«ЕГЕУЛІ НАЙЗА» ОҚЫРМАНДАРҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Жазушы-ғалым Меңдібай Әбілұлының «Сұр жебе» роман-эпопеясының «Егеулі найза» деп аталатын үшінші кітабы Тараз қаласындағы «Формат-принт» баспасынан басылып шықты.
Романда ежелгі сақ дәуірінде өмір сүрген тарихи тұлғалар Алып Ер Тұңға (бала Мадай), Саксафар патша, Омарғи патша, Қатпыз патша, Сүрен қолбасшы, Қанышке, Тамыр қаған, сақ-массагеттердің патшайымы Дәрбике, сармат ханшайымы Аққағас, сақ амазонкаларының (жаугер әйелдер) қағаны Қазмойын, парсы патшасы Дарий, грек патшасы Филиптің балалық шағы, ұлы ойшыл Аристотель жайлы, Филиптің баласы, атақты жаулаушы Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) жайлы қызықты оқиғалар суреттелген.
Қазақ хақының ауыз әдебиетінде кездесетін абыз Күліктің адамгершілік істері, жалмауыз кемпір мен адам жейтін иттер жайлы, Күн туралы, Семсер мен Қанжар батыр туралы ертегілер мен аңыз әңгімелер шығармада орын тепкен.
Филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі,
Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің профессоры Меңдібай Әбілұлының Тараз қаласындағы «Формат-принт» баспасынан 1924 жылы жарық көрген «Сұр жебе» роман-эпопеясының «Егеулі найза» деп аталатын 3-кітабы.