ҚАЗАҚТЫҢ ХАСЕНІ
11.05.2023
208
0

Биыл белгілі қоғам қайраткері, журналист, алаштанушы тұлға Хасен Оралтайдың туғанына 90 жыл толды. Соған орай Алматы қаласында «Хасен Оралтай және ел тәуелсіздігі үшін қызмет етудің құндылығы» атты халықаралық конференция ұйымдастырылып, қайраткердің өмірі мен еңбек жолы жайлы жан-жақты баяндамалар жасалды.

Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында өткен ғылыми конференцияға ғалымдар мен ұстаздар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ Алматы қаласының «Өжет» ықшамауданында Хасен Оралтай атындағы көше ашылды.
Ел тәуелсіздігі үшін қажырлы еңбек еткен тұлғаның мерейтой қарсаңындағы ауқымды шаралар қарашаңырақ — Әкемтеатрда жалғасты. Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Мұхтар Әуезов атындағы академиялық ұлттық драма театрында Халифа Алтай мен Хасен Оралтайдың шығармалары негізінде дайындалған «Алтайдан ауған ел» қойылымын сахналады. Ел тағдыры өзек болған спектакль көрермендерді ерекше сезімге бөледі.
Халифа Алтайдың туындысы мен Хасен Оралтайдың «Елім-айлап өткен өмір» шығармасының желісінде жазылып, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лау­реаты Фархат Молдағали режиссерлік еткен қойылымда көш көрінісі басты сюжетті құрайды. Бодандыққа көнбей, жанын тәуекелге байлап, шекара асқан бозбаланың тәуелсіздік тұсында атамекенге қария болып қайта оралуы – тұтас ұлттың талайлы тарихын танытады. Зұлмат жылдардың бедерін, ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолын көрсеткен бұл қойылымнан көпшілік үлкен әсер алды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір