«КӨК-БӨРІ» ОҚЫРМАНДАРҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
Жуырда С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Қаламгер» әдеби қонақжайында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, айтыскер ақын Есентүгел Әзидің Алматыдағы «Жазушы» баспасынан шыққан «Көк-Бөрі» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Кеште «Мәдениет қайраткері», айтыскер ақын Нұрлыбек Қалауов, Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Нұрбол Сәдуақас, Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас маманы Гүлжан Маханова ақынның шығармашылығы туралы ойларын ортаға салды. Ақын, сазгер Орал – Қосай Байсеңгір ақынның сөзіне жазылған әнін орындаса, кітапхана қызметкері Рахила Табынбаева ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Кеш соңында қаламгер шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.