СӨЙЛЕСЕ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨЗІ
12.08.2016
1387
0

0,,16728055_303,00Грамматика теориясы мен қа­зақ тіл білімінің көрнекті ма­ма­­ны, Қытайдағы Түркітану ғылы­мы­ның тұңғыш докторы Жаң Дің­жің (张定京) профессормен 1978-1993 жылдары Шыңжаң уни­­­верситеті Қытай тілдері фа­культеті қазақ тілі кафедрасында әуел­де ұстаз-шәкірт, кейіннен әріп­тес болдым. Қазірде екеуміз екі университетте қызмет ет­ке­німізбен қарым-қатынасымыз үзіл­мей, қазақ тілі және қазақ тіл бі­лімі өңірінде пікірлесіп, ой бө­лісіп, қазақ тілін оқыту мәсе­ле­ле­рі бойынша селбесіп жұмыс іс­теп те келеміз. 

Бұл күндері Бейжіңдегі Орта­лық ұлттар уни­верситеті Қытай аз ұлттар тіл-әдебиеті институты дирек­то­ры­ның орынбасары, қазақ тіл-әде­биет факультетінің деканы, аспирант жетекшісі Жаң Діңжің мырза 1956 жыл­ғы тамызда Бейжіңде дүние­г­­е келіп, 1961 жылдары әке-ше­ше­сінің қызмет бабымен әуелі ШҰАР Іле Қазақ Автономиялы облысына қарасты Қорғас, соңы­нан Шапшал ауданына қоныс­та­нып, бастауыш-орта мектепті тауыс­қан соң, 1976 жылы Шың­жаң университеті Қытай тілдері фа­культеті қазақ тілі маман­ды­ғы­на оқуға түседі. Қазақ тілі мен қа­зақ тіл білімі және грамматика өңірінде бүгінгі шыққан биігі сол күндерден бастау алады. 1979 жылы шілдеде оқуын тауысып, Шың­жаң университеті Қытай тілдері факультеті қазақ тілі ка­фед­расына оқытушы болып қа­был­данып, ұстаздық қызметін бас­тайды. 1985-1988 жылдары Шың­жаң университеті түркі тіл-әде­биет мамандығы бойынша ас­пирантураға түсіп, белгілі түр­кі­танушы ғалым, профессор Шың Шыляң мен ұйғыр тілі бі­лімінің көрнекті маманы, профес­сор Тұрды Ахметтің жетек­ші­лі­гі­мен «Түркі тілдеріндегі са­бақ­тас-құр­малас сөйлемдердің моделдерін салыстыра  зерттеу» тақырыбында ма­гистрлік  диссертациясын қор­ғап, Орталық ұлттар универ­си­теті түркі тіл-әдебиеті маман­ды­ғы бойынша докторан­тураға қа­былданады. Ежелгі түркі фило­логиясы мен Қытай қазақ фи­ло­логиясының белгілі маманы, «Қы­тайдағы бір ұрпақ түркітану­шы­лардың пірі» атанған, Германия Хумболдт қорының «Халық­ара­лық танымал оқымысты сый­­лығының», «Халықаралық Ал­тайтану ілімі алтын төсбел­гі­сі­нің (PIAC)» иегері профессор Гың Шыминнің жетекшілігімен «Қазіргі қазақ тіліндегі көмекші сөздерді синхрониялық сипаттау тұрғысынан зерттеу» тақыры­бын­да докторлық диссертациясын қорғайды. Сол жылы Орта­лық ұлттар университеті ұй­ғұр-қазақ-қырғыз тіл-әдебиеті факультетіне ауысып дәріс берумен қатар, ғы­лым­ға тыңғылықты ден қояды. 2004 жылы Қытай аз ұлттар тіл-әде­биеті институты қазақ тіл-әде­биеті факультеті құрылуына не­гіз салады.

Жаң Діңжіңнің «Оқытушы» де­ген даңқынан машақаты асып тү­сетін 40 жылға  жуық уақытын­да қа­зақ тілінің болашақ мамандарын дайындауға зейін-зердесін сар­қа жұмсап келеді. Жоғары оқу орындарындағы әрбір студенттер білім беру, оны кісілікке баулу әр­бір оқытушының міндеті әрі бо­рышы, әрине. Ал Жаң Діңжің түр­кітану және қазақ тіл білімі бойын­ша еліміздің іші-сыртын­да­ғы қытай, қазақ, ұйғыр, түрік аза­маттарынан 19 магистр, 12 док­тор (алтауы қазақстандық аза­мат) дайындады. Сондықтан да ол «Ер еңбегімен еліне қадірлі». 1992 жылы Орталық зерттеу ака­де­миясы тарих-тіл институтының «Ли Фаңкұй-Шүийің стипен­дия­сы­ның 3 дәрежелі сыйлығымен», 2004 жылы Бейжің қалалық үздік оқыту нәтижесінің 2 дәрежелі сыйлығымен, 2008 жылы Баушан бо­лат серіктестігінің мемлекет дә­режелі үздік оқытушы сый­лы­ғы­мен марапатталса, 2009 жылы Ор­талық ұлттар университетінің «Он үздік» оқытушысының құр­ме­ті­не ие болды. Жаң Діңжің күні бү­гінге дейін грамматика тео­рия­сы мен қазақ тіл біліміне қатысты «Қазіргі ұйғыр тілінің грамматикасы» (Шынжаң халық баспасы), «Түркі тілдерінің салыс­тырмалы лингвистикасы», (Шынжаң ха­лық баспасы), «Қа­зіргі қазақ ті­лі­нің көмекші сөз­дері» (Бейжің: Ұлт­тар баспасы), «Қазіргі қазақ тілі­нің қолданыл­малы граммати­касы» (Бейжің: Орталық ұлттар университеті баспасы), «Қазақ тілі сөйлесімі – 366 сөйлем үлгісі бойынша» (Бейжің: Қоғамдық ғы­лымдар деректері баспасы), «Субс­тан­ция­лық грамматика тео­риясы немесе қазақ тілі сипат­тамалы грамматикасының мето­ди­касы» (Бейжің: Орталық ұлт­тар уни­верситеті баспасы) атты монографиялары мен әріптестерімен бірлесе жазған қа­зақ тілінің әралуан проблемалары қақын­дағы кітаптары зиялы жұрт көке­йінен орын тауып, Орталық ұлттар университеті та­рапынан таңдаулы мақала сый­лығын ен­шіледі. «Қазақ тілі си­паттамалы грамматикасының ме­тодикасы» атты мақаласы «Тіл жә­не жаһандау: Қазір және бо­лашақ атты халықаралық кон­ференциясының ғылымы ма­қа­ла­лар жинағына» (Алматы), «Субс­танциялық грамматика жә­не қазақ тілінің сипаттамалы грам­матикасы» атты мақаласы Қа­зақстан Республикасы әл-Фа­ра­би атындағы Қазақ Ұлттық уни­верситеті «Қазақ тілін ком­му­никативтік, функциялық ба­ғыт­та зерттеу және оқытудың Инновациялық технологиялары атты конференция материалдарына» (Алматы), «Қазақ тіліндегі зат есімдерді танытатын қос көр­сеткіш» атты мақаласы «Адам, тіл, мәдениет атты халықаралық ғы­лыми теориялық конференция мақалалар жинағына» (Алматы), «Қазақ тілінің ақпарат көзі категориясы» атты мақаласы «Қазақ тіл білімі: жаңа ғылыми парадигмалар мен оқытудың Инновациялық технологиялары атты ғылыми-теориялық конференция мақалалар жинағына» еніп, шетел мамандарының назарын аударды.

Жаң Діңжің қазіргі кезде Ор­талық ұлттар университеті, Шың­­жаң университеті, Іле педа­го­гикалық институты секілді жо­ғары оқу орындарындағы ма­ма­н­дарды ұйымдастырып, жо­ға­ры оқу орындарына арналған «Қа­зақ тілінің желілес оқулығы» (21 кітаптан тұрады) баспаға дайындау үстінде. Алғашқылары жа­рық көріп, қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту жайы қолға алын­ды.

Осы тұрғыда қарастырғанда ғалымның аталған еңбектері ара­сы­нан «Қазіргі қазақ тілінің кө­мекші сөздері», «Қазіргі қазақ ті­лі­н­ің қолданылмалы граммати­касы», «Субстанциялық грамматика теориясы немесе қазақ тілі сипаттамалы грамматикасының методикасы» атты монографияларын ерекше атауға болады.

Автордың «Қазіргі қазақ тілі­нің көмекші сөздері» атты монографиясы маңызы жағынан қазақ тіл білімі өңіріндегі тұңғыш ең­бек. Автор бұл монографиясында 56 септеулік шылау, 78 жалғаулық шы­лау, 59 демеулік шылау, 24 кө­мекші етістік, бір мезгілдік шылау мен бір құрылымдық шылау, жиыны 229 көмекші сөздің басын бір жерге қосып, түрлі категория­лар­ға жіктеп, әрбір шылаудың эти­мологиясын, грамма­ти­калық мағынасын мысалдармен жан-жақты ашып береді. Біз бұл еңбекті өзге ұлт мемлекеті өкіл­дері­не қазақ тілін екінші тіл ре­тін­де оқытудың тамаша оқулығы әрі аударма мәселесіндегі қол­данбалы ретінде қабылдауға бо­ла­тынын мойындаймыз.

Автордың «Қазіргі қазақ тілінің қолданылмалы граммати­касы» атты монографиясы дәс­түр­лі грамматика мен құрылым­дық грамматикаға үйлестірілім ре­тінде мектеп грамматикасы не­гізін құрайды, әрі қытай сту­денттерінің қазақ тілін үйрену ба­рысында кездесетін қиын­дық­тарды жеңілдетуді меңзейді. Ав­тор осы негізде қазақ тілінде кез­десетін грамматикалық бар­лық құбылыстарды жан-жақты си­паттауды мақсат етеді. Бұл ең­бектің тосын әрі тың сезілетіні сон­дықтан. Мысалы, негізгі сөз­дерді тоғыз тапқа: зат есім, етіс­тік, сын есім, сан есім, мөлшерлік, үстеу, есімдік, еліктеуіш, одағай; кө­мекші сөздерді алтыға: сеп­теулік шылау, жалғаулық шылау, демеулік шылау, көмекші етістік, мезгілдік шылау және құрылым­дық шылау деп жіктейді. Етістік­тің шақтарын өз қабылдауынша саралайды. Осы шақтың төрт түрін, өткен шақтың он жеті тү­рін, келер шақтың тоғыз түрін атап көрсетеді. Қазақ тілінде тұр­пат категориясы бар дейді де, же­текші етістік пен көмекші етіс­тік тіркестерінен туындаған түр­лі грамматикалық мағыналарды бес жікке бөліп, оның 72 үлгісін көрсетеді. Мұндай көзқарастар сөз таптары төңірегінде көптен кездеседі. Автордың грамматика­лық бірліктер туралы жаңаша бай­ламы грамматика теориясы өңі­ріндегі тың бұрылыс деп са­най­мыз. Аталған Еңбек 2005 жы­лы «Бейжің қаласы сара оқу­лық­тар» сараптамасында «Сара оқу­лық» сыйлығын алды. Ав­тор­дың «Субстанциялық грамма­тика теориясы немесе қазақ тілі сипаттамалы грамматикасының методикасы» атты монографиясы қазақ тілінің табиғи материалдарын пайдаланып, қазақ тілі сипаттамалы грамматикасын арқау етіп, грамматикалық зерттеудің методикасын негіздеуге түрткі бо­лады. Монография – грамматика саласындағы «Нені зерттеу», «Қалай зерттеу» сынды екі түрлі көкейкесті мәселеге жауап беруді мақсат тұтқан. Автор қазақ тіл білімі мен түркітану ғылымына ға­на емес, жалпы тіл біліміне со­ны ой, тың тұжырымдар қосты. Осы орайда Қытайдың әйгілі тіл маманы Дәй Чыңша «Өз то­пы­рағымызда дүниеге келген, Жоң­гоша ерекшелікке ие, грам­матика теориясы саласындағы бұл тың туынды Алтай тілдерін тану үшін ғана емес, тіпті, Хан-Заң сынды аналитикалық тіл­дер­дің грамматикасын тануға да ме­тодикалық бағдар болады, оның үстіне, аталған туынды бұ­дан былайғы грамматика тео­рия­сының дамуына орасан зор ы­қпал ететіне сенемін» дегенін ес­ке сала кеткен артықтық болмас. Ал біз «Субстанциялық грам­матика теориясы немесе қа­зақ тілі сипаттамалы грам­ма­ти­ка­сының методикасы» теориялық ұста­нымы, ішкі логикалық жүйе­сі, қалыптасқан терминологиясы бар ғылыми еңбекті қазақ тіл бі­лі­мінің жаңа бір мектебіне не­гіз салды деп айта аламыз.

Профессор Жаң Діңжің Қытайдың іші-сыртындағы әйгі­лі уни­верситеттеріне шақырыс­пен жа­саған шығармашылық ісса­пар­лары қаншама. Оның еліміз­ден тыс Қазақстан, Түркия, Швеция, Германия елдеріндегі белгілі уни­верситеттерге жасаған 62 шы­ғармашылық сапары осы­ның дә­лелі. Ол қайда, қандай кон­фе­рен­цияларда да қазақ тілі, қазақ тіл білімі, қазақ тілін оқыту мә­се­лелерін тереңінен толғай­ды.

Жаң Діңжің 2016 жылғы 8-9 сәуір күндері Орталық ұлттар уни­верситетінде «2016 <Жібек жо­лы өркениеті: қазақ филологиясы>» атты халықаралық конференция ұйымдастырып, кон­фе­ренцияны қытай, қазақ тіл­­­дерінде жүргізіп, шақыртумен кел­іп қатысқан академик Сейіт Қасқабасов бастаған қазақ­стан­дық мамандарды еліміздің ыстық ықыласына бөледі. Жаң Діңжің 2005 жылғы сәуірдің 28-30 күн­дері «тұңғыш рет өткізілген ке­­зекті қазақ тіл мәдениеті» атты кон­ференциядан қазірге дейін ме­млекеттік және халықаралық дең­гейдегі шаралардың сегізін ұйым­дастырды.

Ол мемлекеттік, қоғамдық ғы­лымдар қоры нысанның тірек­ті маманы, Қытай түркі тілдерін зерттеу қоғамы төрағасының орынбасары, Қазақстан Респуб­ликасы Л.Н.Гумилев атындағы Еу­разия Ұлттық университеті се­кіл­ді 4 оқу ордасының шетелден ұсыныспен шақырылған док­торантурасы бойынша жетек­ші ұстазы әрі құрметті профессоры.

Ол кісінің кісілігі, кішілігі, ұл­таралық қатынастардағы өзін­дік ұстанымы шәкірттеріне үлгі-өнеге.

Әлімсейіт ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ,
Шыңжаң университеті
Қазақ тіл-әдебиеті кафедрасының профессоры.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір