РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚҚА ШӨЛІРКЕУЛІ ҚОҒАМ…
09.09.2016
1662
0

54120

Сайлаубай  ЖҰБАТЫРОВ,
жазушы

 

Иә, Сөз – біздің  ұлттық қауіпсіздігіміздің қалқаны. Зымыраннан күшті қорғаныс құралымыз. Өз топырағымызда да, әлем кеңістігінде де биік болар рухымыздың бекем  тұғыры. Егер сол дәрежеде ұқсата алсақ.

 

Бүгін  сонша оймен сөз еркіндігінде «сөзден  қа­дір кетті», «сөз тыңдалмайды»  деген пікір қоғамы­мы­з­да тым жүрдек.

Бұл қоғамда бәсекенің бір қызық нұсқасы пайда бол­ды. Ол – дүние мен руханият бәсекесі. Қанша ой өрісі, сөз еркіндігі кеңейгенімен, бұл бәсекеде ма­териалды құндылықтар салмағы басымдылық та­нытады да тұрады. Демек, шын мәнінде алтыннан ар­дақты сөз мәртебесін көтеру  міндеті бар. Ол үшін біз кітап оқымайтын,   рухани құндылықтарды қуа­лай жүріп  шалмайтын замандас  мінін бетке айтуға тиіс­піз. Мұны бір қаламгердің өз тауарын өткізер жол­дағы амал-әрекеті ретінде көрмесек екен. Рухани құндылыққа шөліркеулі қоғам – салауаттылық жо­лын таңдаған өркені өсетін қоғам. Бұл ретте сөз қа­дірінің төмендеуі қоғамның рухани-моральдық бет әлпетінің  де төмен  дегенінің бір белгісі сияқты. Бүгін  сөз де, сөз тыңдаушы да көп. Бірақ ол ұғы­нылуы­мен құнды ғой. Мінез-құлық әс-әрекеттегі таң­балануы мен қуатты ғой. Міне,  осы тұрғыдан біздің сөзіміздің әрекетті күші өте төмен деңгейде сияқ­ты көрінеді.

Кеңестік кезеңде Сөз қадірі саясатпен теңелетін. Ал ол жаман дәстүр емес еді. Содан ба, нақты кө­рін­ген сәл сыни сөзге бола кішігірім бюрократия ғана емес, әп-әйдік  министрліктер  мін түзелетінін айтып, жауап беріп  жатар еді. Демек, есіл сөзді жетім­сі­ретпеудің жолында  саясаттың оң көзқарасы да қа­жет.  Өйткені, саясат бір басқа. Ал сөздің  халық ал­дын­дағы беделінің демелуі, соның пәрменділігі, өтім­ділігі мүлдем бөлек арнада жатыр. Бұл – қоға­мы­мыздағы үлкен кемшіліктің біреуі. Әрине, шын сөзге саясаттың да басқа да кандидатураның  да демеуінің қажеті   шамалы.  Ол өзіне жол салып, өзін дәлелдеуі керек. Орыстың  «Сперва  было слова,  слова был Бог» деген өте үлкен сөзі бар. Сол халық­тың авторлық жазбасынан туған бір пайғамбардың өмірбаяны туралы айтылғанымен де осы сөзде үл­кен қуат бар. Әрине, Сөз Құдаймен  шендесе алмас. Бірақ сөзде күш, қадір-қасиет бар. Сөздің киесін біліп  өткен  ата-бабамыз «Сөз сүйектен өтеді»,
«Сөз – мірдің оғы» деген сияқты теңеулерді бекер айтпаған.  Үлкен соғыста  дау-дамайда, ел мен елдің  арасындағы жік ашылатын, ағайын-жұрт бірін-бірі түсінісетін жерде сөздің құдірет күші әрдайым мойындалған. Оны біздің халқымыз өте шебер пайдаланған. Осы деңгейге ұмтылыс пен талпыныс бар. Халық та да түсіністік бар. Бірақ әлдебір себептермен  сөзіміз тек қана алыстағы декорацияның бетіне салып қой­ған өрнектей қарауымызға, көз алданышы болуға, жылтыраққа  тамсануға ғана жақсы қабылданады да, ал өмірге,  тіршілік әре­кеті­мізге, мінез-құлы­ғы­мыз­ға, имани жұмыс­та­ры­мызға араластыруда  сөз­бен екі арада көзге көрінбес бір шекара бар. Осыны бұзу керек. Айналып келгенде,  бәрі де жазарман ағайынның, қаламгерлердің шеберлігіне, жан жү­ре­гімен қабылдап жазуына, айтуына  байланысты ғой деп ойлаймын. Халыққа өзінің рухани беделін  жо­ғалтпау үшін,  сөз қадірін  көтеру  үшін,  өзінің ел­дігін  ұғыну үшін осы кедер­гіден өтіп, руханият жо­лында өссе дейміз.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір