«НАУРЫЗ – ДУМАН»

Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінде «Наурыз – думан» атты жыр кеші өтті. Жыр кешіне ақын, аудармашы, философия докторы (PҺD), әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Абай» ғылыми-зерттеу институтының профессоры Төрегелді Тұяқбай, ақын, Қазақстанның Құрметті жазушысы Шаяхмет Алжанбай және ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты Бақытбек Бәмішұлы қатысып, Наурыз мейрамының мәні мен маңызы туралы ой бөлісіп, өлеңдерін оқыды. Музей кешенінің кітапханасына кітаптарын сыйлады.
Кешті Музей кешенінің аға ғылыми қызметкері, ақын Әділғазы Қайырбеков жүргізіп отырды. Шараға зиялы қауым өкілдері, Логистика және көлік академиясының, Алматы колледжінің оқытушысы Сандуғаш Өзбекова студенттерімен қатысты.