«Қарғаш» оқырманға жол тартты
24.11.2025
102
0

Жуырда Абай атындағы Опера және балет театрында қазақ операсының дара дауысты теңдессіз теноры Амангелді Сембинге арналған Қали Сәрсенбайдың «Қарғаш» кітабының тұсаукесері өтті.

Кешті қарымды қаламгер эссеист-жазушы Қали Сәрсенбай ашып еңбектің маңызын атап өтті. Іс-шараға Асанәлі Әшімов бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері мен Сембиннің шәкірттері қатысты. Кеш барысында ұлы тенордың өмірі мен өнер жолын еске алып, шәкірттері мен өнер академиясының студенттері оның репертуарындағы туындыларды орындады. Шара соңында кітап қонақтарға тарту етіліп, кеш жоғары деңгейде қорытындыланды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір