Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары  «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
07.06.2024
789
0

2023 жылдың 24 қазанында Қазақ ұлттық университетінің әл-Фараби кітапханасында өткен Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушыларына арнайы марапаттар табысталды. Солардың қатарында шығыстану факультетінің деканы Ем Наталья Борисовна және Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Боранкулова Самал Кеңесовна Алматы қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімінің бастығы Кудайбергенова Рената Еркиновна «Ерен еңбегі үшін» медалімен және Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Қыдырбаев Бектияр Мырзабаевич Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының алғыс хатымен марапатталды.

Кафедра ұжымының атынан осындай керемет жетістіктерге жетіп, аталған арнайы марапаттарға ие болған құрметті оқытушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Құрметті әріптестер, сіздерге денсаулық, шығармашылық табыс және отандық шығыстану ғылымын дамыту жолында жаңа жетістіктер тілейміз!

            Мақала жолдаушы: Маулит Б.

Мақала авторы:    Тазабекова Г.Б.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір