«Қазақтың тұңғыш архивариусы»
26 қаңтар күні Ұлттық кітапханада жазушы, драматург-сценарист, тарихшы-архивист Амантай Сатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай режиссёр А.Махмұтовтың «Қазақтың тұңғыш архивариусы» атты деректі фильмінің тұсаукесері өтті.
Салтанатты жиынды Қазақстан әлеуметтік ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов құттықтау сөзімен ашты. Қазақстан Жазушылар одағы басқарма Төрағасының орынбасары, ақын Қасымхан Бегманов Амантай Сатаевтың шығармашылығына терең тоқталып, мағыналы баяндама жасады.
Сонымен қатар жазушы-публицист Бейбіт Қойшыбаев, ҚР Кинематография одағының мүшесі, отыздан астам деректі фильмдердің авторы, халықаралық кинофестивальдердің жүлдегері, документалист-режиссёр Сатыбалды Текеев, режиссёр-оператор Асқар-Мұхит Нарымбетов, «Қазақтың тұңғыш архивариусы» деректі фильмінің авторы, режиссёр-оператор Асқарбек Махмұтов фильмнің түсірілуі мен тақырыбының маңызы жайлы пікірлерін айтып, Амантай Сатаевтың тұлғалық болмысын ашар ойларымен бөлісті, жаңа туындының өмірге келуімен құттықтады.
ПІКІРЛЕР1