ТІЛІМІЗ – ҰЛТТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
09.09.2016
1424
0

azimbai-gali-1Әзімбай ҒАЛИ, 
саясаттанушы

 

Мен қайда жүрсем де қазақ болып туғанымды мақтан ететін адаммын. Өйткені, біздің халықтың  тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы еш түзетуді қажет етпейді. Басқа мемлекеттерге барғанда мен ол жақта ұзақ тұрақтай алмаймын. Себебі, маған өз ұлтымның дүбірі жетіспейді. Барған жерде сол елдің тілінде сөйлеуге тура келеді. Адамдармен тіл мен  сөз арқылы қарым-қатынас жасаймыз ғой, сонда мен  біздің қазақ тіліндей әуезді, ұғынықты  тілді кезіктіргенім жоқ. Осыдан келіп, біздің қазақ халқы «Сөз өнерін» шебер меңгергендігін, сөздің құнын білгендігін  мойындаймыз. 

Шет елдерде жүргенде менің бір байқағаным, егемендікті 60-70 жылдарда алған Араб хал­қы­ның төрттен бір бөлігі әлі күнге дейін француз ті­лінде сөйлейді. Енді бір бөлігі ағылшынша сөй­лейді. Бұл жағдайлар ұлттық дағдарысқа әке­­леді. Адам қай тілде сөйлесе, қай елдің мә­де­ниетін үйренсе, сол бағытта ойлайды. Сөз ма­ғынасының ұғынықсыздығы бір ұлттың өз ішін­де түсініспеушілік тудырады. Ал бұдан ұлт­тық негізден ажырап қалу қаупі туындайды. Біз­дің егемендік алғанымызға жиырма бес жыл уа­қыт өтті. Осы уақыттарда сөз мазмұны, еге­мендік бірлік, өткен тарихты бағалау деген ұғым­­дардың мағыналары өзгеріп кетті. Мұн­дай жағдайлар біртіндеп сана дағдарысына әкелуі мүмкін. Ана тілін білмейтін жастардың біразы басқа діни ұйымдардың жетегінде кетіп жатыр. Сөз мағынасының өзгеруі ұлттың іштей ыдырауына әкеліп соқтырады. Одан кейін айығу жол­дары болады. Ары қарай дағдарысқа кіру жол­дары бар. Өкінішке қарай, біз бұл жайттарды айналып өте алмаймыз. Бірақ аталған өз­ге­ріс­тердің, заманның өтпелі екенін түсінуі­міз керек. Әрине, әр заманда контекстер айыр­ма­шылығы пайда болады. Мәселен, «нарық» деген кеңес дәуірінде кері мағына тудырса, кейін ол алдау, тез баю деген ұғым қалыптастырады. Ал капиталистік мемлекеттерде оның әлеуметтік маңызы бар. Әрбір идеологиялық бағыттағы оның мазмұны бөлек. Мұндай өзгерістер аза­мат­тық, ұлтаралық соғыстар әкелуі мүмкін. Уа­қыт өткен сайын көзқарастар өзгеріп тұрады. Бұл заңдылық десе де болады. Тек өсіп келе жат­қан жас өркенге дәстүрімізді, ұлттық құн­дылықтарымыз бен тарихымызды жоғары баға­лауымыз керектігін, тіл тазалығын басты орын­ға қою қажеттігін жете түсіндіріп, санасы­на сіңіруіміз қажет. Сонда ғана ұлттық қауіп­сіз­дігімізді, тілімізді, руханиятымызды мәңгі­лік сақтап қаламыз деп ойлаймын.

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір