ЖАЗУШЫ-ДРАМАТУРГТІҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ
02.06.2026
41
0

Қазақстан Жазушылар одағында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың 80 жасқа толуы құрметіне арналған басқосу өтті.

Іс-шараға арнайы келген Кітап палатасының директоры Асхат Байұзақов мерейтой иесіне Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хатын тапсырып, жазушыға шығармашылық табыс тіледі.
Жылы шырайлы кездесуде Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов саналы ғұмырын қазақ мәдениеті мен әдебиетін өркендетуге арнап, отандық баспасөз бен театр өнерінің дамуына сүбелі еңбек сіңірген мерейтой иесін құттықтап, деніне саулық, еңбегіне жеміс тіледі.
Өз кезегінде Сұлтанәлі Балғабаев жазушының еңбегін ескеріп құттықтау жолдаған Министрге шынайы ризашылығын білдірді.

Өз тілшіміз

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір