ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
09.09.2016
1079
0

111Таяуда «Спасская башня-2016» атты Халықаралық әскери-музыкалық фестиваль мәресіне жетті. Қатарынан 9-шы рет өткен, Австрия, Грекия, Ресей, Беларусь, Италия, Моңғолия, Израиль, Сингапур, Словения мен Жапония өз жүйріктерін сайлап қосқан дүбірлі додаға ел атынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі қатысып, I орын иеленді.

Ресейде 2016 жылды «Кино жылы» деп белгілеген­діктен, Президенттік оркестрі өнер көрсеткенде «Тақ ойыны» және «Иван Васильевич мамандығын өзгертеді» киноларынан үзінді келтірген-ді. Осы орайда, оркестрдің бас солисі, Қазақтың Темірбек Жүргенев атындағы Ұлттық Өнер академиясының түлегі, мемлекеттік және Халықаралық бәйгелердің жүлдегері, ұлы Жәкең – Жамбыл Жабаевтың туған топырағынан шыққан Ұзынағаштың тумасы, «Құлансаз» этно-фольклорлық ансамблінің бұрынғы мүшесі Айым Қоғамова ерекше даусымен көрерменін тәнті етіп, көзге түсті. Айым Dj Smash пен «Винтаж» тобының «Москвасын» орындағанда «Қызыл алаңға» жиылған миллионға тарта жұрт ұялы телефонын қосып, әншімен бірге теңселе-тербеле ән шырқады. Айым Қоғамова мен Президенттік оркестрдің жеңісі – қазақтың жеңісі! Осынау өнер ұжымын шын жүректен құттықтай отыра, оларға бақыт, сәттілік тілейміз!

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір