сердім. Өзі де айт намазға келіпті, сөйлесе келгенімде, ол кісі өзінің мұнда жиі келетінін бы­лайша түсіндірді: «Қарағым, Көп­босын, менің Қазақстанда бірін­ші фарабитанушы екенімнен хабардар боларсың. Оны шетелдердегі көп ұлт «біздікі» деп иемденіп жүргенде, рес­публикаға, өзіміздің қазақ жеріне алғаш алып келген мен емес пе ем? Ғы­лым, іздену деген бір күн я бір жыл­да біткен бе? Ғұлама жөніндегі бірін­ші кітабымнан кейін тағы бір­неше мақалалар мен кітаптар жаз­дым. «Екінші Ұстаздың» еңбектерінің (трактаттарының) жарық көруіне атсалысып келемін. Осы себептен ел ішінде көпті көрген қариялар арасында Әл-Фараби туралы мәлімет­тер бар ма екен, соны жинауға кеп жүрмін», – деп жауап берді. Намаз оқып, діни әдет-ғұрыптарды ұста­нуы жалған екен, жазылған арыз негізсіз».

– Бұл анықтамаға сіздің тіке­лей бастығыңыз сенді ме? Орталық Комитеттегілер не деді?

– Ертеңіне анықтаманы Камал Құлымбетұлына оқып бер­дім. Ол кісі адамгершілігі үлкен, байсалды, мейлінше қарапайым, қы­сылып-қымтылғандарға  жаны ашығыш, тағылымы мол жан бо­латын. Салған жерден: «Істің бұ­лай аяқталғаны дұрыс болды. Ақаң­­ның да құдайы бар екен. Оның жанын жаралап, партиядан шығартып, қызметі­нен бо­сатқанда не табар едік?

Енді анықтаманы машинкаға бас­­тырып, бүгінгі датаны, өз қо­лыңды қой. Мен қатынас хат жа­­зайын, соны Орталық Ко­ми­тет­ке, поштаға салмай-ақ, өз қо­лыңмен апарып бер», – деді. Айт­қанын істедім.

Үгіт және насихат бөліміндегі идеологтар анықтаманы оқып көр­ді де, ләм-мим деп артық сөз айтпады. Маған тапсырманы жедел орындағаным үшін алғыс айтқан болды…

– Бұл оқиғадан соң Ақжан Ма­ша­новпен кездестіңіздер ме?

– Әрине. Ақаң кездескен са­йын қолымды алып, кеудесін кеудеме тигізіп, ерекше жылы­лықпен құшағына қысатын.

Менің көңіліме медеу болаты­ны – «өтірік» айтсам да ол кі­сі­ні бәле-жаладан құтқарып, інілік борышымды адал атқарғаным. Мақтанарлық тағы бір ісім – бұл ғұ­лама ағамыздың 100 жылдық ме­рейтойын ЮНЕСКО тарапынан атап өткен мерекесінің қар­саңында профессор Шамшиден Әбдіраманның басшылығымен Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлт­тық техникалық универ­си­те­тінде дайындалып, жарық көр­ген орыс тіліндегі Ақжан Ма­шан­ұлы­ның «Аль-Фараби и сов­ре­менная наука» монография­сына редак­торлық еткенім, ау­дар­ға­ным және Ақаң туралы шық­қан деректі фильмге сұхбат бер­генім.

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен Қ.ҚОЙБАҒАРОВА.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір