Жазушы жерлестерімен кездесті
11.11.2024
155
0

Қызылорда облысы, Жаңақорған аудандық кітапханасында белгілі жазушы-журналист, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Омар Бәкірұлының әдеби сырласу кеші өт­ті.
Жаңақорған ауданының түлегі, қаламгер О.Бәкірұлы республика оқырмандарына «Нәубет жылдарында» очерктер, әңгімелер жинағымен,
«Е.Г. Бру­силовский – әйгілі сазгер», «ХХ ғасырдан тәбәрік» «Өмір белестері» ат­ты повестерімен жақсы таныс. Қаламгердің 70 жылдық мерейтойы­на, шығармашылық қызметінің
45 жылдығына арналған әдеби кеште жазушының жаңа кітабы – «Өнер саңлағы» повесі аудан оқырмандарына таныстырылып, тұсаукесер рәсімі жасалды. Бұл повесте халық ақыны Нартай Бекежановтың шығармашылық қызметі, Отанға сіңірген мол еңбегі, өнегелі өмірі шынайы баяндалған.
Әдеби кеште жиын модераторы Омар Бәкіровтің өмірбаянына, шығармашылығына тоқталып, жазушының мерейтойы құрметіне ашылған көрмемен таныстырды. Содан соң Әділбек Өмірбеков жазушының шығармашылық қызметі хақында қысқаша баяндама жасады. Өз кезегінде сөз алған О.Бәкіров кеш қонақтарының сұрақтарына тұшымды жауап бере отырып, журналистік, аудармашылық қызметі, алдағы уақыт­тағы шығармашылық жоспары туралы әсерлі әңгімелеп берді. Сондай-ақ кеш қонақтарының атынан журналист, ақын, сықақшы Файзолла Сахиев сөз сөйлеп, жаңа өлеңін тебірене оқыды.

Ә.Исламханұлы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір