«Өнеріміз саған – Қазақстан!» атты фестиваль өтеді
04.10.2023
195
0

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ФИЛАРМОНИЯСЫ

Баспасөз баяны


2023 жылдың 22 қазан күні, 18.00 -де, Республика күніне орай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Республикалық «Өнеріміз саған – Қазақстан!» атты фестиваль өтеді.
Фестивальдің мақсаты — қазақ халқының өнері мен мәдениетін Қазақстанда тұратын этностық топтар арасында жан-жақты насихаттау, қазақстандық патриотизм мен еліміздің көптүрлі мәдени ерекшеліктерін дамыту, орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру. Қазақстан халқының бірлігін сақтау және еліміздің көптүрлі мәдени ерекшеліктерін дамыту.
Аталмыш шараға барлық этно-мәдени бірлестіктер және қазақ ұлттық өнерін жетік меңгерген (домбыра, қобыз, сырнай, тағы басқа қазақ ұлттық аспаптарында ойнайтындар, қазақ әні мен биін орындайтындар) этностық топ өкілдерінің жеке және топтық орындаушылары қатысты.
Орындалатын шығармалардың уақыты 5 минуттан аспауы қажет.
Фестиваль ІІ кезеңнен тұрады: І кезеңге Қазақстанның барлық өңірлерінің этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері онлайн форматта қатысады және екінші кезеңге іріктеуден өтеді. ІІ кезеңге өткен қатысушылар «Өнеріміз саған — Қазақстан!» республикалық фестивалінің Ұйымдастырушы комитетімен іріктеліп,
Алматы қаласында қазан айының 22-де, сағат 18.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында өтетін Гала-концертінде өнер көрсетеді.
Фестивальдің қатысушыларына Алғыс хаттар тапсырылады.
Шараға қатысу шарттары, қоятын талаптары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының әлеуметтік желілерінде орналастырылды.

Байланыс: +7 7017518985 Мәриям Алиасқарқызы
E-mail: philarmon@mail.ru
Сайт: https://jambyl-philharmonic.kz/
Инстаграм: kazakh.philharmonic
Фейсбук/YouTube: Казахская государственная филармония им.Жамбыла
Телеграм: Филармония им.Жамбыла

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір